43
экологиялық дағдарысқа келіп тірелген
адамзатқа қаншалықты қажет
десеңізші!!!
Ал үнді философиясының негізгі қағидаларының бірі – ахимсаны
(ешқандай тіршілікті жәбірлемеу) алсақ, оның мән-мағынасы да осы
уақытқа шейін соғыстан құтыла алмай келе жатқан адамзатқа сабақ
болатындай. Мұндай мысалдарды көбейте беруге болар еді.
Қорыта келе,
біз оқырманды философия тарихын жете меңгеруге
шақырамыз. Оның шеңберінде телегей-теңіз дана ойлар, нәзік дүние-
сезімді, таңғаларлық ой-өрістерін табуға болады. Ол сіздің өзіңіз-
дің ой-өрісіңізді кеңейтіп, дүниеге
терең көзқарас қалыптастырып,
өміріңіздің терең мән-мағынасын табуға көмектеседі.
Ендеше, сол философия тарихына саяхатымызды бастайық.
Философияның дүниеге келу мәселесі
Философияның дүниеге келген уақыты ғылымда нақтылы көр-
сетілген. Жалпы алғанда, б.ғ.д. VI-V ғ.ғ. Шығыста да, Батыста да адам-
заттың ұлы ойшыл-бабалары өмірге келіп, философиялық ой-пікірді
туғызды. Олар: Қытайда – Лао-Цзы, Кон-фу-Цзы, Парсы елінде – Зара-
тустра, үнді елінде –
Гаутама Сидхартха, соңынан Будда (ағарған)
аталған, Грецияда – Сократ, Фалес, Анаксимандр т.б., Палестинада –
Илия, Исая, Иеремия т.б.
XX ғ. немістің ұлы философы К.Ясперс бұл заманды
«кіндікті
уақыт» дейді. Өйткені бұл заманға дейінгі адмзаттың өмірі шектеліп,
қайталана беретін өте баяу рухани өмірдің негізінде өтіп жатты және
оның өзі саналы түрде танылмаған болатын.
Ал «кіндікті уақыт» келген заманда: «Адам
болмыстың өзін және
өзінің шекарасын сезінеді, алдына ең биік мақсаттар қойып, өзінің
санасының тұңғиығынан абсолютті таниды.
Осының негізінде фило-
софтар дүниеге келді. Адам жеке пенде ретінде тәуекел деп, өзін бүкіл
дүниеге қарсы қойды», – дейді К.Ясперс.
Ал мұның себебін іздей келе, К.Ясперс діни жауапқа жақындап
қалғанмен: «Бұл мәселе шешілмеген, ашық сұрақ», – деген пікір айтады.
К.Ясперстің бұл айтқан сөздерін қорытсақ,
философия адам
рухының оянған кезінде, яғни оның өзіндік сана-сезімі пайда болып,
өзін-өзіне, басқа адамдарға, бүкіл дүниеге қарсы қоя алатын уақытында
дүниеге келеді.
Әрине, философияның дүниеге келу мәселесін идеалистік жолмен
түсіну, белгілі бір «құдіретті күшке», «абсолюттік идеяға», «абсолюттік
рухқа» сілтеуге әкеледі. Ол бізді қанағаттандырмайды. Сол себепті осы
мәселені материалистік тұрғыдан талдап көрелік.