Дәріс кешені пән: Дәрілердің өндірістік технологиясы Пән коды: dot 2304 ббб: «Фармация»



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата10.10.2022
өлшемі488.01 Kb.
#462291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Лекция ДӨТ 2 курс ускорен. 2020-21 каз

 
ДӘРІС № 3 
1. ТАҚЫРЫБЫ:Престеу. Тікелей престеу. Таблеттеуші машиналардың 
құрылысы және жұмыс істеу принципі. 
 
2. МАҚСАТЫ:Фармацевтік өндірісте таблеткаларды дайындау тәсілдері. Таблеттеуші 
машиналардың құрылысы және жұмыс істеу принциптерімен таныстыру.
 
 
3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ: 
1. Фармацевтік өндірісте таблеткаларды дайындау тәсілдері. Престеу. Тікелей престеу.
2. Таблеттеуші машиналардың құрылысы және жұмыс істеу принципі. 
Өндірісте шығарылатын барлық таблеткаларды таблеттелетін қоспаның өңделуі 
бойынша екі топқа бөлуге болады
1) түйіршіктелінген қоспаны престеу арқылы алынған таблеткалар; 
2) алдын – ала түйіршіктеусіз престелген таблеткалар, яғни, тікелей престеу арқылы 
алынған таблеткалар.
Таблеттелетін қоспаларды престеу таблеткалық машиналарда жүргізіледі. Қазіргі кезде 
фармацевтік өндірісте таблеткалық машиналардың негізінен екі түрі қолданылады: 
эксцентрикті және ротационды машиналар. 
Отандық машиналармен қатар фармацевтік зауыттарда жоғарғы өнімді ағылшынның 
«Манести» фирмасының «Ротапресс-45» машинасы, «Клиан» фирмасының (ФРГ) 
«Драйкота-39 машинасы, «Фетте» (ФРГ) фирмасының «Perfeсta ХХХІ» машинасы жұмыс 
істейді. Осы заманғы машиналар тек жоғарғы өнімді ғана емес, таблетканың сапасы мен 
салмағын бақылайтын электронды қондырғылармен жабдықталған. Өкінішке орай, біздің 
машиналар таблеткалардың биіктігін анықтамайды, таблеткаларды салмағы бойынша 
іріктей алмайды, қысым анықталмайды, қысым 1200 кг/см
2
болуы тиіс, мұндай қысым 
қамтамасыз етілмейді. 
Қазіргі кезде тікелей престеу тәсілімен 15-ке жуық таблеткалар шығарылады.
Тікелей престеудің екінші мүмкіншілігі – фармацевтік өндірісті таблеттелетін 
қоспаны матрицаға зорлап (күштеп) толтыратын, жетілдірілген дозаторлармен 
жабдықталған осы заманға сай таблеткалық машиналармен қамтамасыз ету. Соңғы 
жылдары осындай дозаторлардың түрлі конструкциясы жасалынды. Олар – дискілі, 
шнекті, вибромеханикалық, вакуумды, электровибрациялық. Олардың ішінде, әсіресе, 
қолайлысы вакуумды дозаторлар, бұл дозаторлар ұнтақ қоспасын алдын-ала нығыздап 
және одан ауа бөлшектерін ығыстырып шығарып жібереді. Бөлшектердің кристаллизация 
кезінде құрылысы мен көлемдерін өзгерту қазіргі кезде әлі де зерттеліп отыр. Дегенмен, 
кристалды ацетилсалицил қышқылы мен салициламид ұнтақтарын алу технологиясы 
жасалғаны белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет