84
Зерттеушілік әңгіме барысында:
1) әркім
ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2) әркімнің пікірі құнды идея ретінде бағаланады, бірақ мұқият бағаланады;
3) қатысушылар
бір-біріне сұрақ қояды;
4) қатысушылар мәселелерді айқындау үшін сұрақ қояды және өз пікірлерін негіздейді,
зерттеушілік әңгіме өз пікірін дәлелдеуге негізделеді;
5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де
мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).
Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерін қамтуы мүмкін. Мерсердің
пікірінше, ұжымдық түсінікті қалыптастырудағы тиімділігі тұрғысынан
жоғары деңгейдегі
зерттеушілік әңгімеге негізделген пікірталас түрі ең нәтижелі болып табылады.
Зерттеушілік әңгіме
Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі
арасында байланыс бар екені анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша,
зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып
табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен
шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен
түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға
береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ой-
ланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; болжам-
дар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім»
деген сияқты
сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тара-
пынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.
Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұлай
жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Алайда, бұл
әңгіме олар үшін қалыптағы дүние емес, сол себепті де мұғалімдер бірігіп істеген жұмыстың
құндылығын түсінулеріне көмектесу керек.
Достарыңызбен бөлісу: