Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»


ҚОСЫМШАЛАР ҚҰРУДА ORACLE МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет78/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

ҚОСЫМШАЛАР ҚҰРУДА ORACLE МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ 
 
Қоғамның ақпараттық мәдениеті котеріліп, дербес компьютер кең қолданыс тапқан тұста про-
граммалық өнімдердің қуаттылығын арттыру мәселесі өз шешімін күтуде. Қазіргі ақпараттық қо-
ғамда кең көлемді ақпараттарды өңдеу үшін мәліметтер қорын басқару жүйесін (МҚБЖ) қолда-
натыны белгілі. Осы орайда, программисттер де зерттеу жұмыстарын жалғастыру барысында үлкен 
көлемді мәліметтер қорын басқару мәселелеріне көп көңіл бөлуде. Қазіргі таңда қолданылып жүрген 
МҚБЖ-лерінің ішіндегі ең қуаттысы, өнімділігі жоғарысының бірі – Oracle МҚБЖ. Oracle МҚБЖ-ін 
өндіретін Oracle компаниясының басқа компанияларға қарағанда алдыңғы орындарда болуының 
себебі, көптеген ерекше технологияларды қолдауында. Oracle МҚБЖ-нің алты технологиясына көңіл 
бөліп, мәліметтер қорын басқару жүйесін құру принциптерін зерттеу нәтиелерінде төмендегі 
ерекшеліктеріне тоқтауды ұйғардық ұйғардық: 
 Real Application Cluster; 
 Real Application Testing; 
 Active Data Guard; 
 Total Recall; 
 In Memory Database Cache; 
 Automatic Storage Management.
Аталған технологиялар Oracle MҚБЖ-де жүзеге асырылған мінсіз технологиялар болып 
саналатындықтан, әр технологияның атқаратын қызметтерінің қысқаша сипаттамасына тоқталайық: 
Real Application Cluster (RAC) технологиясыМҚБЖ-нің жұмысы жүзеге асырылып жатқан сер-
верлердегі мәліметтерді бір үлкен мәліметтер қорына біріктіруге мүмкіндік береді де, төмендегідей 
тиімді нәтижеге жеткізеде: 
 құрылғыларды қуатты құрылғыға ауыстырмай-ақкластерге жаңа құрылғы қосу арқылы жүйе 
өнімділігі жоғарылайды және қосылған түйіндердің қуаттылығымен пропорционалды өседі; /1,2/ 
 кластерге енетін серверлердің бірі тізбектен шығып қалса немесе жұмыс жоспарлы түрде 
аяқталса, мәліметтер қорын басқару жүйесі толықтай өзінің жұмысқа қабілеттілігін сақтайды, 
мәліметтер қорын басқару жүйесінің команда орындалмаған жағдайдағы орнықтылығы артады. 
Real Application Testing (RAT) технологиясы (1-сурет) арқылы тестілік мәліметтер қоры мен жұ-
мыс серверіне түсетінсалмақ сәйкестендіріледі. 
1-сурет. Real Application Testing технологиясының атқаратын қызметі 
Active Data Guardтехнологиясынегізгі серверде орындалған барлық әрекеттер ескере отырып 
негізгі мәліметтер қорының резервтік серверін құрады, яғни жүйеде кем дегендеекі сервер жұмыс 
жасайды, олар: негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі сервер тізбектен шығып қалса немесе 
жұмысы жоспарлы түрде аяқталса, онда автоматты түрде қосымша серверіске қосылады және барлық 


