Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет29/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   422
дәуіріне өтумен тығыз байланысты. Темірді игеру адамзат тари-
хына түбегейлі өзгерістер әкелді. Соқаның басына кигізілген үшкір 
темір жерді терең жыртуға, яғни оны өңдеуді жетілдіруге әкелді. 
Нәтижесінде мол өнім алынып, байлықтың көзі ашыла бастады. 
Қоғамдық қарым-қатынастардың дамуы тереңдей түсіп, әсіресе ерекше 
атап өтуге тұратын – ақшалық-тауарлық байланыстар тез өсті. 
К.Маркстің уақытында айтқанындай, алтынның «сезімдік заттық» 
мағынасынан өтіп, адамдар оның «абстрактілік» құдіретті қасиетін 
ашты. Алтынның ең құдіретті қасиеті – оны басқа заттарға теңеу 
мүмкіндігі. Әрине, алтынды қолға алып, оны көзбен көріп, салмағын 
байқап, тіске салып жұмсақтығын анықтауға, оны «сезімдік зат» 
ретінде қарауға әбден болады. Бірақ, сонымен қатар ой арқылы белгілі 
алтын көлемін төрт қойға, болмаса екі сиырға, жылқыға теңеуге 
де болады, яғни адамдар заттардың құнын анықтап, оларды бір-
бірімен салыстыра алатын жағдайға көшеді. Мұның өзі адамдардың 
абстрактілік ойлау дәрежесін көтеріп, қоғамдық сананың пайда 
болуына әкеліп жеткізді.
Темір заманында болған үлкен өзгерістердің бірі – ол интеллиген-
цияның (іntellegens – лат. сөзі, ақылды) дүниеге келуі. Яғни байлық 
көзін өсуінің негізінде дене еңбегінен арылып, өзінің өмірін толығынан 
ой еңбегіне арнаған адамдардың (дін қызметкерлері, өнердің әр түрімен 
айналысатындар, ойшылдар, тарихшылар т.с.с.) пайда болуы.
Осы ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі ғылым мен өнердің өте тез 
дамуына, дүниеге деген философиялық көзқарастың тууына өзінің зор 
әсерін тигізді. Тағы да К.Ясперсті тыңдасақ, «Адамның рухани оянған 
кезінде, басқа ғылымдардан бұрын философия пайда болады».
§ 2. Көне Қытай мәдениеті аясындағы философия
Өз уақытында Гегель айтқандай, Күннің өзі шығыстан шыққаннан 
кейін, біз де философияның тарихын Шығыс елдерінен бастаймыз.
Бірақ мұның өзі «шығыстық» тұжырымға әкелмеуі керек. Жоғары-
дағы көрсеткеніміздей, философия бір уақытта дүние жүзінің кемінде 
үш жерінде – Қытай, Үнді, Грекияда дүниеге келеді. Философияның 
мәселелері бір болғанымен, бұл үш цивилизация оларға үш түрлі 
жауап береді, ұқыпты оқырман оны оқыған кезде байқайды ғой деген 
үміттеміз.
Сол үш цивилизацияның бірі – ұлы Қытай елі. Ол – бүгінгі таңда 
заманның қойған Талабына сәйкес жақсы Жауап тауып, өте тез дамып 
келе жатқан ел. Ғалымдардың айтуына қарағанда, XXI ғасырдың оты-


45
зыншы жылдарында Қытай дүние жүзіндегі ең дамыған елге, дүние 
жүзінің экономикалық орталығына айналмақ.
Қытай елінде болып жатқан жаңару үдерістері сол елдің терең 
түп-тамыры – 4-5 мың жылға кететін мәдениетімен, сол халықтың 
дүниетанымы мен дүние сезімі (менталитеті), философиясымен бай-
ланысты. Синологтардың (қытайтанушылар) айтуына қарағанда, 
Қытайдың моральдық философиясының негізгі қағидалары бүгінгі 
заманның талабына сай келіп, реформаларды жеделдетуге өзінің зор 
ықпалын тигізуде.
Ендеше, сол халықтың тудырған философиясын зерттеп, өзімізге 
керек жақтарын ойымызға түйейік.
Қытай философиясына кіріспестен бұрын, бір-екі ауыз сөзді осы 
халықтың мифологиясына арнау керек, өйткені қай халық болса да, 
оның мәдениеті мен философиясының түп-тамыры, қайнар көзі сол көне 
аңыздарға барып тіреледі. Қытай аңыздарында дүниенің жаратылуына 
көп көңіл бөлінген. «Алғашқы тұңғиықтың (хаостың) ішінде үлкен 
жұмыртқа пайда болып, оның ішінен дәу алғашқы адам – Пань-Гу 
шықты», – дейді Қытай мифологиясы. Содан кейін ол оң қолымен 
сермеп қалғанда, хаос қақ жарылып, жер мен аспан пайда болыпты. 
Ары қарай оның тынысы желге айналып, дауысынан Күн күркірейді, 
бір көзінен Күн туса, екіншісінен Ай пайда болады, Дүниенің төрт 
бөлігі оның екі қолы мен екі аяғынан, өзендері оның қанынан, жаңбыр 
шыққан терінен пайда болыпты.
Қытай мифологиясында Дүниенің екі бастауы – еркектік жағы – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет