114
Қосымша
Құрметті мектепалды даярлық сыныбының педагогтері!
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізгі
міндеттерінің бірі – мектепалды даярлық пен бастауыш мектептерде білім беру
сабақтастығын қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі даярлық сыныптары мен бастауыш
сыныптардағы оқыту жəне тəрбиелеу жұмысы біртұтас даму үдерісін құраған жағдайда осы
міндеттерді орындау мүмкін болмақ. Сонымен қатар мектепке дейінгі даярлық пен бастауыш
мектептің үздіксіз сабақтастығының міндетті шарттарының бірі –
бағдарламалар жəне оқу-
əдістемелік кешендерді құру қағидаларының біртұтастығы. Мектепалды даярлық пен
бастауыш мектеп бойынша жаңартылған бағдарламаның мазмұнын салыстырмалы талдау
көрсеткендей, бұл бағдарламалардың құрылымы біртұтас тəсілдерді қамтиды:
педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға жəне балалардың жетістіктерін бағалауға
мүмкіндік беретін
оқу мақсаттары жүйесінің болуы;
оқу үдерісін күнделікті өмірге жəне
қарым-қатынас жасауға қажетті қабілеттер
мен практикалық дағдыларды дамытып, қалыптастыруға бағыттау;
балалардың əлеуметтік маңызы бар тақырыптарды терең шолуына бағытталған
тақырыптық оқу мазмұнының болуы;
пəнішілік жəне пəнаралық мазмұнының кіріктірілуі;
мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тəрбие үдерісінің ортақ үлгісін
қамтитын
əдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.
Осы қағидалардың барлығы Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасының мазмұны мен құрылымында жəне жаңа оқу-əдістемелік кешендерінде
қамтылған.
Барлық тарау тақырыптары мектеп жасына дейінгі баланың сыни ойлауын көрсететін
нақты үлгі ретінде балаларды үнемі толғандыратын: «Бұл не? Қалай? Неге?» т.с.с. сауалдар
төңірегінде берілген. Балалар өздері куə болған адамдар əрекетінің, табиғи құбылыстардың,
оқиғалардың себептерін үнемі білгісі келеді. Бұл сұрақтар
баланың миын белсенді жұмыс
істете отырып, ойлау қабілетін дамытады.
«Алматыкітап баспасы» мектепалды даярлық жəне бастауыш мектеб оқу-əдістемелік
кешенінің ерекшелігі,
оқулықтар мен əдістемелік оқу нұсқауларының мазмұнында бірдей
ортақ тақырыптың қамтылуында болып отыр. Бұл мектепалды даярлық жəне
мектепте
білім беру мазмұнын сапалы кіріктіруді
толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл əдістемелік нұсқау қысқамерзімді жоспар түрінде орындалған ҰОҚ мазмұнынан
тұрады. Жоспарлаудың бұл түрі бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарында да бар,
сондықтан ол мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп ОƏК-ін əдістемелік қолдаудың
бірізділігін тағы да бір рет дəлелдейді.
Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымы мен ерекшелігі бар:
1. Оқу мақсаттарының болуы (олар бағдарламада белгілі
бір бөлім мен бөлімшелер
ретінде берілген, сондықтан педагогтер он өзгертпегені жөн).
115
2. Жоспарда ҰОҚ-ның
сараланған мақсаттары берілген (барлық балалар, балалардың
көпшілігі жəне кейбіреулері үшін). Бұл оқу үдерісін ұтымды
саралай ұйымдастыруға
мүмкіндік береді. Оқу жоспарының құрылымы практикалық жағынан пайдалану үшін
айтарлықтай қарапайым жəне оқу барысы үшін тиімді.
Жоспар 3 бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде баланың эмоционалдық көңіл күйін қамтамасыз ететін əдіс-тəсілдер
қаралған.
Екінші бөлімде негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған əдіс-
тəсілдер мен құралдар буынын қамтиды.
Үшінші бөлім рефлексия түрінде қорытынды шығаруға бағытталған. Жоспардың
«Ресурстар» атты айрықша тармағында дидактикалық, əдістемелік,
электрондық сипаттағы
əртүрлі апарат көздері берілген (кейбірінің электрондық мекенжайы бар). Қысқамерзімді
жоспарда əліппе-дəптердің, оның ішінде жұмыс дəптерінің барлық тапсырмалары ескерілген.
Егер əліппе-дəптерде бір ҰОҚ-да 2–4 тапсырма орындау ұсынылса, əдістемелік нұсқауда
əдістемелік тапсырмалар көлемін 15–20-ға дейін кеңейтеді. Əдістемелік нұсқаудағы
тапсырмалар осы əдіс-тəсілдер есебінен барынша қызықты,
мазмұнды, ойын түрінде
тартымды болады. Онда əдебисөз де, сурет салу да, сахналық рөл сомдау, ойын, драмалау,
ойнау, фольклор,сергіту сəті, практикалық тапсырмалар, шағын зерттеулер жəне т.б. бар.
Бұл педагог осы оқу құралын пайдаланумен ғана шектеліп, өз тарапынан қандай да бір
тиімді шығармашылық əдістер енгізуге немесе өздігінен өзгертуге құқығы жоқ дегенді
білдірмейді.
Басты шарты:
жоспарда қаралған оқу мақсаттарын, тақырыпты, оның
жүйелілігін, сондай-ақ əліппе-дəптерде белгіленген тапсырмалар сипатын өзгертпеу.
Қысқамерзімді жоспардың осы үлгісін пайдалану кезінде мектепалды даярлық
сыныбының педагогтерінде сұрақтар туындауы мүмкін:
1. Мектепалды даярлық педагогтерінің көпшілігі пайдаланған технологиялық картаның
қысқамерзімді жоспардан қандай айырмашылығы бар?
2. Қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық карта үлгісіне ауыстыруға бола ма?
Педагог қысқамерзімді жоспарды пайдалана ма əлде технологиялық картань
пайдалана
ма – өзі шешеді.
Бірақ қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық картаға өзгертпеген жөн, өйткені
мектепалды даярлық жəне бастауыш мектеп жоспарларының бірізділігі мен тұтастығы
бұзылады.
Қысқамерзімді жоспардың технологиялық картадан бірнеше айырмашылығы бар:
Достарыңызбен бөлісу: