Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет4/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Schleicher, A. (Ed.). (2012). Preparing Teachers and Developing School Leaders for the 21st Century: 
Lessons from around the World [ХХІ ғасырға арнап мұғалімдерді даярлау және мектеп 
көшбасшыларын дамыту: әлем елдерінің сабақтары]. OECD Publishing.
OECD Definition and Selection of Key Competencies [ЭЫДҰ түйінді құзыреттерді анықтауы 
және іріктеуі]. Paris, France: OECD, May 27, 2005.


6
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ
Мектептегі әріптестермен ынтымақтастықта жұмыс істеу мен көшбасшылықты дамытудағы 
кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
• Бағдарламаның теориялық негіздері бойынша тұжырымдамалық білім мен түсінік 
қалыптастыру.
• Бағдарламаның негізгі бағыттары мен мазмұнын білім беру жүйесіне ықпалдастыру 
арқылы мұғалімнің тәжірибелік дағдылары мен біліктілігін жетілдіру: 
- Бағдарламаның негізгі идеялары туралы рефлексиялық ойлау
- оқыту мен оқу үдерісін жоспарлау;
- Бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын 
жоспарлау және іс жұзінде жүзеге асыру;
- мұғалімдерді оқытуды басқару мақсатында коучинг және тәлімгерлікті жүзеге
асыру;
- оқыту мен оқу үдерісі туралы рефлексия.
• Мұғалімді мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруға дайындау.
БАҒДАРЛАМАДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
• Мұғалімнің Бағдарламаның негізін құрайтын модульдер туралы тұжырымдамалық 
түсінігі мен тәжірибелік дағдылары қалыптасады.
• Мұғалім өз тәжірибесі туралы рефлексиялық ойлау дағдысын, оқыту үдерісін жоспар-
лау және өзін-өзі жетілдіру қабілетін дамытады. 
• Мұғалім коучинг және тәлімгерлікті жүзеге асыру дағдыларын меңгереді.
• Мұғалім мектепте мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруға дайын
болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет