| 33
Бағдан Момынова
ф. ғ. д., профессор, А. Байтұрсынұлы ат.
Тіл білімі институты
СӨЗ МӘДЕНИЕТІ: СӨЙЛЕУ ӘДЕБІНДЕГІ КӨМЕКШІ ҚҰРАЛДАР ҚЫЗМЕТІ
There are six types of nonverbal receptions – optokinetics, paralinguistics, ekstralingvistika,
proksemika, material and contextual and tactile actions, alfactory. These nonverbal receptions find
linguocultural properties. The role of paraelements in spheres of the speech and their transition
from one role to another becomes a social habit of the communicant over time. The article is de-
voted to speech behavior and to role of auxiliary or kinetik means and their types in formation of
social habits in communication.
Коммуникологияның
кинесика бөлімі бейвербалды коммуникацияда адамның дене
мүшелері арқылы жасалатын әрқайсысы белгілі бір мәнге ие қимылдарды қарастырады және
олар бейвербалды коммуникацияның бір түріне жатады, бейвербалды коммуникацияның
технологиялары көп байқалатын бөлім болып табылады. Осы бөлініс бойынша кинесиканың
өзі іштей: ым («мимика»), ишарат («жест»), дене//тұлабой қалыбы («поза») деген түрлерге
ажыратылады.. Дәстүрлі бөлімге дінге, ділге байланысты және күнделікті тұрмыста орын-
далатын бейвербалды амалдар кіреді. Ым, ишарат, дене қалыбы арқылы ақпарат жеткізетін
мәнді бейвербалды амалдарды сезімге, жан-дүниеге байланысты немесе рухани мәнді семан-
тикалық топтардың ішіне де кіргізуге болады.
Ым-ишараттарға мағынасына, құрылысына, таңбасына, қызметіне, қолданылу ерек-
шеліктеріне қарай өзіндік классификациясы бар. Мағынасына қарай бөлуді, түрлі сезім-
күйлерді жеткізуіне қарай топтауды алғашқы кезекте айту керек. Мысалы, жағымды//жағымсыз
сезімдерді жеткізетін бейвербалды амалдар болады. Ал құрылысына қарай кешенді (
ашудан
бүкіл денесі қалш-қалш етіп, даусы дірілдеді; көзін төмен түсіріп, қысыла күлімсіреді т. б.),
дара (
жалт қарады, күлімсіреді, күлді, қолын көтерді, ернін шығарды т. б.) параамалдар бар.
Қызметіне қарай мағыналық (мағыналық реңктер, омоним, синоним, антоним, көп мағыналы),
эмоционалдық (
қуаныш, реніш, шаттық, қайғыру, құсалану) т. б. деп бөлінеді.
Тіл білімінде қатысымның комуникативтік құралдарына сөйлеу және бейвербалды түр
жатқызылады.
Лингвомәдениеттануда сөйлесушілердің сөз әдебі арнайы зерттеледі. Әрбір этникалық
мәдени ортада сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы сөйлеу идеалының қалыптасқан үлгісі
болатынын да осы сала зерттейді. Бұл идеал
оқытушы мен студент, әйелі мен күйеуі, әке
мен бала, басшы мен бағынышты, жасы үлкен қадірменді адам мен жастың т. б. арасында,
яғни сөйлесудің түрлі сферада өтуіне сәйкес қалыптасқан. Сөйлесу сфералары жартылай
ресми, ресми, ресми емес, достық жағдайдағы, т. б. түрде бола береді. Сол сияқты сәби, бала,
жасөспірім, оқушы-студент, қызметтік (бастық-бағынышты), ер мен әйел яки гендерлік, маман
және маман емес адамдардың түсінісуі кезінде орындалатын бейвербалды амалдар және басқа
да әлеуметтік топтар қолданатын бейвербалды амалдар бар. Өйткені, кез келген адам – өмірде,
қоғамда белгілі бір рольді орындаушы. Айталық, көлік жүргізушісі, көлікке мінсе – жолаушы;
үйде әркім де ата-ана, қызмет орнында маман, қызметкер, саясатта мәртебесі биік – саясаткер,
т. б. Осы рольдеріне қарай әркім сөз саптайды, сөйлейді, түрлі дене қимылдарын жасайды,
сөйтіп ым-ишараттардың топтары қалыптасады, оларды орындау дағдысы қалыптанады.
Адам мәдениеті өскен сайын адамның қарым-қатынас жасау мәдениеті жоғарылай түседі. Ал
адамның бір рольден екінші рольге көшуге бейім болуы коммуниканттың
әлеуметтік әдебі
деп аталады. Ал
сөз әдебі осы әлеуметтік әдептің бір құрамдас бөлігі болып табылады. Ол
34 |
2-СЕКЦИЯ:ХХІ ҒАСЫР ФИЛОЛОГИЯСЫНДАҒЫӨЗЕКТІ
МӘСЕЛЕЛЕР
құрамдас бөлікке, әрине, бейвербалды амалдар да енеді. Адамның сөз әдебі де, бейвербалды
құралдары да, әлеуметтік жіктеліске сай, адамның мәртебесіне лайықты болады. Коммуни-
канттың әлеуметтік әдебі, басқаша айтқанда, статусы өзгергенде оның ым-ишаратында, дене
қалыбында да бірталай өзгерістер болады. О. Бөкей шығармасының кейіпкері бір кездердегі
бай Омардың конфискациялау алдында ойында өзгеріс пайда болады. Жазушы өз кейіпкерінің
ой-санасындағы толғаныстар мен өзгерістердің сөз әдебіндегі өзгерістерді тудыра отырып,
оның дене қалыбындағы, өзін-өзі ұстауындағы, қимылдарындағы ерекшеліктерді қалып-
тастыратынын былайша суреттейді: «
Ат үстінде үнемі шалқақ отыратын Омар әлде сол
сумаңдаған суықтан қорына ма, әлде сүйегі жұқарып қарттық жеңіп, ашутастай уайым
Достарыңызбен бөлісу: