165
іздеуден басталады. Мерзімді баспасөздің жарыққа шығуға дейінгі шығармашылық процесінде
журналистің ақпаратты жинау мен сұрыптау, материалды дайындап, өңдеу процесінде атқарылатын
жұмыстардың ішіндегі маңызды бөлігі – баспасөз материалының мазмұны десек қателеспейміз.
Баспасөз материалын мазмұнды етудің бірден-бір жолы – публицистика жанрларының аражігін
ажырата білу. Бұл туралы профессор Т.Қожакеев: «Нақты болмыс-құбылысты жазып,
суреттеп,
айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған кескін-пішіні болады.
өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол түрлердің әрқайсысы жанр деп аталады. Белгілі бір шығар-
маның, материалдың өзіне ғана тән, өзін ғана ерекшелендіріп тұрған құрылымдық-композициялық,
тілдік, стильдік, тағы басқа белгілер жиынтығы оның жанрын айқындайды»
1, 24. Баспасөз қыз-
меткерінің алдына қойылатын басты міндет – публицистика жанрлары ерекшеліктеріне қарай олар-
дың әрқайсысының жасалу жолдарын, қойылатын талаптарын толық меңгеруі керек. Баспасөз
теоретигі профессор Т.Қожакеев репортаж жанрын жазу үшін төмендегі бес түрлі талапты орындау
шарт деген болатын. «Біріншіден, репортаж нақты бір уақыт аралығындағы болып өткен жаңалықты,
оқиға, болысты ғана қамтиды»
1, 56. Мәселен, даталы күндерге, мерекеге байланысты өткен жиын-
дардан жазылған репортаждар тек сол оқиға туралы ғана қысқа баяндалады. Ұлыстың ұлы күні
Наурыз мерекесіне арналған баспасөз репортаждарында бірсандылық басым.
«Екіншіден, репортаж, басқа информациялық жанрлар сияқты, жаңалықты, оқиғаны, құбылысты
жай хабарлас салмайды, көз адыға елестетіп, суреттеп көрсетеді»
1, 56. Мысалы, «Азиада спорттың
насихатын арттырып, оны жаппай сәнге айналдырудың таптырмас мүмкіндігін берді. Күнделікті
күйбеңмен жүріп, тәнді сауықтыру шараларына аса көңіл бөле бермейтін замандастарымыз спорттың
адам жанын сергітіп, өмірдің қызығын арттыратын қасиетіне тәнті болғандай»[16],- деген жолдардан
қысқы Азиада ойындарының бұқаралық спортқа көңіл бөлуге ықпал еткенін байқаймыз. Репортаж
негізінде
осындай көзге көрінетін, бірден бірге ауысып, дамып жататын, сол қозғалыс, өзгерісін
суреттеп елестетуге болатын оқиға жатады.
Үшіншіден, репортажда оқиға, әрекет өз кезегімен, орын алу, даму, шешілу ретімен баяндалады,
яғни оған хронологиялық композиция беріледі. Мәселен, «Қазақ елі өркениетті әлем қабылдаған
сандық телевизия дәуіріне аяқ басты. Кеше осыны айқындайтын салтанатты шара өтті: Астанада
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен, сандық теле-радио таралымның Ұлттық спутниктік
желісі ресми түрде іске қосылды. Мемлекет басшысы символикалық перне-кнопканы басу арқылы
DVB-S2 сандық стандартында тарайтын ұлттық жаңа телевизия желісіне өмірге жолдама берді»[17].
Репортажда журналист әрі қарай оқырманына сандық телевизияның мүмкіндіктері мен кездесуде сөз
болған мәселелерді рет-ретімен баяндайды.
Төртіншіден, репортажда болмыс,
құбылысты әсерлі етіп, динамикалық қозғалыста, дамуда
көрсету үшін бейнелеу, елестету, суреттеу құралдары мол қолданылады. Тіл, стиль оқырманды оқиға
ішінде жүргендей сезіндіруге лайықталады. Белгілі журналист Қ.Олжайдың репортаждары осындай
ерекшеліктерге бай десек қателеспейміз. «Дала кең еді. Түркі халықтарының түгеліне аңыз болған
Қорқыт бабаның құрметіне қойлыған зәлім ескерткіш және сол Қорқыттың әуеніне елтіген қырық
қыздан ең соңына дейін жеткен Ақсақ қыздың моласы артта қалды. Айтсаң аңыз көп. Баяғы бабалар
ерлігі, батылдығы, даналығы, көрегендігі, кемеңгерлігі аңыздан-аңызға, дастаннан-дастанға, жырдан-
жырға, күйден-күйге ауысады. Сол ерлік енді де жоғалмаса екен дейсің, сол кемеңгерлік мына қиын
заманда да көрініс тапса дейсің. Астымыздағы ұшқыр көлік те бізді сол ерлік пен ақылыдылықтың
осы заманғы нүктесіне жақындата түскен»[18, 30]. Автор оқиғаны әсерлі жеткізуде бейнелеуші
құралдарды ұтымды пайдаланады. Әсіресе, саяси маңызы бар кездесулердің мазмұнын, мәнін
түсіндіруде автор шеберлігіне тәнті боласыз.
Бесіншіден, репортажда басты кейіпкер – автордың өзі. Оны жазарда репортер оқиғаның басы-
қасында болуға тиісті.
Сонда ғана ол көрген-білгенін, сезініп-қабылдағанын елестетіп, суреттеп
көрсете алады, оқиғаға хронологиялық композиция, динамикалық қозғалыс беруге мүмкіндік туады.
Журналист Н.Аманжолдың төмендегі репортажында жиынға қатысқандардың пікірін беру арқылы
оқиғаның маңызын арттыруға талпынғанын байқауға болады. «Қасиетті Мәуліт мерекесі республи-
камыздың түкпір-түкпірінде ұлықталып, мерекеленіп жатыр. Кеше Алматыда Қазақстан мұсыл-
мандары діни басқармасының ұйымдастыруымен арнайы дастарқан жайылып, Құран бағышталды,
уағыз айтылды»,- дей келіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әбсаттар қажы
Дербісәлінің пікіріне сілтеме жасалынады. Автор
репортажында болған оқиғадан, айтылған
пікірлерден әсерін де жасырып қалмайды. «Айталық, дәл қазір халқымыздың ең асыл қазынасы-
туған тілінің жүз пайыз жұмыс істеуіне не кедергі? Құндылықтарымыздың қадірін неге төмендетіп
алдық? Осы сауалдарға жауап іздегенде, әрине, «бәріне себепші туған топырағымызда сан жағынан
166
аздығымыз ба?» деген ойға қаласың»[19]. Репортаждағы мұндай авторлық толғаныстар кейінгі кезде
жанрдың талдамалық сипатын арттыра түсуге ықпал етеді.
Мерзімді баспасөзде жарық көрген репортжадың ықпалдылығы біріншіден, оқырман оны оқи
отырып, әсер алады. Ол адамның есінде сақталып қалады. Біршама уақыт өткеннен кейін де оны
қайта оқуына мүмкіндік бар. Баспасөздің шежірелік мәнге ие екендігін ескерсек, елімізде орын алған
оқиға жайлы алғашқы жасалған репортаж нағыз тарихи дерекке айналуы да мүмкін.
Газет репортажының тағы бір тиімділігі – оқиға орын алғаннан кейінгі жайлардан да хабардар
етуінде. Яғни, журналист болмыс, құбылыстағы оқиғаға қатысушы ғана емес, соның бақылаушысы
ретінде пікір білдіреді.
Газет репортажынан оқырман рухани әсер алып, оқиғаны ойша көз алдына елестете алады.
Мұндай мүмкіндік радио мен телевизияда жоқ. Оқиға жайлы репортажды
сол сәтте тамашалап
немесе тыңдап қана қояды. Әрі қарай өз әсерімен бөлісе алмайды. Ал баспасөз репотажын оқыған
оқырман болған оқиғаға қатысты өзінің әсерін немесе пікірін редакцияға жолдауына болады.
Әрине, қай қоғамда болмасын БАҚ өкілдеріне кімді, нені жақтаймын, қандай мәселені көтеремін
десе де еріктері, өйткені демократиялық бағыттағы үкіметтің ұстанған саясаты осындай. БАҚ
жүйесінде жанрлар мен пішіндер ортақ, бір-біріне ықпалдасып дамыған. Бүгінгі телевизиялық
жанрлар да бастауын газеттен алады. Радионың пішіндері мен жанрлары да үлкен эволюциялық
жолдан өтіп барып, қалыптасты, өз кезегінде телевизиядан тікелей көрініс тапты. Яғни осының
өзінен журналистік ізденістер мен әдіс-тәсілдердің ортақтығы аңғарылады. Жалпы қоғамдық, саяси
науқандарды, жарнама мен мәдени шараларды өткізу тәжірибесі ортақ.
Билік органдарын сайлау
болсын, музыкалық туындыны насихаттау болсын, белгілі бір тауарды жаранамалау болсын, БАҚ-
тарға ортақ міндет – халықты ақпараттық қамтамасыз ету міндетіне жұмылады. Әрқайсысы бір-бірін
толықтырып, ортақ мүддеге қызмет етеді.
Сонымен түйіндей келе, журналист адамдардан өз қызығушылығын қанағаттандыру үшін
жайдан-жай сұрау салмайды, ол қоғамдық маңызы бар ақпаратты жинастырады. Осы процесс өз
нәтижесін беру үшін ол бірнеше әдіс-тәсілдерді пайдалануына тура келеді. Байланыс орнатудағы
журналистің міндеті – психологиялық барьер жасау, қарсылықтың механизмнің күшін азайту, әр
әрекеттің астарына үңілу, байланыстың маңызын танып, кері әсерін ескертіп отыру.
Репортаждың жанрлық ерекшеліктерін таразылай келіп, оның қай салада болмасын икеміділігін,
ыңғайлылығын аңғардық. Репортаж оқиға туралы баяндай салатын хабарландыру, құлақтандыру
сипатындағы жанр емес. Репортажға журналист дайындықпен баруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: