33
Несиелік саясат меморандум мазмұны жалпы бағыттар мен ұсыныстарды
ғана көрсетеді, бірақ тәжірибелі банк қызметкерлерінің
бастамасын байлап
тастауға тиісті емес. Қай уақытта болмасын рациональдық шаралар,
эксперименттер, отандық және шетелдік прогресивті тәжірибелер пайдаланып,
осының негізінде несие саясат меморандумының
жалпы талаптары
толықтырылып отыруы тиіс.
Несиелік саясат несие берудің негізгі тәртібі мен жағдайын,
содан соң
несие беру мүмкіндігі туралы материалдарды даярлау кезінде банк
қызметкерлері басшылыққа алатын стандарттар
мен параметрлерді анықтау
керек.
Банктің күнделікті жұмыс істеу тәжірибесінде оның несие саясатын
жүзеге асыру жолында талдауды жүйелі түрде жүргізу қолданылады, яғни оның
ішінде қамтылады несиелік
портфель құрылымын талдау, берілген несиелерді
жіктеу, оларды мақсатты пайдалану және уақытылы қайтару мүмкінділігі,
мәселе тудыратын несиелерді мониторингтеу және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: