Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет79/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Скотт Урман, Oracle 9i. Программирование на языке PL/SQL.Разработка эффективных приложений с помощью 
PL/SQL. – М.:«Лори», 2008 г. – 528 с.; 
2. Том Кайт, Пер. с англ./ORACLEдля профессионалов. – Москва-Санкт-Петербург-Киев. изд.: DiaSoft, 2004г. — 672 с 
 
 
 
Артықова Е.О., Төлеухан Ж. К., Құрмет А., 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің аға оқытушысы 
ЖАҢА АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА
ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ 
Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, студенттердің 
сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалог-
тік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білуге үйрету.
Барлық жаңа технологияның мақсаты - пәнді оқытуда студенттің жеке басының дара және дербес 
ерекшеліктерін басқарып, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптасты-
рып, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Заман талабына сай, электронды оқулық, интернет, web 
сайтты қолданудағы жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану тарих пәні үшін маңызы зор.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін 
қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: 
Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуника-
циялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану 
арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, 
парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәде-
ниетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді. 
Кәзіргі таңда ақпараттық оқыту технологиялардың озық үлгілерін қолдану арқылы білім берудің 
ғылыми-әдістемелік жүйесін жаңарту, оқыту әдістері мен тәсілдерінің түрлерін молайту, электронды 
оқулықтар жасауды ұйымдастыру ұлттық білім беру деңгейін халықаралық стандартқа жақындатуға 
мүмкіндік беретіні сөзсіз.  
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның тиімділігі- келешек ұрпақтың жан-жақты білім 
алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық-психологиялық 
жағдай жасауында. 
Білім беру орындарында оқу үрдісін бүгінгі күнге лайықтап өзгерту- заман талабы. Ғылым
ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына 
кеңінен енуде. Қазіргі таңда жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны тіл үйренуде 
тиімді пайдаланудың маңызы зор.
Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие.Мәселен бизнесте, 
ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде. Қазіргі заман оқытушы тек өз пәнінің терең білгірі болу 
емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және 
ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты 


170 
меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, 
компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық 
құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық 
құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы 
соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа 
идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы 
тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім 
жүйесі студенттердің танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін 
және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс. Білімді дамыту үшін білім берудің 
үйреншікті әдісінен оқыту процессінде студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын 
білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа 
технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру 
ғасыры деп жай атамаған. Компьютер - адам іс - әрекетінің барлық салаларында қолданылады. 
Сөйлеу – күрделі құбылыс болғандықтан адам өміріндегі қарым - қатынас құралдарының қызметін 
атқарады. Тіл бір ғана дағдыдан тұрмайды, тіл - лингвистикалық және экстралингвистикалық 
құрылымдардан тұрады. Тіл саласын меңгерту үшін мектепте түрлі жұмыстар атқарылуға тиіс. Бір 
ескеретін нәрсе, студенттердің білім деңгейі, ойлау қабілеті мен зеректігі, жұмысқа қызығушылығы 
мен оны орындау шеберлігінің, ықыласының әртүрлі екендігі. Бұл жағадайда студенттің байқам-
паздығы мен интуициясы, шыдамдылығы мен шеберлігі, әрбір білім алушымен ерінбей, уақытпен 
санаспай жеке жұмыс істеуі ғана оң нәтиже береді. Егер студентте ынта мен ықылас, шетел тілін 
үйренейін деген қызығушылық пен талапшылдық болмаса, білім беруші қанша жанын салып, 
оқытудың жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерін қолданып оқытса да нәтиже беруі екі талай. Демек 
білім беруші мен білім алушының арасындағы қатынас пен байланыс екі жақты болуға тиіс. 
Дегенмен білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда ақпараттық – коммуника-
циялық технологияны қолдану оқытушының жұмысын біраз жеңілдететіні анық. Білімді қалып-
тастыру амалының негізгі мақсаты оқытушылар алған білімін студенттердің дамуына және олардың 
түрлі жаңалықтарды енгізуге, бүкіл өмір бойына алатын біліміне қолдану дағдысын қалыптастыруға 
бағытталады. Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы. Бұл жұмыстың басты 
мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында 
тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедия-
лық - электрондық құралдарды жоғарғы оқу орындарында және білім беру процесінде терең қолдану. 
Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point. Ол оқытушыға қысқа мерзімде өзінің үлкен 
дидактикалық материалдармен қамтамсыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол 
студенттердің түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, авто-
матты және т.б. Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану студенттердің сабаққа деген 
қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және 
электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда: 
• лексиканы оқып үйретеді; 
• сөйлеу ырғағын; 
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды; 
• хат жазуға үйретеді; 
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, студенттердің есінде сақтауға көмектеседі. 
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда оқу және жазу 
қабілеті болуы керек сияқты әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Білім берудің және оқытудың 
ақпараттық технологиялары дегеніміз – ақпаратпен жұмыс істеуге арналған (аудио - видеотехниканы, 
компьютерді, телекоммуникациялық желіні) қолдануға негізделген педагогикалық технология. 
Қазіргі заман оқытушыдан тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи - танымдық, педагоги-
калық - психологиялық сауаттылық және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Ендеше кез келген 
оқытушының бойында ақпараттық құзыреттілік қалыптасуы тиіс. Ақпараттық құзыреттілік – ақпа-
раттық мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып, түрлі ақпаратпен теориялық білім мен 
тәжірибені ұштастыра отырып қолдана алу деген ұғымды білдіреді. Ақпаратты технологияларды 
пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, оқытушының рөлі мен қызметінің 
артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге 
сүйене отырып, студентердің құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен иннова-
циялық оқыту әдістері арқылы студенттерді ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке
имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сондықтан ақпараттық технологиын қолдану және ашық 


171 
бағалау жүйесін қолдану оқытушыға студенттердің пәнге деген қызығушылығын жоғарлатуының 
тиімді жолдары: 
• студенттердің материалды игеру үрдісін психологиялық түрде женілдетеді. 
• Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады. 
• студенттердің көз қарасын кенейтеді. 
• Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі. 
• Пәнді оқуға және үлгерімді жоғарлату қызығушылығы туады. 
• Теориялық материалды толық игеру болады. 
• Ақпаратты табу, оны компьютерлік технология арқылы өндеу. 
• өз көз қарасын нақты және қысқаша қалыптастыру дағдысы. 
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай: 
1. Олар студенттерге тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс 
мәліметтер көлемін ұлғайтады. 
2. Білімге бір - бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол 
жеткізуге болады. 
3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру 
Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер: 
• үлгерімі төмен студентерге көмектеседі; 
• студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады; 
• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады; 
• студенттердің шығармашылығын арттырады; 
• студенттерді жеке жұмыс істеуге үйретеді; 
• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі; 
• студенттердің есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады; 
• пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады; 
Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құры-
лымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолдану өте тиімді. Қорыта келгенде ағылшын тілі 
сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы.Жаңа заман-
дағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық 
технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді. Барлық жаңа 
технологияның мақсаты - пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін 
басқарып, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастырып, пәнге деген 
қызығушылығын арттыру. Заман талабына сай, электронды оқулық, интернет, web сайтты қолдану-
дағы жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану тарих пәні үшін маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет