Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


Бақылау және өзін-өзі тексеру сұрақтары



Pdf көрінісі
бет10/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

Бақылау және өзін-өзі тексеру сұрақтары 
1. Нарықтық экономика дегеніміз не? 
2. Нарықтық экономикаға көшуге қандай шаралар қолданылады? 
3. Өтпелі кезеңде ҚР қолданысқа еңгізілген инструкциялық-
нормативтерге сипаттама беріңдер? 
4. Мемлекеттің инвестициялық-құрылымдық саясатының басты мақсаты 
неде? 
5. Инвестициялық құрылымның негізгі бағыттары қандай? 
6. Инвестицияны мемлекеттік реттеу не үшін керек? 
7. Инвестицияны мемлекет тарапынан реттеуге қатысты ҚР қандай заңдар 
қабылданып, жүзеге асырылды?


17 
3 ТАРАУ. КҮРДЕЛІ САЛЫМДАР ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАР,
ОЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СФЕРАДАҒЫ ОРНЫ 
3.1. Күрделі салымдар және бұның жұмыс істеп тұрған негізгі 
қорларын модернизациялау мен жаңаруындағы рөлі 
Өндірістік қызметті жүргізумен қалыпты қызмет атқару үшін кез келген 
фирма, ұйым, компания, кәсіпорын немесе өндірістік сфераның басқа да 
субъектілерінің негізгі қорлары болуы керек. 
Осындай қорларды құру үшін, содан соң жұмыс істеп тұрған негізгі 
қорларды кеңейту, реконструкциялау (қайта құру) және технологиялық қайта 
жарақтандыру үшін күрделі салым салу қажет болып тұрады. 
Күрделі салым – бұл жұмыс істеп тұрған қорларды кеңейтуге, қайтаруға 
және техникалық қайта жарақтандыруға, содан соң жаңадан негізгі қор құруға 
жұмсалған шығындар жиынтығы болып табылады. 
Экономикалық мазмұны бойынша күрделі салымдар үдемелі ұдайы 
өндіріс үшін басты көз болып табылады. Күрделі салымдардың ең басты рөлі 
оның негізгі қорлардың жаңасын құрудан байқалады және жұмыс істеп 
тұрғандарды жаңартудан, еңбектің энергожарақтануынан, механикалық 
жарақтануын арттырудан көрінеді, ал бұлар өз кезегінде еңбек өнімділігі мен 
мәдиниетінің өсуіне жағдай жасайды. Сол сияқты күрделі салымдар 
экономиканы тұрақтандыруға, өнеркәсіптік - өндірістік әлеуетті өсіруге және 
үдемелі ұдайы өндірістің қарқынын арттыруға көмектеседі, оған қажетті 
жағдай жасайды. 
Инвестициялық үдерісті жүзеге асырумен ұйымдастырудың барлық 
сатыларында күрделі салымдар экономикалық тиімділік мәселелерін шешу 
жағдайында да маңызды үлкен рөл атқарады. 
Бұндай мәселелерді шешуде резервтер қоры күрделі салымдардың 
құрылымын жетілдіру үшін пайдаланып отырады. 
Күрделі салым құрылымын үш түрге бөледі: 
1) салалық;
2) технологиялық; 
3) ұдайы өндірістік; 
Салалық құрылым – бұл күрделі салымды экономиканың сәйкес 
салаларына бағыттаумен сипатталады. 
Күрделі салымдардан 1-ші кезекте ел экономикасындағы басымдылық 
секторлардағы жетекші салалардың дамуына бағыттау кезінде прогрессивті 
салалақ құрылым құрылады. Осы жағдайды есепке ала отырып, экономиканың 
дамуын тұрақтандыру жолында, тезірек тоқыраудан шығу мақсатымен ҚР 
Президентінің нұсқауымен экономиканың басымдылық секторлар тізімі 
бекітілді, отанның және шетелдің инвесторларын 1-ші кезекте қандай бағытқа 
жіберілуі қажет екендігі анықталып, олардың да тізімі бекілді. 
Күрделі салымдардың технологиялық құрылымы қондырғыларды сатып 
алуға кететін шығындар (күрделі салымның активті бөлігі), құрылыс -монтаж


18 
жұмыстарды (күрделі салымның пассивті бөлігі) және басқа күрделі 
салымдарды (жобалау-зерттеу шығындары, эксплуатациялық, кадрлар 
даярлау,т.б), олардың арасындағы арақатынасты анықтайды. Технологиялық 
құрылымның тиімділік бөлігі бұл активтік бөлікке жұмсалған шығындар 
болып табылады, яғни аса үлкен салмағын алатын қондырғыларды сатып алуды 
айтамыз. Бұл фактордың маңыздылығы шаруашылықтың нарық жағдайына өту 
кезеңінде ерекше өзекті болып табылады. 
Үйткені бұл қорларды технологиялық қайта жарақтандыруға, өндірісті 
кеңейтуге және жаңадан негізгі қорларды қалыптастыруға алған бағыттары бар, 
олардың арасындағы үлестік ара қатынастары айқындалады. 
Күрделі құрылыс – бұл материалдық өндіріс саласы болып табылады. 
Оның өнімдері:пайдалануға даярланған кәсіпорын,ғимарат,құрылғылар және 
басқа өндірістік пен өндірістік емес нысандарға арналған болып табылады. 
Өндірістік цикл жағынан қарағанда, күрделі құрылыс – бұл жұмыс істеп 
тұрған негізгі қорларды техникалық қайта жарақтантандыру, қайта 
құру,кеңейту және олардың жаңарту үдерісі болып табылады. 
Жалпылама сыртқы анықтамалар бойынша күрделі салым және күрделі 
құрылыс түсініктері бір-бірімен тығыз байланыста және ұқсастық болып келеді. 
Басқа сөзбен айтқанда, күрделі салымдар – бұл инвестициялық үрдісті жүзеге 
асыру үшін болатын қаржылық шығындар, ал күрделі құрылыстар – осы 
шығындарды игеру үдерісі болып табылады. 
Инвестициялық қызметтегі күрделі құрылыстың рөлі мен мағынасы 
айтарлықтай ауқымды. Тәжірибеде шын мәнінде инвестициялық үдерісті 
ұйымдастырушылар мен жүзеге асырушылар күрделі құрылыспен, оның қандай 
да бір жағдаймен байланыстырады және өндірістік пен әлеуметтік сферадағы 
барлық 
инфрақұрылым 
нысандарындағы 
инвестициялық 
кезеңдердің 
барлығымен да байланыста болып табылады. Құрылыс циклын төрт стадияға 
бөлуге болады. 
Нарық жағдайына өтуге дейінгі 1-ші стадияда жоспарлау процесі 
жүргізіліп келген болса, енді бұл стадияда инвестициялық портфелді 
қалыптастыру мен инвестицияланатын нысанды талдау жүзеге асырылады.
2-ші стадияда жоспарлау, сметалық баға құру, келісім-шарт немесе 
контракт жасау үдерістері жүргізіледі.
3-ші стадияда құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, нысандарды 
аяқтап, пайдалануға оны өткізу жүзеге асырылады. 
4-ші стадида жобалық және өндіріс қуаттарын кезеңдер бойынша игеруге 
арналған болып табылады (өндірістік бағыттағы нысандар бойынша). 
Күрделі құрылыс мәселелерін қарастырғанда, оны қаржыландыру мен 
несиелеуде осы екеуінің өзара байланыста болатынын ескере отырып, есеп беру 
кезінде инвестициялық қызметті атқаратын субъектілердің орындаған құрылыс, 
монтаж жұмысындағы “аяқталмаған өндіріс” пен “аяқталмаған құрылыс” 
түріндегі түсініктері бойынша мәселелері әртүрлі болып келетіндігін ескерген 
жөн. 
Аяқталмаған құрылыс – бұл тапсырыс беруші қаржыландырған, яғни 
нақтылы орындалған жұмыс үшін төленген төлем, бірақ құрылысы аяталмаған, 


19 
әрі пайдалануға өткізілмеген нысандар бойынша орындалған құрылыс-монтаж 
жұмыс көлемі. Сондықтан, бұл тапсырыс берушінің балансында тиісті есепке 
алынады және сол тапсырыс берушіні несиелеудің нысаны болып табылады. 
Аяқталмаған өндіріс – бұл да құрылыс-монтаж жұмыстарының 
орындалған көлемі және бұл жерде ол да аяқталмаған, әрі пайдалануға 
өткізілмеген нысан болып келеді және тапсырыс беруші оны толық 
қаржыландыра алмаған болып табылады. Сондықтан, бұл да орындаушы 
мердігердің балансында тиісті есепке алынады және сол мердігерлік ұйым-
мекемені несиелеудің нысаны болуыда мүмкін болып табылады. 
Сонымен, бұл аталған екі түсініктердің экономикалық мәні бірдей, яғни 
екі жағдайда материалдық, еңбек және қаржы ресурстардың осы аяқталмаған 
өндіріс пен құрылыстың шашылған көрнісі орын алады. Басқаша айтқанда, бұл 
нысандарды аяқтап пайдалануға, өткізу уақыты келгенше біршама уақыт 
қайтарымсыз ресурстар шашылып, мұз сияқты қатып жатады, яғни өлі 
жағдайда болады. Сондықтан, олардың көлемі оңтайлы мөлшерде, яғни 
нормативтік шамада болуға тиісті. 
Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың негізгі тәсілі болып 
мердігерлік тәсіл өскенде де және қазіргі кезде де сол бір тәсіл болып 
табылады. 
Мердігерлік келісім-шарт негізінде мамандырылған ұйымдармен 
құрылыс-монтаж жұмыстардың орындалуы мердігерлік тәсілі деп аталынады. 
Бұл тәсіл бойынша құрылыс жіргізуде бұған жарлық беруші де оның 
қаржыландыру 
көздеріде 
тапсырыс 
беруші 
болады. 
Мемлекеттің 
секторларындағы нысандардың мердігерлік ұйымы мен тапсырыс берушілердің 
арасындағы қарым-қатынас ҚР министірлер Комитеті бекіткен мердігерлік 
келісім-шарт туралы Ережесі мен құрылысты қаржыландыру және несеилеу 
Ережелерімен реттелінеді. Осы ережелерде құрылысқа қатысушы жақтардың 
құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері қарастырылған. Заңды 
тұлғалардың құрамына қарай (инвестициялық субъектілері) және құрылыс-
монтаж жұмыстарының сипатына байланысты мердігерлік келісімнің мыныдай 
түрлері жасалынады: басты (генеральды) келісім, қосымша келісім, жылдық 
келісім-шарт, субмердігерлік келісім, тікелей келісім шарт. 
Басты келісім-шарт құрылыстың барлық мерзіміне арналған жоба-
сметалық құжатта көрсетілген барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын 
орындауға жасалынады. 
Қосымша келісім басты келісімде қарастырылған кейбір көрсеткіштерді 
толықтыру және дәлірек анықтауды қажет ететін жағдайлар үшін жасалынады. 
Егер құрылыстың басталуы мен аяқталуы бір жылдың ішінде болса, онда 
құрылыс жүргізу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды кеңейту мақсатында 
жекеленген цехтар мен ғимараттарды қайта құруды жүргізу үшін әдетте 
жылдық келісім-шарт жасалынады. 
Басты келісім-шартпен қаралған арнаулы құрылыс-монтаж жұмыстарын 
орындау үшін бас мердігер субмердігерлік келісім жасау арқылы 
мамандандырыған мердігерлік ұйымды тартуы мүмкін. 


20 
Тапсырыс берушінің монтаждаушы мамандандырылған ұйымдармен, 
фирмалармен,қондырғылармен, жабдықтаушылармен тікелей келісім-шартқа 
тұруға құқысы бар. 
Нарық жағдайындағы шаруашылықтар тапсырыс берушімен мердігерлер 
арасындағы қарым-қатынас, әсіресе жеке секторлармен басты реттеушінің 
арасында бұл қатынас техникалық, сейсмологиялық, экономикалық және 
басқадай нормативтерді сақтау үшін жасалған келісім - шарт анықталады. 
Нарық 
жағдайында 
құрылыс-монтаж 
жұмыстарын 
жүргізуде 
қолданылатын 
мердігерлік 
тәсілде 
құрылымдық-ұйымдық 
және 
функционалдық аспекттерде болған үлкен өзгерістер ескерілгеді. 
Бұрынғы үлкен-үлкен министрліктің, главкалар мен трестердің орнына 
нарыққа бағыт ұстанған мамандырылған акционерлік қоғамдар, компаниялар
ассоцияциялар, фирмалар және т.б. құрылды. Өзін-өзі аяқталмаған үш-төрт 
сатылы құрылыс үдерісін басқару енді жоқ, көптеген жоспарлық және есеп-
беру көрсеткіштері де жойылған. 
Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін есеп айырысу жаңа 
нарықтық қатынаста жасалынған мердігерлік келісім немесе оған сәйкес 
келісімдік баға бойынша жүргізіледі. Бұл жерде жасалынған келісім - шарттын 
маңызды және ажырамас бөлігі болып төлем кестесі мен құрылыс-монтаж 
жұмысын орындау кестесі табылады. 
Нарықтық қатынастар жағдайында тұрғызылатын нысандар толық 
аяқталғанға дейін аралық акт (ф.№2) және анықтама (ф.№3) жасалынбайды 
(тапсырыс беруші мен қаржыландыратын банк үшін), бірақ ішкі есепті жүргізу 
статоргандар мен салық қызметіне көрсету үшін мердігер оларды жасауға 
тиісті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет