111
Өткен ҰОҚ-дан
алған білім
Табиғат туралы қарапайым түсініктер;табиғатты қорғау жəне
табиғатты сақтап қалу, пайдалы іс-
əрекеттерге біршама тəуелділігі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
VI. Дұрыс əсерлі көңіл
күй орнату.
0–2 мин.
II. Өмірлік
тəжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3- 5 минут
(Ұ)Шаттық шеңбері.
Қол алысып, қəне, біз,
Достасайық бəріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
(Ұ)Педагог балаларға табиғат туралы өлең жолдарын оқып
береді:
Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік.
Білген сайын сырын оның жүреміз,
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып.
Табиғаттың қадірлеп қасиетін,
Əділдікке əрқашан бас иетін,
«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», – деп,
Халқың айтқан орынды өсиетін.
(Ұ) Табиғатты қорғау не үшін қажет?
Табиғатқа пайдалы жəне зиянды іс-əрекеттер?
Сен табиғатқа қандай пайдалы іс-əрекет жасадың?Табиғаттың
адам өміріндегі маңызы қандай?
Табиғат туралы өлеңдер жинағы.
112
Табиғат – адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы.
Табиғатқа қамқорлық жасау – əрбіріміздің міндетіміз.
Табиғаттың əрбір бөлшегі – адамзат баласы үшін асқан байлық,
қазына,адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі.
Достарыңызбен бөлісу: