Дәріс кешені пән: Дәрілердің өндірістік технологиясы Пән коды: dot 2304 ббб: «Фармация»



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата10.10.2022
өлшемі488.01 Kb.
#462291
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Лекция ДӨТ 2 курс ускорен. 2020-21 каз

3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ: 
1. Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын шаншуға арналған дәрілік 
түрлер.
2.
Өндіру жағдайлары. Бөлмелер тазалығының кластары.
3.
GMP талаптары. 
Инъекциялық ерітінді – бір немесе бірнеше дәрілік заттарды еріту жолымен алынған, 
парентеральды қолдануға арналған сұйық дәрілік түр. 
Қазіргі заманғы медицинаны дәрілерді парентеральды қолдану тәсілінсіз қөз алдымызда 
елестету мүмкін емес. 


Дәрілер технологиясы кафедрасы 
044-43/19 - (2020-21) 
28 беттің 11 беті 
«Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәні бойынша дәріс кешені 
Дәрілерді организмге парентеральды енгізу тәсілінің пайда болуы және шприцті ойлап 
шығару медицинада маңызды оқиға болып табылады және оны басқы ғылымдар 
саласындағы үлкен жетістіктермен бір қатарға қоюға болар еді. 
Емдеу мекемелері дәріханасында дайындалатын дәрілік түрлердің 60%-дан астамы, 
ал шаруашылық есептегі дәріханаларда дайындалатын дәрілік түрлердің 1%-ға жуығы 
инъекцияға арналған ерітінділер екені көптеген зерттеулер нәтижесінде анықталды. 
Петербург фармацевті, профессор А.В.Пельдің 1885 жылы ампуланы ойлап табуы 
стерильді дайындалатын дәрілердің болашағына көп мүмкіндіктер ашты. 
Ампулалардың ең негізгі артықшылығы – стерильді дәрілер қорын және оны 
дозаланған (дозалар бөлінген) түрде жасауға мүмкіндіктер беруі. 
Қазіргі кезде ампулалардағы инъекциялық ерітінділер мамандандырылған 
химиялық-фармацевтік зауыттарда шығарылады.
Инъекциялық дәрілерге организмге тесік ине арқылы тері бетінің және шырышты 
қабықтың бүтіндігін бұза жіберілетін дәрілік түрлер жатады. Инъекциялық ерітінділерге, 
сулы және майлы ерітінділерден басқа, суспензиялар мен эмульсиялар, стерильді ұнтақтар 
мен таблеткалар (оларды стерильді еріткіштерде дәріні егу алдында ерітеді) жатады.
Мемлекеттік Фармакопеяның Х, ХІ – басылымдарына дәрілердің осы тобына 
арналып «Инъекцияға арналған дәрілік түрлер» мақаласы енгізілген. 
Дәріні енгізу тәсілі бойынша тері іші, тері асты, бұлшық ет іші, тамыр іші, бас сүйек 
іші, плевра іші, буын іші және т.б. болып бөлінеді. 
Ерітіндімен толтырылған ампулаларды шығарар алдында оларды көзге көрінер 
механикалық қоспалардың бар жоқтығына 100% түгел тексереді. 
- ампулалық шынының сапасы өте маңызды роль атқарады. Себебі, ол көптеген 
жағдайларда инъекциялық ерітіндінің тұрақтылығын анықтайды. Ол мөлдір, химиялық 
және термиялық төзімді, оңай балқитын болуы тиіс. 
Инъекцияға арналған дәрілерге келесі негізгі талаптар қойылады: 
1. Механикалық қоспалардың болмауы. 
2. Стерильдік. 
3. Апирогендік. 
4. Тұрақтылық. 
Инъекциялық ерітінділердің технологиясының ерекшелігі: қосымша материалдарды 
дайындау, инъекцияға арналған су алуды толық регламентациялау; асептикалық дайындау 
жағдайларын ұыймдастыру. 
Инъекциялық ерітінділердің стерильдігі мен апирогендігі асептика ережелерін мінсіз 
орындау және стерильдеудің түрлі әдістерін енгізумен қамтамасыз етіледі. 
Асептика – бұл соңғы өнімді оған микроорганизмдер түсуінен қорғауға бағытталған 
технологиялық және гигиеналық шаралардың жиынтығы, яғни, стерильді ерітіндіні оны 
стерильдемей - ақ алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет