Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ ПОЭТИКАСЫ



Pdf көрінісі
бет30/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ ПОЭТИКАСЫ
(Роза Мұқанова шығармашылығы негізінде)
It is the essential natural legality, the influence of the society’s major political and social 
changes and their impact on in the spiritual world. Science and technology in the developing world 
are dominated by the flow of information that extends the horizon of knowledge of art and artistic 
expression, a new time and space field.
Қоғамдағы күрделі саяси-әлеуметтік өзгерістер адамзаттың да рухани ілгеруін тудырары 
табиғи заңдылық. Ғылым мен техника дамып, әлемді ақпарат ағыны билеген кезеңде сөз 
өнерінде де көркемдік таным көкжиегі кеңіп, жаңа уақыт пен кеңістік өріс алды.
Батыстан бастау алған модернизм ағымынан соң іле-шала дүниеге келген постмодернизм 
поэтикасында қоғамдағы көп қыртысты қайшылықтар мен сан алуан көзқарастар қақтығысы, 
сол сапырылысудың арасында табан астында тапталған құмырсқадай тағдыры тығырыққа 
тірелген жеке адам санасындағы өзгерістер мен басқа жан байқай қоймайтын ішкі жан әлемі 
алғы шепке шықты. Міне осынау заманауи тақырыптарды өз туындыларына өзек етіп, өзі 
өмір сүріп отырған қоғамның тамыры тереңде жатқан қайшылықтарын өз замандастарының 
тағдыры арқылы зерделеуге тырысқан Роза Мұқанова жаңашыл жазушы.
Шығармашылық ізденісі іркілмей іргелі тақырыптарды зерттеуге табанды тер төгіп жүрген 
талантты жазушы табиғатқа жасалып жатқан жойқын апат, қастандықтың кесірі жер бетіндегі 
адамзатқа атылған оқ екендігін ескертіп, әдеби кеңістікке экология тақырыбын әкелді. Оның 
«Мәңгілік бала бейне» әңгімесі бүгінгі адам мен табиғат арасындағы тартыстың трагедиялық 
залалын кішкентай замандасымыз Ләйләның тағдыры арқылы бейнелейді. Адамның рухани 
болмысын бейнелеуде жаңаша өріс ашқан қаламгер мұнда символдау, бүкпелеу, шизоанализ, 
галлюцинация, ырықсыздық, тұспалдау, елестету, қиялдау сынды ой толқынын, сезім ырғағын, 
психологиялық тартыс пен тайталасты өзіне тән мән-мағынасы терең толғаныстармен, өзгеше 
өң алған тың өрнекті тілмен, өзінше бір ойлы орам, оқшау оқиғамен орайлап айтқысы келетін 
талап қойған. Кәдімгі күнделікті өмірде көп көріп жүрген оқиғаны көркемдік кеңістігіндегі 
іргелі рухани құбылысқа айналдырып көрікті етіп кестелеген қаламгердің қаламында сирек 
кездесетін суреткерлік қасиет бар: «Сарқаншық», «Өзің», «Тұл», «Дүние кезек», «Монастырь», 
«Қаралы төбе» т.б сияқты шығармаларын оқып көріңіз. Роза Мұқанованың «Құдірет-Кие» 
жинағындағы әңгімелер жүйесі қазіргі қазақ прозасындағы постмодернизм поэтикасынан, 
сөз өнеріндегі көркемдік құндылықтардан, тың түрлік, пішіндік, стилдік өрнектердің өрісін 
танытып, жаңа көркемдік-эстетикалық талғам-танымнан түсінік береді.


| 37


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет