51
Несиені қайтарудың қамтамасыздығының тәсілдері ретінде банктік
кепілдік пен кепіл болу арасында көп жақты қатынастар болғанымен (мысалы,
үш жақтылық қатысушылар: - қарызгер, несие беруші және кепілші), олардың
арасында белгілі-бір айырмашылықтар бар,оның ішінде:
1) кепіл болудан банктік кепілдіктің айырмашылығы негізгі міндеттеме
қамтамасыздығын орындаудан тәуелсіз болуында, тіпті бұл жағдайда
кепілдікке сәйкес сілтеме жасалынған болса да;
2) банктік кепілдіктің субъектілері болып тек несие мекемелерімен сақтандыру
ұйымдары ғана бола алады, ал кепіл болу субъектілері – түрлі заңды және жеке
тұлғалардан тұрады;
3)жақтар
арасындағы қатынастарды
орнату формасы бойынша да
айырмашылық бар. Мысалы, банк- гарант пен банк- несие беруші арасында
банктік кепілдік туралы келісім-шарт жасалуы мүмкін немесе банк-гарант
несие беруші-банкке кепілдік хат жібереді. Кепіл болу бойынша қатынастар тек
жақтар арасындағы кепіл болушылық келісім-шартын жасаумен ғана
орнатылады.
Банк-гарант, кепілдік беру мәселесін шешу кезінде қарызгердің нақтылы
қаржылық жағдайына аса көңіл аудару қажет,себебі оның төлем қабілетсіздік
жағдайы гарант үшін өте негативті болуы мүмкін.
Осыған
байланысты,тәжірибиелі британдық қаржыгер Кристофер
Блумфилд гарант-банктерге мынадай негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:
- кепілдік берілетін келісімнің (несие мәмілесінің) сенімділігіне қатаң көз
жеткендік болуы;
- келісім мәнін және қарызгердің несиені қайтару мүмкіндік болашағын
тыңғылықты зерттеу;
- банк-гарантқа қолайлы нақтылы сомаға кепілдік берілетіндігі туралы
несиелеуші банкпен алдын-ала келісу.
Банктік кепілдік әдетте, кері шақырылмайтын сипатта болады, яғни оны
кері шақырып алуға, жоюға (аннулирование)
немесе біржақтылық шешіммен
өзгертуге болмайтындығы болып табылады. Сонымен бірге кепілдік мәміледе
қарастырылған жағдайда оның кері шақырылатыны да болуы мүмкін. Бұл
жағдайда, банк-гарант кезкелген уақытта өзінің кепілдігін кері шақырып алуы
мүмкін. Сондықтан, мұндай кепілдік банк- несие беруші үшін ешқандай мәні
жоқ болып табылады.
Несиелік қызметтегі субъектілер арасындағы қатынастарда (банк- несие
беруші, қарызгер және банк-гарант) банктік кепілдіктің күшіне ену уақытын
анықтау аса маңызды болып табылады. Әдетте, бұл уақыт оның берілген күні
болып есептелінеді.
Дегенмен, банктік кепілдік туралы мәміледе, бұл
келесілермен әрі қарай нақтылануы мүмкін:
- кепілдікті берген күннен бастап;
- банк-гаранқа қарызгер комиссиялық сыйлықты қарызгердің аударғаннан
кейін, оның мөлшері мәміле жағдайы бойынша кепілдік сомадан анықталған
пайызды құрайды;
- қарызгер алатын несиенің барлық сомасын,оның көрсеткен шотына
есепке алу уақытынан бастап;
52
- несие мәмілесіне сәйкес несиені тек
мақсаттық пайдалану жағдайы
кезінде ғана және т.б.
Заңдық шиеленісу жағдайын болдырмау үшін банктік кепілдік мәміледе
және кепілдік хатта қандай міндеттерді орындауға кепілдік берілді,кімге
берілді, яғни несие беруші-банктің аты және кім үшін (яғни қарызгер аты)
берілгендігі анық түрде жазылуға тиісті болып табылады.
Алыс шетелдерде банктік кепілдік кеңінен тарау алған және бұл қызмет
түріндегі банкаралық қатаң бәсекелестік жағдайында банк-гаранттардың
коммисиялық алымдары айтарлықтай төменгі ставкада қалыптасып, кепілдік
сомасының 0,1-0,8%-ды құрайды. Ал Ресей Федерациясында және бізде кейде
болып тұратын экономикалық және құқық тұрақсыздық кезінде жоғарғы
банктік тәуекел жағдайында бұл көрсеткіш (комиссиялық алым) айтарлықтай
жоғары болады, яғни кепілдік сомасының 4-10%-зын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: