5
1-сілтеме: ЭЫДҰ жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауы
мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
• Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді ара-
лас-тырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды
қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет.
• Мұғалімдердің қолданатын стратегиялары жалпы алғанда, бүкіл сыныпты оқыту
мәселелеріне, сонымен қатар, жүргізілетін зерттеулердің бағытына, топтық
жұмыстарға, өзіндік жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты
болмақ. Оның үстіне білім беру стратегиялары әрбір оқушымен жеке кері байланыс-
ты да ескеруі тиіс.
• Мұғалімде жалпы білім алу үдерісі қалай жүретіні туралы, жекелеген оқушыларды
оқуға ынталандыру, олардың көңіл-күйлері туралы және олардың мектептен тыс
өмірі туралы барынша ауқымды мағлұмат болуға тиіс.
• Мұғалімдер өз әріптестерімен өздері сабақ беретін пән бойынша және мазмұндас
пән бойынша; бір ұйымның ішінде немесе бірқатар басқа ұйымдардың өкілдерімен;
желілік кәсіби қоғамдастық шеңберінде, тәлімгерлік жүйесін көздейтін басқа да іс-
шаралар аясында ынтымақтастық орната білулері керек.
• Мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мықты
дағдыларды игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану
әдістемелерін меңгеруге тиіс, сондай-ақ, оқу үдерісін бақылауда ақпараттық-басқару
жүйелерін тиімді қолдана білгені жөн.
• Мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастық оқу ортасын құру, жүргізу, басқару және
жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруға тиіс.
• Соңғысы: мұғалімдер өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін өз практикасына қатысты
рефлексия жасауға, яғни ой толғауға міндетті.
ХХІ ғасырда оқушыдан талап етілетін дағдылар жаңа деп айтуға болмайды. Мәселен, сын
тұрғысынан ойлау мен проблемаларды іспен шешу дағдылары ерте замандағы құрал жасау,
ауыл шаруашылық жетістіктері, вакцинаны ойлап табудан бастап қазіргі заманғы зерттеулерге
дейінгі адам баласының даму тарихының өн бойында адамзат прогресінің сенімді серігі бол-
ды. Сол сияқты, нақтыдан бастап кешенді сараптамалық білімдерді игеру қажеттігі сияқты
дағдылар да бүгін пайда болды десек, қателескен болар едік: Платонның Republic (Республи-
ка) деген еңбегінде зият деңгейінің төрт түрі туралы сөз болады.
Ал осындай дағдылардың болу, болмауы ұжымдық және жеке табысқа ықпал ететіні, сол
арқылы әлемдік экономиканың өзгеру қарқынына ықпал ететіндігі туралы қорытынды шын
мәнінде жаңалық. Осыған байланысты мектептер сын тұрғысынан ойлауға үйретуде, әрбір
оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды шешу үшін ынтымақтастық жүргізуде
өте мұқият болғаны дұрыс. Мұндай өзгерістерді іске асыру үшін барлық мүдделі тараптар,
мектеп басшылығы өздеріне міндеттеме алуы, сондай-ақ анағұрлым тәжірибелі және дарынды
мұғалімдердің атсалысқаны орынды.
Достарыңызбен бөлісу: |