Дәріс кешені пән: Дәрілердің өндірістік технологиясы Пән коды: dot 2304 ббб: «Фармация»



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата10.10.2022
өлшемі488.01 Kb.
#462291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Лекция ДӨТ 2 курс ускорен. 2020-21 каз

4. ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ:кестелер, үнсіз карталар, презентация. 
 


Дәрілер технологиясы кафедрасы 
044-43/19 - (2020-21) 
28 беттің 9 беті 
«Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәні бойынша дәріс кешені 
5. ӘДЕБИЕТ ҚОСЫМША 1 КӨРСЕТІЛГЕН 
6. БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ: 
1. Таблеткаларды қабықшалармен қаптау қандай мақсатпен жүргізіледі? Қабықшалардың 
қандай түрлері бар? 
2. Пленкалы қабықшаларды қандай түрлері бар? 
3. Қандай қондырғылар қолданылады? 
4. Престелген қабықшалармен қаптау қандай машиналарда жүргізіледі? Оның мақсаты 
неде? 
5. Дражделген қабықшалар. Драждеудің технологиялық сатылары. Бұл қабықшалармен 
қаптаудың мақсаты неде? 
 
ДӘРІС № 5 
1. ТАҚЫРЫБЫ:Медициналық капсулалар. Желатинді капсулаларды алудың 
технологиялық процесі. Қосымша заттар. Капсулалардың сапасын бағалау. 
 
2. МАҚСАТЫ:Медициналық капсулаларды дайындаутехнологиясын оқып үйрену. 
3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ: 
1. Медициналық капсулалар, олардың жіктелуі және сипаттамасы .
2.
Желатинді капсулаларды алудың технологиялық тәсілдері.
3.
Капсулалардың сапасын бағалау, номенклатурасы. 
Медицинада соңғы жылдары желатиндi капсулалардағы дәрiлiк препараттарды 
қолдануға көп мән аударылып отыр. Кейбiр капиталистiк елдерде дәрiнiң бұл түрi 
таблеткалардан кейiн екiншi орын алады.
Капсулаларға көп назар аударылуының себебi: желатиндi қабықша дәрiлiк заттарды 
сыртқы әсерлерден қорғайды, дәрінің иiсi мен дәмiн бүркейдi. Капсулалардың 
биологиялық тиiмдiлiгi жоғары - олар тез iсiнiп, асқазан-iшек жолдарында дәрiлiк затты 
тез босатып, еридi.
Желатиндi капсулаларда жеке дәрiлiк заттарды оларды ылғалды түйiршiктеуге, 
қыздыруға, қысымға ұшыратпай босатуға болады. Сондықтан да желатиндi капсулаларда 
көптеген антибиотиктер жiберiледi.
Қазiргi кезде медициналық капсулалар ретiнде зауытық өндiрiс өнімiнiң екi түрiн 
түсiнедi: 1) дайын дозаланған дәрiлік түр - сұйық, паста тәрiздес, ұнтақ тәрiздес, 
түйiршiктелген заттармен толтырылған желатиндi капсулалар Саpsulae medicinales 
repletae; 2) Белгiлi көлемдi желатин негiзiнде дайындалған сыйымды құты – Сарsulae 
gelatinosae, оларды дәрiхана жағдайларында қажет болған кезде дәрiлiк заттармен 
толтырады.
Желатиндi 
капсулалар 
желатиндi 
қабықшалардың 
құрамындағы 
пластификаторлардың мөлшерiне байланысты жұмсақ - Сарsulае gelatinosae molles және 
қатты– Сарsulae gelatinosae durae болып бөлiнедi.
Шар тәрiздес немесе сопақша келген, майлы сұйықтықтармен толтырылуға арналған, 
сыйымдылығы 0,1-0,2 мл жұмсақ желатиндi капсулалар «iнжу моншақтар» немесе 
перлалар - Реrlае gеlаtinоsае – деп аталады. 


Дәрілер технологиясы кафедрасы 
044-43/19 - (2020-21) 
28 беттің 10 беті 
«Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәні бойынша дәріс кешені 
Ұзартылған мойны бар жұмсақ желатиндi капсулалар - 
Тubаtinае - тубатиндер деп 
аталады, олар арнайы балаларға арналған, мойнын кесу арқылы iшiндегi дәрінi сығып 
шығаруға болады (сурет 43).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет