Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет74/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

даму аймағы» – ЖАДА ретінде анықталды (Vygotsky, 1978). Қолдау көрсететін ересек адам 
«рефлексиялаушы агент» ретінде жұмыс істей отырып, оқушының әрекетіне жауап береді 
және оның оқуының дамуын қамтамасыз етеді. Оқудың дамуы барысында жетекшінің қолдау 
көрсетуінің түрі мен деңгейі өзгеріп отырады, сонымен бірге түрткі болу, бағытталушылық, 
дамудың тұжырымдамалық негіздерінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында түрленеді. 
Бұл үдерісті Жером Брунер «көпіршелер тұрғызу» деп тауып айтқан. «Көпіршелер тұрғызу» 
ұғымының метафоралық түрде қолданылуы астарында жетекшінің оқушыларды біртіндеп тап-
сырманы аяқтауға «итермелеуінде» көрініс беретін, үнемі ұлғайып артып отыратын қолдауы 
деген түсінік жатыр. Жетекшінің оқушы жетістігіне деген реакциясы да қолдау ретінде 
қарастырылады. Оқудың дамуы барысында оқушыға жол көрсету біртіндеп азайтылуы қажет, 
себебі оқу үдерісін дамыту арқылы оның мәні де айқындала бастайды: оқу тәуелсіз сипат алып, 
өздігінен реттелетін болады. 
Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады (Perry et al, 
2002):
• тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;
• оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы,
• проблеманы шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.
Таңдалып алынған тапсырмалар өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал етуі қажет. 
Өздігінен реттелу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгейіне өтуге ықпал 
етеді; Перри бастаған зерттеушілер тобы Британ Колумбиясы балабақшасындағы (3 жастағы) 
балаларға бақылау жүргізудің нәтижесінде бұл іске үлкен үлес қосты. Олар өз бақылауларын 
мұғалімдерден сұрау алу арқылы толықтыра отырып, балалардың жоспарлау, бақылау, пробле-
маларды шешу және өзінің оқуын бағалауға белсенді араласу үлгісін жасады. Балаларға таңдау 
берілді, бұл олардың өз таңдауларын тапсырманың күрделілігімен, өз жұмысын және басқа 
балалардың жұмысын бағалау жолымен байланысты түсіндіруге мүмкіндік берді. Бақылау 
жұмыстары балалардың оқу және жазу жұмыстарына қатысты өткізіліп, оқу бағдарламасының 
өн бойында қолдануға болатын және метатану үдерісі кезінде сөйлеуді дамытуға үлес қосатын 
тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдерді анықтауға көмектесті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет