Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Оқу нәтижелері мұғалімнің жоспарланған сабақ мақсаттарына қол жеткізуде



Pdf көрінісі
бет110/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Оқу нәтижелері мұғалімнің жоспарланған сабақ мақсаттарына қол жеткізуде 


102
қаншалықты табысты болғанын білуге мүмкіндік береді. 
Оқу нәтижелері:
• оқушыға бағытталуы керек;
• белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;
• оқушының оқу үлгерімі тұрғысынан жазылуы керек.
Бағдарламаның түйінді идеясы мұғалімдерде неліктен балаларды дәл осылай оқыту 
қажеттігі туралы білімді қалыптастырып қана қоймай, олардың жаңа идеяларды өз 
тәжірибесінде іске асыруға дайын болуын қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасын игерген мұғалімдер әріптестеріне 
өз тәжірибесіне жеті модульді енгізуге көмектесу мақсатында олармен жұмыс істейтін 
болады. Сонымен қатар, Бағдарламаны игерген мұғалімдер өз әріптестері жүзеге асыра-
тын өзгерістерді ойластырып, зерттейтін болады. Тізбектелген сабақтар топтамасының 
құрылымы Бағдарламаның жеті модулін жүйелі түрде енгізуге жағдай жасап, мұғалімдер 
жүргізген өзгеріс енгізу үдерісі мен осы өзгерістердің нәтижелері туралы тәжірибеге 
негізделген мәлімет алуға мүмкіндік береді.


103
КОУЧИНГ 
Білімінің дәрежесі мен кәсіби деңгейіне қарамастан, өзінің қол жеткізген үздік нәтижелерін
өз бетінше үнемі тиімді ұстап тұру кімге болса да оңайға соқпайды. Осыған байланысты 
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге коу-
чинг және тәлімгерлік арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік 
беретін дағдыларды ұсынады. Тәлімгер және коуч болып қалыптасу барысында мұғалімдер 
оқыту тәжірибесін жақсарту мақсатында мектеп ұжымымен бірлесе жұмыс істейді.
«Тәлімгерлік» және «коучинг» ұғымдары ұқсас қызмет түрлерін сипаттау үшін әдетте си-
ноним ретінде қолданылады, осыған байланысты осы санаттардың мағыналары ауысып кетуі 
ықтимал. Олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері бар.
Коучинг - (ағылш. coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру
Бұл – әріптестердің (коуч пен әріптесі) жаңашыл, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік 
үдерісі. Коучинг барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идея-
лармен алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диалогқа тарту негізінде басқа мұғалімдер 
өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым 
жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында 
кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет