Қ. Жанұзақова
ф. ғ. д., доцент, ҚызМемҚПУ
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТТАР
At the end of the 20th -at the beginning of the 21st century Kazakhstan society enters a new
stage of the development. The pluralism in the relation to earlier formed basic categories in a
literature science (class character, socialist realism, etc.) opened a way to inconsistent sights in
evaluation of history of the modern literature development. Together with change of perception
of the literature role in a society, the active attitude to new forms, ways and means of the validity
image the new scientific-theoretical approaches and principles of studying of literary process are
fulfilled. Revealing of laws of the literature science development, determination of its methodolog-
ical concepts, theoretical bases and directions of research, achievements and prospects is rather
actual problem.
Мақалада қазіргі қазақ әдебиетінің дамуындағы басым бағыттар белгіленеді. Әдебиеттің
даму бағыттары модернистік, постмодернистік ағымдармен тығыз бірлікте қарастырылады.
ХХІ ғасырдың басындағы жаңа қоғамдық дәуiрге аяқ басқан ұлттық әдебиеттің даму ерек-
шеліктері айқындалады. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының басты даму бағыттары ұлттық
ғылыми ойдың даму тарихымен және қазіргі әдеби процеспен байланысы бағамдалады.
Орасан зор тарихи өзгерістерге бай ғасырлардың тоғысы – қазақ әдебиетінің даму та-
рихындағы күрделі кезеңдердің бірі. Бұл тұста әлеуметтік-саяси формацияның, қоғамдық
сананың түбегейлі өзгеруіне байланысты қоғамда қалыптасқан эстетикалық идеалдар мен
рухани мәдениетіміздегі құндылықтарды қайта қарау, бағалау орын алды. Жаңа қоғамдық
дәуiр, жаңа тарихи кезеңде ұлттық әдебиеттің даму ерекшеліктерін жаңаша көзқараспен,
әділ бағалау үшін қазақ әдебиеті тарихын таптық көзқарастан ада, ешқандай идеологиясыз,
таза әдеби, рухани мұра ретінде зерттеу мүмкіндігі туды. Көпғасырлық қазақ әдебиетінің
тарихын зерттеудің басты бағыттары төмендегідей: 1) диахрондық, синхрондық аспектілер
тұрғысынан әдеби бағыттардың дамуы арқылы автордың шығармашылық ерекшелігін
айқындау; 2) салыстырмалы талдау арқылы әлем әдебиетінің аясында ұлттық әдебиетіміздің
ерекшеліктерін айқындау; 3) әдебиетті көркемдік тұтастық ретінде түсіну мен бағалау; 4)
әдеби мұраларымызды қайта қарау, бағалау, оның ішінде шетелдегі қазақ әдебиетін зерттеу;
5) әдебиеттің идеялық, эстетикалық ерекшеліктеріне, философиялық мазмұнына назар аудару,
қазақ әдебиетін басқа халықтардың әдебиетімен салыстыра талдау.
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам
басты. Сөз өнерінің қалыптасқан басты ұғымдары (таптық қайшылықтар, социалистік реализм)
келмеске етіп, қазақ әдебиетінің тарихын жаңаша бағалау орын алды. Қоғамдағы әдебиеттің
атқаратын қызметі, теориялық тұрғылары өзгерді. Бұл тұста әлеуметтік-саяси формацияның,
қоғамдық сананың түбегейлі өзгеруіне байланысты қоғамда қалыптасқан эстетикалық иде-
алдар мен рухани мәдениетіміздегі құндылықтарды қайта қарау, бағалау орын алды. Осы
орайда әдебиеттану ғылымының басты даму бағыттарын, заңдылықтарын, оның әдіснама-
лық тұғырнамасын, теориялық негіздері мен зерттеу аясын айқындау, әдебиеттің көркемдік
табыстары мен жетістіктерін зерделеу аса өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
| 41
Достарыңызбен бөлісу: |