Анар Салқынбай
ф. ғ. д., профессор, әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ
ҮШТІЛДІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ӨМІРШЕҢДІГІНІҢ НЕГІЗДІЛІГІ
Article is devoted to judgment of a linguistic vitalnost (viability) of Kazakh language. The
author is focused the attention to some, from his point of view, the most important factors causing
viability of this language in the modern world.
1. Қазақ тілінің әлеуметтік мәселелерін зерделеу, талдау жөнінде біршама ғылыми зертте-
улер жүргізілгенімен, қазіргі жаһандану жағдайында тілдің өміршеңдігі туралы мәселе өзекті
саналады. ХХ ғасыр соңында тәуелсіздігін алып, енді өз дамуының жолына түскен Қазақ
елінің мемлекеттік тілінің өміршеңдігі туралы мәселенің әлеуметтік, саяси, ғылыми мәні зор.
2. Қазақ тілінің өміршеңдігі туралы Н. Уәли, Э. Д. Сүлейменова, З. К. Ахметжанова т. б.
сынды ғалымдардың ғылыми зерттеулерінде біршама ғылыми пайымдаулар айтылады. Зерт-
теушілер тіл өміршеңдігінің негізгі белгілері мен парадигмаларын анықтау арқылы қазақ
тілінің бүгінгі жағдайын зерделейді.
3. Америкалық ғылыми дәстүрде антропологиялық тіл білімі қоғам өмірінің нағыз айнасы
ретінде этнолингвистиканың бөліміне еніп, Э, Сепир, Ф. Боас зерттеулерінің негізіне енгені
белгілі. Ф. Боас айналадағы шындықтың тілде таңбалануының басты қағидаларын белгілеп,
тіл – халықтың рухани өмірінің манифестациясы деп көрсетті.
4. Қазіргі кезеңде тіл біліміндегі әлеуметтік парадигма дамып, макро әлеуметтік және
микро әлеуметтік бағытта зерттеле бастады. Макро әлеуметтік тіл білімі бағыт бойынша –
тілдік мәртебе, кодтау, этнос тілінің рөлі, тілдік жоспарлау және тілдік құрылыс мәселесі
терең қарастырылса, микро әлеуметтік тіл білімі бағытында – тілдің қызметі, лебіз (сөйлеу),
тілдердің бір-біріне ықпалы, қатысымдық контекст, тілдің стилистикалық және әлеуметтік
құрылымын зерделеу жүргізілуде.
5. Қазақ тілінің өміршеңдігінің басты белгісі ретінде мыналарды көрсетеміз:
• ұлттық сананың өсуі мен ұлттық құндылықтардың бағалануы;
• ұлттық мәдениет пен ұлттық көркем әдебиеттің болуы;
• өмірдің әртүрлі салаларында мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметінің артуы;
• 10 жасқа дейінгі балалардың мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі.
6. Қазіргі үштілділік жағдайында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің
мүмкіндіктерін арттыру, оның қоғамдағы орнын кеңейту, балалар бақшасы мен мектеп жа-
сындағы балалардың мемлекеттік тілде білім алуына жағдай жасауға ерекше мән беру – қазақ
тілінің өміршеңдігін арттырудың басты жолдары болмаққа керек.
| 15
Достарыңызбен бөлісу: |