Дәріс кешені пән: Дәрілердің өндірістік технологиясы Пән коды: dot 2304 ббб: «Фармация»



Pdf көрінісі
бет17/27
Дата10.10.2022
өлшемі488.01 Kb.
#462291
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Лекция ДӨТ 2 курс ускорен. 2020-21 каз

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: кестелер, үнсіз карталар слайдтар түрінде. 
5.
ӘДЕБИЕТ ҚОСЫМША 1 КӨРСЕТІЛГЕН 
6.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ: 
1. Ампулаларды ерітінділермен толтыру қандай тәсілдермен жүргізіледі? 
2. Ампулаларды дәнекерлеу қандай тәсілдермен жүргізіледі? Дәнекерлену сапасын 
бақылау тәсілдерін атаңыз. 
3. Ампулданған препараттар сапасы қалай бағаланады? 
4. Стерильдеудің қандай тәсілдері бар?
5. Ампулалар этикеткалауға қандай автомат қолданылады? 
 
ДӘРІС № 10 
1. 
ТАҚЫРЫБЫ:Фармацевтикалық өндірісте суспензияларды, эмульсиялар мен 
жағар майларды дайындау ерекшеліктері және олардың технологиясын жетілдіру. 
Сапасын бағалау. 
 
2. 
МАҚСАТЫ:Фармацевтік 
өндірісте 
жұмсақ 
дәрілік 
түрлерді 
дайындау 
технологиясының ерекшеліктерімен таныстыру және дәрілік заттардың биологиялық 
тиімділігін қамтамасыз ететін факторларды оқып үйрету. 
3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:  
1. Жағар майлардың жіктелуі. Жағар май негіздері, сипаттамасы.
2. Жағар майлардың өндірістік технологиясы, дайындау ерекшеліктері, қолданылатын 
қондырғылар.
3. Өндірістік жағдайда суспензиялар, эмульсиялар дайындау технологиясы. Аппаратура. 
4. Жұмсақ дәрілік түрлердегі дәрілік заттардың биологиялық тиімділігін қамтамасыз 
етуші факторлар. 
Жағар майлар ең алдымен дерматологияда, этиологиясы әртүрлi ауруларды емдеуде, 
сонымен қатар офтальмологияда, отолориногологияда, проктологияда, гинекологияда 
және медицинаның басқа да салаларында қолданылатын дәрiлік түр. Емдеу, 
профилактика, ал кейде диагностика мақсатымен қолданылатын жағар майларды 
медициналық деп атауға болады.
Жағар майлар жеке қорғаныш құралдары ретінде де өте кең қолданылады. Олар 
өндiрiсте қолдың терiсiн, дененің ашық жерлерiн органикалық еріткiштердiң, 
қышқылдардың, сiлтiлердiң және тағы да басқа химиялық тiтiркендiргiштердің жағымсыз 
әсерiнен қорғайды. Осындай жағар майлардың әсерi терi мен қолданылатын 
тiтiркендiргiштiң арасында сыртқы ортаның жағымсыз әсерiнен қорғайтын жасанды қабат 
түзілуіне байланысты.
Сонымен қатар, электродты жағар майлар мен пасталар да белгiлi, олар биотоктарды 
тiркеу үшiн, мысалы, электрокардиографияда, электромиографияда қолданылады. 
Электродты жағар майлар мен пасталардың негiзгi мiндетi - терi, шырышты қабық пен 


Дәрілер технологиясы кафедрасы 
044-43/19 - (2020-21) 
28 беттің 18 беті 
«Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәні бойынша дәріс кешені 
электродтар арасындағы жанасуды жақсарту және осы электродтарды бекiту болып 
табылады.
Жеке топқа косметикалық жағар майларды бөлiп шығаруға болады. Олар терiнi 
жұмсарту және қоректендiру үшiн, пигменттi дақтарды және терiнiң басқа да 
кемшiлiктерiн кетiру үшiн қолданылалы. Қолданылуына байланысты косметикалық жағар 
майлар: гигиеналық, емдiк-профилактикалық және декорациялық (сәндiк) болып бөлiнедi.
Құрамында витаминдi, гормонды және т.б. препараттар бар, терiнi қоректендiру үшін 
қолданылатын жағар майларды емдiк (медициналық) деп қарастыруға болады.
ТМД елдерiнде жағар майлар өндiрiсi 15-тен астам iрi химиялық-фармацевтік 
зауыттарда жинақталған.
Емдiк (медициналық) жағар майлар қолданылу жерiне байланысты келесi топтарға 
бөлiнедi.
а) дерматологиялық - Unguеnta dermatologica
б) мұрын жолдарына арналған жағар майлар – Unguenta nasales
в) көз майлары – Unguenta ophtalmica
г) уретральды жағар майлар – Unguenta uretrales 
д) вагинальды жағар майлар – Unguenta vаginales
ж) ректальды жағар майлар – Unguenta rectales 
Жағар майларды осы топтарға бөлудiңәрi технологиялық, әрi биофармацевтiк 
тұрғыдан белгiлi мағынасы бар. Технологиялык тұрғыдан мұндай топтау технологиялық 
операциялардағы ерекшелiктердi көрсетедi. Мысалы, шырышты қабықтарға, жараларға, 
күйiк беттерiне жағуға арналған майлар асептикалық жағдайларда дайындалуы керек. Көз 
ауруларын емдеуге арналған суспензиялық майларда дәрiлiк заттар өте майда ұнтақталуы 
керек. Ал технологиялық операцияларды, олардың жүйелiгiн iрiктеп алу биофармацевтiк 
тұрғыдан дәлелденуi керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет