Дәріс кешені пән: Дәрілердің өндірістік технологиясы Пән коды: dot 2304 ббб: «Фармация»



Pdf көрінісі
бет16/27
Дата10.10.2022
өлшемі488.01 Kb.
#462291
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Лекция ДӨТ 2 курс ускорен. 2020-21 каз

Ампулаларды дәнекерлеу. 
Ампулаларды дәнекерлеу олардың ішіндегі ерітінді қызып кетпейтін болып тез 
жүргізілуі керек. 
Дәнекерлеу үш тәсілмен газды шілтерлермен жүргізіледі: 
1) капиллярлардың ұшын балқытып дәнекерлеу; 
2) капиллярларды созу; 
3) электрлік қыздыру
Барлық ампулалар дәнекерлену сапасына бақылаудан өтеді. Бұл үшін үш тәсіл 
қолданылады: 
1) Кассетадағы ампулаларды камераға капиллярларын төмен қаратып орналастырады. 
Камерадан ауаны сорып алады және ауаны сұйылтады. Нашар дәнекерленген 
ампулалардан осы кезде ерітінді жартылай немесе толық ағып түседі. 
2) Кассетадағы ампулаларды боялған су құйылған ыдысқа салып, мысалы, метилен 
көгі, толық батырып, 20-25 минут бойына 100±20 кПа қысым тудырады, сонан соң оны 
төмендетеді. Тығыз дәнекерленбеген ампулалар мен флакондар ішіне боялған ерітінді 
кіріп кетеді. 
3) Үшінші тәсіл ампула ішіндегі газды ортаның жоғарғы жиілікті электр тогы 
әсерінен (20-50 МГц) жарық таратуын көзбен шолып бақылауға негізделген. Ампула 
ішіндегі қысым қалдығының мөлшеріне байланысты әр түсті жарық тарату байқалады.
Дәнекерленген және дәнекерлену сапасы бағаланған ампулалар стерилдеуге 
жіберіледі. 
Инъекциялық препараттарды стерильдеу тәсілдері. 
Стерильдеу (лат. sterilis) – объектегі тіршілікке икемді барлық микроорганизмдер 
мен олардың спораларын толық жою немесе олардан тазарту болып табылады. Бұл кезде 
стерилденетін заттардың қасиеттері өзгермеуі керек. Стерилдеудің физикалық және 
химиялық тәсілдері болады. 
Физикалық тәсілдерге қыздырып стерильдеу, жоғарғы жиілікті токтармен 
стерильдеу, ультракүлгін және радиациялық сәулелермен стерильдеу, ультрадыбысты 
стерильдеу және стерильді фильтрлеу жатады. 


Дәрілер технологиясы кафедрасы 
044-43/19 - (2020-21) 
28 беттің 17 беті 
«Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәні бойынша дәріс кешені 
Медицинада ең кең қолданылатын тәсіл – бумен немесе құрғақ ыстықпен қыздырып 
стерильдеу. Қыздырып стерильдеу микробтық клеткаларды пирогенетикалық ыдырату
ақуыздардың қайтымсыз коагуляциясы немесе микроорганизмдердің ферменттік 
системаларын бұзуға негізделген. 
4.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет