Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет44/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Жұматаева Сауле
ф.ғ.магистрі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық 
қазақ-түрік университеті
ТІЛ МЕН ДҮНИЕТАНЫМ ТҰТАСТЫҒЫ
The article is about integrity of language and worldview. The National worldview is a unique 
phenomenon. It is closely related with the language. Since language is not only a means of commu-
nication, as well as a reflection of human nature and culture.
Қоғамның қай сатысында болсын тіл мен ой бірлігінің егіз дамып, өзара байланысып, 
ұлттық болмысты айқындап, тілде көрініс табуы заңды құбылыс. Кез келген халықтың эт-
номәдени тұрмысын ұлттық тілдің жетегінде, әлеуметтік мәдениеттің ауқымында, дүние-
танымын қоғамдық ғылымдар аясында сөз ету мәселесі тіл білімінде этнолингвистика 
ғылымында қарастырылғанымен, осы құбылыстың қоғамдағы әлеуметтік мәдени өрісі – 
лингвомәдениеттанудың еншісіне тиіп отыр. Аталған екі ғылым сағасы бір арнаға тоғысып, 
тіл мен мәдениеттің шекарасында халық тілі мен ұлт мәдениеті, ұлт менталитеті арасындағы 
қызметімен сабақтастығы анықталады. Бұл тілдің адамға, оның жан дүниесіне көркем тіл 
арқылы ерекше әсер ететін эстетикалық қызметімен астасады. Осымен байланысты жеке ұлт 
тілі ретінде қазақ тілінің дүниетанымдық қызметінің қазақ тілінің негізінде қарастырылуының 
маңызы, оның ұлт мүддесі үшін қызметі, керісінше, ұлт дүниетанымындағы қасиеттердің, 
арнайы ұғымдардың ана тіліміздегі көрініс табуы, соның негізінде кейбір ерекшеліктерін, 
тілдік айналымдағы орнын көрсетіп беру сияқты сұрақтар ауқымын жан-жақты аша түсуді 
қажет етіп отырғандығы ақиқат.
Ұлттық дүниетаным – қайталанбас құбылыс. Ол сол ұлттың бүкіл бітім-болмысымен, 
қоршаған ортасымен, менталитетімен, шаруашылық жүйесімен, тіпті, табиғат құбылыстары-
мен тығыз байланысты. Дүниетаным – тарихи өзгеріп отыратын жүйе. Дәлел ретінде, қазақ 
халқының дүниетанымының өз тарихында Тәңірлік, Шамандық, Аруаққа табыну, Ислам діні, 
коммунизм идеалогиясымен қатар, қазіргі кезде сырттан келген неше түрлі мәдени ағым-
дардың, діни ағымдардың ықпалына қалу қаупінде қалып отырғанын айтсақ та жеткілікті. 
Ұлттық дүниетанымның нәр алатын ортасы, әрі көрінер жері – ұлттық мәдениет. Әр мәде-
ниетте дүние, қоршаған ортаға деген сан қилы көзқарас, түсінік қалыптасады. Мәдениет за-
манына, дініне, моралдік нормаларына қарай адамға, өмір мен өлімге, адамның іс-әрекетіне, 
т. б. әр халықтың басында бар негізгі құндылықтарға байланысты өзінің көзқарас жүйесін 
қалыптастырады. Міне, осы көзқарастың көрінетін, таралатын, сақталатын құралы – тіл. 
Мұны А. Байтұрсынұлы: «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының 
бірі», – деп жазады. Бұл жөнінде белгілі Қазақстан мәдениеттану саласының ғалымдары бы-
лай дейді: «Тіл – тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның 
мәдениетінің көрінісі. Өйткені мәдениет таңба, белгіден тысқары, яғни тілден тысқары өмір 
сүре алмайды. Адамды түгелдей дерлік таңбалық әлем қоршаған, өйткені адам болмысының 
өзі таңбалық, тілдік болмыс. Адам бір мезгілде таңбаны тудырушы да, оны талдаушы да …
Тіл – тек денотативті (белгілі, сигналды) коммуникация құралы ғана емес, сонымен бірге 
когнатативті (белгілі әлеуметтік – мәдени, идеалогиялық мәні бар) құрал. Тілде әр халықтың 
тарихы, оның өмірі, тіршілігі, шаруашылығымен мәдениеті жатыр». Бұл пікірлер сан ғасырлар 
бойы ұлттық болмыс пен рухани санаға сай қалыптасқан қазақ тілінің тілдік мұрасы – ұлттық 
дүниетанымның сақтаушысы, қазынасы ретіндегі қызметін толық дєлелдейді.


| 51


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет