Коучинг үдерісі
Коучинг әдетте коуч пен үйренушінің коучинг сабақ түріндегі тұрақты кездесулері арқылы
жүзеге асырылады, дегенмен, кейде тәлім алушының тәжірибесімен тікелей сабақтастықта
жүргізілуі мүмкін: белгілі бір мәселелерге қатысты кеңесу, маңызды шешімдерді дайындау
және қабылдау барысында ақыл-кеңес беру, көмекшімен жұмыс жүргізу және т.б. (Вильямс,
2007).
Кәсіби немесе жеке проблемаларға қатысты тұрақты кездесулер барысында бірлескен не-
месе жеке кеңес берудің жоғары деңгейде құрылымдалған тәсілі болып табылатын коучинг ба-
рысында адамның тұлғалық әлеуеті жан-жақты ашылып, тиімділігі барынша артады. Коучинг
тікелей үйретуге емес, адамның өз бетінше үйренуіне көмектесуге бағдарлануы тиіс.
Мектептегі коучинг мәдениеті мектептегі педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіби
дағдыларын, жеке қабілеттері мен талантын дамытуға және мектептегі білім беру сапасын
арттыруға ықпал ететін маңызды әдіс ретінде қарастырылады.
Тренерлер тәжірибелі мұғалімдерге басқа мұғалімнің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған
идеялар мен тәсілдерді ұсыну мақсатында оларды ойлануға жетелеп, шығармашылықпен
еңбек ету арқылы мектепте үздік тәлімгер болуға көмектесуде өздері коуч рөлін атқарады. Коуч
ретінде әрекет ететін тренерлер мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіруіне көмектесетін
болады.
Коуч өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын
дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік
алу мақсатында мұғалімге көмек көрсетеді. Бұл үдерісте мұғалімдердің мақсат етілген
нәтижеге қол жеткізу үшін тәжірибесі аздау әріптестерімен жүргізілетін жұмысты жоспар-
лау мен жүзеге асыруда жұмысқа арқау болатын тақырыпты алдын ала дұрыс белгілей алу
қабілетін дамытуына көмектесуге басты назар аударылуы тиіс (23-сурет).
|