168 
қолданушылар автоматты түрде қосымша серверге көшіріледі де әрекеттерін сол серверде жалғас-
тырады. /1,2/ 
Total Recall технологиясының қызметі арқылыархивтелген мәліметтерден (бизнес қажеттілігі 
үшін немесе бақылаушы органдар үшін сақталған мәліметтер) мәліметтер жиынын жүктеу жүзеге 
асырылады.
In Memory Database Cache уникалды технологиясы бойыншамәліметтерді сақтау және өңдеу 
сервердің жедел жадысында жүргізілетіндіктен,транзакцияларды өңдеу және сұраныстарды шығару 
жылдамдығын қарапайым Oracle Database МҚБЖ-не қарағанда бірнеше рет өсіруге мүмкіндік береді. 
/1,2/ 
Automatic Storage Management(ASM) технологиясы мәліметтер қоры серверінің дискілік ішкі 
жүйесінбасқаруда жаңа концепцияны әкелді. Бұл технологияның қызметіМҚБЖ-нің дискілік ішкі 
жүйесін қатқыл дисктегі файлдық жүйелі файлдардан және негізгі мәліметтер қоры серверін дискіде 
орналасқан файлдардан абстракциялау. ASM технологиясында басқару дискідегі файлдармен емес, 
ал файлдық жүйедеформатталмаған дискі бөліктерімен жүзеге асырылады. Егер қолданыста тек бір 
қатқыл диск емес, ал олардың жиыны немесе RAID-массиві болса, онда бұл дискілер ASM тобына 
бірігеді және МҚБЖ үшін бір қатқыл диск ретінде көрінугу мүмкіндік береді. /1,2/ 
Жоғарыдағы зерттеулерге сүйене отырып, қазіргі таңдаOracle мәліметтер қоры басқару жүйесінде 
басқа мәліметтер қорын басқару жүйелерінде жүзеге асырылмаған төрт уникалды технология 
кірістірілгенін байқауға болады. Әр жүйенің өз сараптамасына байланысты ерекшеліктері, артықшы-
лықтары, кемшіліктері және құны болатыны белгілі. Демек, Oracle МҚБЖ-нің осындай сипаттамасын 
анықтау өзекті. 
Бүкіл әлем санасатын, информациялық технология нарығандағы IDC талдаушы копаниясының 
2007 және 2011 жылдардағы кірістірілген МҚБЖ-леріне жүргізген сараптамаларына сәйкес, 100 
пайыздық есеппен алғанда,Oracle компаниясының шығаратын МҚБЖ нарықтың 26.3 пайызын 
алатындығын айтып өткен (2-сурет).Сонымен қатар, 2011 жылдың бірінші жартысында жүргізген 
сараптамасында алдыңғы қатарлы, ең ірі – IBM және Microsoft компанияларының ішінде Oracle 
компаниясы алға суырылып шығып отырғанын мәлімделген. Нарықтың 70 пайыз үлесін немесе $11.2 
миллиарды осы үшеуінің үлесінде, оның5.6 миллиарды Oracle компаниясының қоржынындаекені 
анықталған. Осы сараптамалар нәтижесінен-ақ нарықтағы Oracle МҚБЖ-нің басқа МҚБЖ-лерінің 
ішіндегі лидері екенін білуге болады.
2-сурет. 2007 жылғы кірістірілген МҚБЖ-лерін салыстыру нәтижесі 
Жалпы ақпараттық жүйеніжәне мәліметтер қорын қолдану бүгінгі күннің іскер адамының және 
үлгерімді ұйымдардың функционалдық қызметінің ажырамас құраушысы болып отыр. Осыған 
байланысты программалық өнімді және сәйкесінше технологияны құру принципін және оны тиімді 
қолдануды меңгеру өзекті болуда. 
Ақпараттық жүйені құруда құралдарды дұрыс таңдау, мәліметтердің сәйкес моделін анықтау
мәліметтер қорын құруда ұтымды жоба жоспарын құру, сақталымды мәліметтерге сұраныс жіберуді 
ұйымдастыру және басқа да жайттар құрылып жатқан жүйенің функционалдылық тиімділігін 
анықтайды. 


169 
Қазіргі танда қандай сала болмасын өз жұмыстарын автоматтандыруды көздеп отыр, соның 
ішінде, білімдерді ақпараттандыру мақсатындақұрылатын жобаларды жүзеге асыруда жоғарыда 
аталған тиімділіктерге көп көңіл бөлуді қажет етеді. Мысалы, жоғары оқу орындарындағы кредиттік 
оқыту технологиясын қолданады, оның рейтингтік бағалау жұмысынавтоматтандыру жобасының 
тиімділіктерін зерттеу жұмыстарын2011 жылдан бері жүргізудеміз. 
Соның нәтижесінде MySQL МҚБЖ-де құрылған «Кредиттік оқыту жүйесіне арналған 
«Рейтингтік бағалау»» құрылды. Енді бұл жүйеніOracle мәліметтер қорын басқару жүйесін жобалап 
өңдеу процесі жүріп жатыр. Бұл жүйелердің мүмкіндіктерін салыстырып, артықшылықтарын негізге 
ала отырып сараптамалық талдама жүргізудеміз. 
This article discusses the use of DBMS Oracle, occupying a leading position in the world ranking. For this purpose were 
analyzed advantages, disadvantages, especially its use. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет