Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет76/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

«Оқушы үні» жобасы аяқталған соң, жобаға қатысқан мұғалімдер арасында сауалнама 
жүргізіліп, оның нәтижесінде оқушылармен пікірлесу:
• оқушылардың өзін-өзі құрметтеуін;
• мектеп пен оқуға қатысты жағымды көзқарас туындауын;
• мұғалімдерге деген эмоционалдық жағымды қатынас туындауын дамытуға ықпал 
ететіндігі расталды.
Жобаға қатысқан мұғалімдер оқушылардың жауапкершілігі мен сындарлылығына таң 
қалса, оқушылар өз кезегінде пікірлесудің артықшылығын мойындады. Нәтижесінде олар: 


71
• өзгелердің өздерін құрметтейтіндігін, оларды тыңдап, пікірлерімен санасатындығын 
сезінді;
• мәселені шешуде олардың пікірлері есепке алынатындығына көздерін жеткізді;
• өзіндік білім алуын бақылау деңгейін анықтады;
• бірлесіп талқылауға болатын сұрақтар ауқымын анықтады;
• оқуды қалай жақсартуға болатыны туралы сенімді нығайтты;
• мектеп пен оқуға деген жағымды қарым-қатынас қалыптастырды.
Оқушылармен білім беру мәселелері бойынша пікірлесу олардың өзін-өзі реттеуін дамы-
туына ықпал етеді. Мектеп пен сынып жұмысына қатысы бар тақырыпта оқушылармен ашық 
пікірлесудің жағымды әсері ретінде оқушылардың өз оқуын бақылай алатындығына, ол ту-
ралы пікір айтуға, өз оқуын жетілдіруге ықпал ете алатындығына сенімді болуын жатқызуға 
болады. 
Мұғалімдер үшін маңызы
Әңгімеге арқау болған бөлімнің негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, бірақ ол 
білім мен түсінікті оқушы қалыптастырады, ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.
Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар: мұғалімнің 
(1) балалардың қалай оқитынын түсінуі; (2) нені оқыту керектігін түсінуі; (3) тізбектелген 
сабақтар топтамасын қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы; (4) сонымен қатар оқу 
нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі (14-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет