Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет77/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Нені оқыту 
керек
Балалар 
қалай 
оқиды
Табысты бола 
білгендігіңізді 
қалай бағалау керек
Оқыту 
реттілігін қалай 
құрылымдау керек
14-сурет. Балаларға қалай оқу керектігін үйренуге көмектесу
Келесі бөлімдер сыныптың ішінде не болып жатқанына арналады, бұл орайда сыныптар 
бүкіл білім беру жүйесінің жекелеген бөлшектері болып табылатынын ұмытпаған жөн және 
бұл байланыс оқу материалын әзірлеу кезінде ескерілуі тиіс. Нәтижесінде оқушылар өздерінің 
отбасы тарапынан қолдау тауып, мектептің ішінде және одан тыс жерлерде олардың оқу әлеуеті 
артады.
Балалардың қалай білім алатынын ескеру
Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-
дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында 
ғана жүзеге асады. Оқыту үдерісінің басында мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай 


72
қате ой-түйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін арнайы құралдарды 
пайдаланады. Бұған дейін бөлім оқу үдерісінің басында оқушылардың қарастырылатын 
тақырып туралы шамалы білімі болғанын және осы бастапқы білім жаңа материалды игеру 
үшін бастау болып табылатынын көрсетті. Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау 
нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Егер білім игеруді 
бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де 
алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырып, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін 
мүлдем ұмытып қалады. 
Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу 
керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді, өз 
алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды 
және қателер – оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады (15-сурет).\
Дереккөз: Ұлттық оқу зертханалары, Бефель, Мэн штаты, АҚШ
оқушылардың 
алған ақпаратты 
сақтауының 
орташа 
пайызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет