Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Оқушылардың тәжірибесін пайдалану



Pdf көрінісі
бет75/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

70
Оқушылардың тәжірибесін пайдалану
Оқу үдерісінің «саналы» болу қажеттілігі туралы тұжырымдар балалардың жеке 
тәжірибесінің мәдениеті мен құндылығы оқудың тиімділігін елеулі түрде арттыратын маңызды 
жағдай деп қабылданатындығына негізделген. Мұндай негіздеме «жағдаяттық танымға» арқау 
болып табылады (Lave, 1988; Lave and Wenger, 1991), оған сәйкес белгілі бір жағдаяттар 
пайымдар мен стратегиялардың тиісті түрлерін құрылымдап, белгілейді. Ньюнс және 
басқалардың (1993) жұмыстарында Бразилиядағы көше балаларының күнделікті нарықтағы 
сауда жағдаяттарында есептерді ойша жақсы шығарғанымен, мектептегі математика пәнінен 
қарапайым жазбаша тапсырмаларды орындау барысында қиындықтарға кездескені анық 
көрсетілген.
Оқушылардың пікірін назарға алу
Жуық арада Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулерде оқушылардың оқыту мен оқу тура-
лы пікірлеріне ерекше назар аударылды. Мектептерде «Оқушы үніне» көңіл бөлуге баса назар 
аударылып келеді. Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен 
пікірлесудің мақсаты – оқушының көзқарасы тұрғысынан оқудың не екенін түсіну, жекелеген 
оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады (Rudduck et al, 2004).
«Қалай оқу керектігін үйрену» бойынша жүргізілген ауқымды зерттеу барысында Кем-
бридж университетінің зерттеушілері «Оқушы үні» жобасы бойынша жұмысқа тартылды. Ол 
жобаның мақсаттары:
• оқушының оқыту мен оқу туралы пікірін ескеру;
• оқушыдан кеңес алудың әдіс-тәсілдері бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық 
әзірлеу;
• мектептерде ашық және қауіпсіз диалог құрудың проблемалары мен мүмкіндіктерін 
анықтау болатын.
Осы жоба бойынша оқушылармен мектеп өміріне байланысты көптеген мәселелер, 
соның ішінде мадақтау мен жазалау жүйесін өзгерту сияқты тақырыптар бойынша сұхбат 
жүргізілді. Сонымен қатар олардан ата-аналарға арналған іс-шараларды өткізу сияқты 
жылдық жоспарлаумен байланысты проблемаларға, оқушылардың оқуына көмектесетін не-
месе кедергі жасайтын жағдайларды анықтауға қатысты сұрақтар қойылды. Зерттеулер 
оқушылардың көпшілігінің сыныпты «мұғалімнің аймағы» ретінде қабылдап, оқыту мен оқу 
туралы сақтықпен сөйлейтіндігін көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің әрекетіне 
түсінік беру «олардың жұмысы емес» деп санады. Алайда, оқушылар зерттеушілерге өзекті 
педагогикалық проблемалар мен бос сөзділікті жіктей қарастыра отырып, нені өзгерткілері 
келетіні туралы өз пікірлерін жеткізді.
Оқушылармен пікірлесу – басшылықтың дәстүрлі қарым-қатынасынан өзгеше және 
оқушылар мен мұғалімдер арасында ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін күрделі үдеріс. 
Оқушылармен әңгімелесу барысында ешқандай алалауға жол берілмеу маңызды, әсіресе, 
«үндемейтін» және «жеке-дара» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс. 
Сондай-ақ, оқушылардың пікірлесуде шынайы болуы, оқыту мен оқуға байланысты оқушыларға 
қызықты және маңызды сұрақтар қамтылуы аса маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет