Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


Бақылау және өзін-өзі тексеру сұрақтары



Pdf көрінісі
бет23/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

Бақылау және өзін-өзі тексеру сұрақтары 
1. Банктің жүргізетін несие саясаты қандай? 
2. Несие саясат меморандумында көрініс тапқан шартқа сипаттама 
беріңіз? 
3. Несие алуға жасалған пакетте қандай құжаттар болуға тиіс? 
4. Қарызгердің несие алу және қайтару қабілеттілігін бағалау туралы не 
айтасыңдар? 
5. «Алтын Си ережесі» неге арналған? 
6. Қарызгердің алған несиесін жою көздерінің қайсысы банк үшін 
пайдалы? 
7. Несиені қайтару мәселесі бойынша банк қандай шараларды қолданады? 
8. Қандай қатаң шараларды қолдануға банк қандай жағдайда мәжбүр 
болады? 


39 
8 ТАРАУ. НЕСИЕ КЕЛІСІМ-ШАРТЫН ЖАСАУ ЖӘНЕ ОНЫ
ОРЫНДАУ 
Несиелік келісім-шарттың жалпы сипаты және оны жасаудағы негізгі 
қажетті құжаттар 
Несиелік келісім-шарттың жағдайы мен құрылымы 
Несиелік мониторинг 
8.1. Несиелік келісім-шарттың жалпы сипаты және оны жасаудағы 
негізгі қажетті құжаттар 
Банктік несиелендірудегі маңызды этап несие келісім-шартын жасау және 
оны орындау болып табылады. Бұл келісім-шарт банкпен қарызгердің 
арасындағы өзара қатынасты анықтайтын негізгі заңдық құжат болып саналады 
және сол бойынша олардың міндеттері мен жауапкершіліктері айқындалады. 
Әлемдік және біздің Қазақстандық тәжірибеде инвестициялық жобалар 
несиелендіру бойынша жұмыс мынадай сатылармен жүргізіледі: 
1) инвестициялық ниеттерді 1-ші таңдау (өтініш қабылдау және тіркеу); 
2) өтінішті қарау үшін жобаны қабылдау бойынша банктік сараптау
3) қарастырылған инвестициялық жобаны несиелеу туралы шешім қабылдау; 
4) несие келісім-шартын (мәмілені,келісімді) жасау; 
5) жобаны қаржыландыру (жобаны жүзеге асыру бойынша несиелік 
операцияларды жүргізу); 
6) жобаны жүзеге асырудағы бақылау
7) қорытынды бағалау (несиені жойғаннан кейін). 
Инвестициялық ниетті алғашқы таңдау мен тіркеу сатысында жобаны оң 
бағалаған жағдайда,ол біртұтас банктік сараптауға жіберіледі. 
Банктік сараптаудың мақсаты: жобаның өміртеңдігін бағалау;оның 
рентабелділік деңгейін анықтау; несиені қайтару үшін қаржылардың 
жеткіліктілігімен растығы (қарызгердің несиені қайтару қабілеті); қарызгерді 
жан-жақты бағалау, оның қаржылық жағдайын қоса ескеріп. 
Несие келісім-шартын жасау үшін қажетті құжаттар пакетін екі топқа 
бөлуге болады: 
1-ші топ құжаттары барлық жобалар үшін бірдей: 
- Несилік өтініш. 
- Қарызгердің анкетасы 
- Орнатылған тәртіппен тіркелген құрылтайшылық мәміле және жарғы. 
- Қарызгердің соңғы үш жылдағы қаржылық құжаттары. 
- Бизнес-жоспар және ТЭН. 
- Шетелдік серіктестер туралы мәліметтер (баланстық есеп, жарнама 
мәліметтері, кеңес беру). 
- Кепілдік және кепілдік құжаттар (банктік талабы бойынша екеуінде болатын) 
- Қарызгерге қызмет ететін банктен берілетін, оның қаржылық жағдайы туралы 
хат. 


40 
2-ші топтағы құжаттар ерекшелігіне байланысты жекеленген жобалар, яғни 
тіркелген қосымша құжаттар: 
- шетелдік серіктестердің құқық қабілеті туралы құжаттар (егер ондай бар 
болса). 
- Тендерлік құжаттар. 
- Несиені тарту және кепіл беру туралы акционерлер жиналысының шешімі. 
Бұдан 
басқа 
мемлекеттік 
сектор 
бойынша 
банкке 
мыналар 
топтастырылады: 
1) Санация (банкрот болмау шараларын жүзеге асыру) және банкроттық 
бойынша ведомстваның аралық комиссиясының рұқсаты; 
2) Сала министрлігінің, қала және облыс әкімшіліктердің қорытындысы; 
3) Ведомстводан тыс мемлекеттік сараптаудың қорытындысы
4) Экологиялық сараптаудың қорытындысы; 
5)Тапсырыс беруші мен мердігердің қолдары қойылған құрылыстың 
конъюктуралық шолуы (құрылыс дайындығы,смета бағасының қалдығы); 
- Нотариалды куәландырылған 1-ші басшы мен бас бухгалтердің қол қою үлгісі 
бар карточка. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет