Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет112/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

104
Тәлімгерлік 
дағдыларына 
үйрету
Тәлімгерлік 
жүйесін құру
23-сурет. Тәлімгерлік жүйесі
Тарихи шолу
«Тәлімгер» (ментор) ұғымы грек мифологиясынан алынған: аңызда өзі саяхатқа аттанар 
алдында Одиссей кішкентай ұлы Телемахты ең жақын досы – Ментордың бауырына салып, 
асырауға қалдырады. Содан бері Ментор атауы маңызын жоғалтпай, ең сенімді адам ретінде 
қабылданады, ол өзара сенімділік жағдайында неғұрлым тәжірибелі адам ретінде өзінің 
білімімен бөлісуге дайын болады.
Тәлімгерлік, әсіресе дәстүрлі ұғымда, тәлім алушының өзінің алдындағы тәжірибелі және 
білікті аға буынның салған жолымен жүруіне мүмкіндік береді, ал тәжірибелі әріптестер 
өздерінің білімі мен тәжірибесін үйретіп, жоғары жетістіктерге жету жолдарын үйрете алады.
Коучинг өткізуде тренердің мол мұғалімдік тәжірибесінің болуы аса міндетті емес, со-
нымен қатар, оқыту мен оқудың белгілі бір саласы бойынша нақты тәжірибелік дағдыларды 
үйретуге бағытталады.


105
ТӘЛІМГЕРЛІК
Тәлімгерлік - (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер (тәжірибелі, озық педагог) 
мен одан тәлім алушы тәліп (тәжірибесі аз педагог) арасында сенімді, тұлғаның мүдделеріне 
бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәліптің педагог ретінде қалыптасуы мақсатында 
өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-әрекеттерінің тиімділігін айтарлықтай жетілдіруіне 
көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, 
ал тәліп еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын 
дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді. 
Заманауи түсінік
Мұғалімнің өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және 
ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг пен тәлімгерліктің барлық 
түрлерін біріктіруші фактор болып табылады.
Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, тәлімгер тәлім алушы үшін әрі объективті 
тыңдаушы, әрі дұрыс бағыт беруші тұлға болатын әріптестік қарым-қатынас болып табылады. 
Тәлімгер әріптесіне тәлімгерлік ету үдерісіне өзінің елеулі кәсіби тәжірибесі арқылы үлес қоса 
отырып, бірқатар мәселелерді шешуде көмек береді: 
• өзінен тәлім алушы әріптесінің проблемаларды қарастыруына және шешімін табуына 
мүмкіндік береді;
• стратегиялық деңгейде өз тәжірибесіндегі жаңашылдықтармен алмасады;
• тәліптің орынды мақсат қоюына және оған жету жолдарын жоспарлауына көмектеседі.
Тәлімгерлік пен коучинг бойынша модельдердің көпшілігі ұқсас алғышарттарға негізделген, 
атап айтқанда, тәлім алушы тұлға тиімділікпен және шығармашылықпен жұмыс істеуге 
қабілетті, ал тәлімгердің немесе коучтің негізгі міндеті – тәлім алушының өз мүмкіндіктерін 
тиімді пайдалануына көмектесу деген ұстанымға негізделген (2-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет