Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет11/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Сейдулла Садықов
ф. ғ. д., профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ- түрік университеті
АНА ТІЛІ – ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ӨЗЕГІ
In the period of USSR actual issues took place in Kazakh language. Kazakh people were reduc-
ing in contrast of Russian ethnic groups and other nations who spoke Russian. This language was in 
the lead. The day before Independence Day of Kazakh language acquired the status of national lan-
guage as the result of institution of «Language Act» in the Constitution of Republic of Kazakhstan.
Nowadays, the purpose of intellectual Kazakh people is to instill the state language into daily 
usage; to replace the Mother tongue with the state language of government; to level up Kazakh 
language up to the level of international relationships and the language capable to communicate 
with foreign countries.
Қазақстанда кеңестік дәуірде қазақ тілі мәселесінің проблемалары орын алды. Ол қоғамның 
этникалық құрамының өзіндік сандық көрсеткіштеріне байланысты еді. Ресми статистика 
берген көрініс төмендегідей болатын. Орыстардың ұзын саны қазақтармен тең болды. Орыс 
этносының өкілдері мен орыс тілді басқа да ұлт өкілдерін (оның ішінде орыс тілді қазақтар 
да аз емес) қосқанда қазақтар өз елінде азшылыққа айналды. Осылайша орыс тілі жетекші 
орынға ие болды. Оны республика тұрғындарының басым бөлігі туған тіліндей ғана емес, 
сонымен бір мезгілде ресми және ұлтаралық қатынас құралы ретінде де пайдаланды.
Тәуелсіздік қарсаңында қабылданған Тіл туралы Заң мен Қазақстан Конституциясында 
айқын жазылып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Республикалық «Қазақ тілі» 
қоғамы құрылып, оның жергілікті аудандарда бөлімшелері пайда болды. Жоғары арнаулы 
оқу орындарында қазақ бөлімдері ашылып, орыс бөлімдерінде де қазақ тілі оқытыла бастады. 
«Қазақ тілі» қоғамы бөлімшелерінің газеттері жарық көрді.
Сол тұста Қазақстандағы ақпарат құралдарының басым бөлігіне ие болып отырған 
шовинистік пиғылдағы топтар орыс тіліне мемлекеттік мәртебе әперу үшін күрес жүргізді. 
Оларды парламентте де билік басында отырғандар арасында да жақтаушылар болды. Қазақ 
тілі қолдаусыз қалды. Президент Н. Назарбаевтың табанды саясатының арқасында ғана Кон-
ституциямызда бір ғана мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесі сақталды.
Мемлекеттік тіл мәселесі тұрғындардың этникалық құрамы сан алуан Қазақстан үшін 
мемлекеттілік пен егемендікті нығайтудың басты факторларының бірі.
Ұлттық идеяның өзегі саналатын тіл мәселесі Қазақстан халқы Ассамблеясының страте-
гиясында, ұлттық бірлік Докторинасында айрықша маңызға ие.
Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінің мәртебесін көтеруге атсалысады деп айту қиын. Әлемнің 
түкпір-түкпіріне шашырап кеткен төрт миллиондай қазақтарды Атажұртқа қайтаруды 
жеңілдету ана тілімзде сөйлейтін ұлттық ортаны қалыптастырудың маңызды шарты.
Қазіргі кезде қазақ зиялыларының талап-тілектері негізінен төмендегідей: мемлекеттік 
тілді күнделікті қолданысқа енгізу; Ана тілін мемлекеттік басқару тіліне көшіру; қазақ тілін 
халықаралық қатынастар тіліне, Қазақстанның шет мемлекеттермен байланыс жасау тілі 
дәрежесіне көтеру; қазақ тілін ғылымның сан-салалы күрделі түрлерін игеретін тілге көшіру; 
қазақ тілін заң шығару, құқық қорғау орындарында еркін қолданылатын тілге айналдыру, 
тағы басқалар.
Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың БҰҰ Саммитінде баяндамасын Ана тілінде жа-
сауын қазақ тілі болашағының бастауы ретінде бағалау керек.


16 |
1-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет