Дәріс кешені пән: Дәрілердің өндірістік технологиясы Пән коды: dot 2304 ббб: «Фармация»


Дәрілік заттардың гидролизі және оны болдырмау жолдары



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата10.10.2022
өлшемі488.01 Kb.
#462291
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Лекция ДӨТ 2 курс ускорен. 2020-21 каз

 Дәрілік заттардың гидролизі және оны болдырмау жолдары. 
Гидролиз - әртүрлі заттар мен су арасында жүретін ион алмасу реакциясы. 
Гидролизге заттардың әртүрлі топтары шалдығады. Бұлар тұздар, эфирлер, белоктар
көмірсулар, майлар және т. б. Оның ең маңызды түрлерінің бірі – тұздардың гидролизі, 
оның дәрежесіне тұздың химиялық табиғаты, температура, тұздың концентрациясы
ерітіндінің рН ортасы әсер етеді. 
Тұздың химиялық табиғаты оны түзетін қышқыл мен негіз күші бойынша 
анықталады. Тұздың компоненттері неғұрлым әлсіздеу болса, соғұрлым гидролиз өнімдері 
әлсіз диссоциацияланады және гидролиз дәрежесі соғұрлым күшті болады. Гидролизге тек 
компонеттерінің біреуі немесе екеуіде әлсіз болып келетін тұздар ғана шалдығады. Күшті 
негіздер мен қышқылдардың тұздары, мысалы, натрий хлориді, гидролизге ұшырамайды 
және олардың сулы ерітінділерінің ортасы бейтарап болады. 
рН. Тұздар ерітінділеріндегі Н
+
және ОН
– 
иондарының концентрацияларын өзгерте 
отырып, гидролизді керекті жаққа бағыттап, басқаруға болады. 
Температура. Температура жоғарылаған кезде судың диссоциациялану дәрежесі 
күрт көтеріледі және ерітіндіде Н
+
және ОН

иондарының концентрациясы жоғарылайды. 
Демек, осы иондардың аз диссоциацияланатын гидролиз өнімдерін түзе, тұз иондарымен 
қосылу мүмкіндігі де жоғарылайды. 
Тұздың концентрациясы. Ерітіндіні сумен сұйылтқанда, егер тұздың 
компоненттерінің бірі күшті электролит болса, онда гидролиз күшейеді. 
Гидролиздің үш түрі болады: 
1. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі: 
2. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі.
3. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі.
4. Органикалық қосылыстардың гидролизі. 
4. ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ: анықтамалық материалдар мен кестелер
слайдтар түрінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет