Керімбекова Баян
ф. ғ. к., С. Демирель
атындағы университет
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗДЕРІН БІЛІМ
ҮДЕРІСІНЕ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
The ways of proposing the ideology of «Mangylik yel» to educational process are discussed in
the article with the name of to submit the national ideology of «Mangylyk yel». Author deliberated
in the sphere of the Kazakh literature. The education is the overfamiliar theme of nawadays educa-
tional system. Reason of that author offered to take ideology that the main aim is to teach with the
help of «Mangylik yel» ideology.
«Мәңгілік ел» идеясын білім беру үдерісіне қалай енгізуге болады? Аталған мақалада біз
осы мәселені қазақ әдебиеті пәні аясында ғана қарастырып көрмекпіз. Бүгінде ұлттық идеямызға
айналып отырған «Мәңгілік Ел» идеясының бастау-бұлағы деп есептелетін жәдігерлерінің
бірі – «Орхон-Енисей» жазба ескерткіштері. Аталған жәдігерлерде «Мәңгілік Елге» қалай
айналамыз деген сұрақпен қатар, осыны қалай сақтап қаламыз деген сұраққа да жауап бар.
5–7 сыныптарда Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жырын оқыту барысында жырдың
идеясы мен бүгінгі «Мәңгілік Ел» идеясын салыстыра отырып оқытқан нәтижелі болар деп
ойлаймыз. Бүгінгі білім беру үдерісінде кіріктірілген білім берудің маңыздылығы жайлы жиі
айтылып жүр. Осы орайда әдебиетімізді «Мәңгілік ел» идеясымен байланыстыра оқытуды
да негізгі мақсаттарының бірі ретінде алсақ деген ұсынысымыз бар.
«Мәңгілік елге» айналу, кемел мемлекет құру, адамның жақсы өмір сүруге деген құлшы-
нысы қай заманда болмасын басты қозғаушы күштердің бірі болған. Платонның «Атланти-
дасы» мен әл-Фарабидің «Қайырымды қаласы, Баласағұнның Құтты мемлекеті, Фирдоусидің
«Сияуыш қаласы, Низамидің әділетті елі, Асан қайғының Жерұйығынан Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың әділетті қоғамына дейінгі аралықта бүгінгі күні өзіміз жиі айтып жүрген
«Мәңгілік ел» идеясы» көрініс тапқан. Біздің білім берудегі бүгінгі міндеттеріміздің бірі –
өмірдің кез- келген ағымына дайын, жаңашыл-шығармашылық тұрғыда пікірлесе білуге
дайын интеллектуалды тұлға тәрбиелеу. Демек, Жүсіп Баласағұн шығармаларын «Мәңгілік
Ел» идеясымен салғастыра отырып оқыту, біліммен қатар тәрбие беруде таптырмас құрал
деуімізге негіз көп.
Көне түркі ескерткіштерінен анық аңғарылатын «Мәңгілік Ел» болу негіздері ХҮ-ХҮІІІ
ғасырлардағы жыраулар поэзиясынан айқын көрінеді. 5- сыныпта «Асан қайғы аңыздары» атты
тақырыпты өту барысында оқушыларға «Асан қайғының Жерұйықты іздеуіндегі мақсаты
не болды деп ойлайсыздар?», «Жерұйық» сөзін қалай түсінесіздер?» деген сынды сұрақ қою
арқылы ой қозғап, одан кейін Асан қайғының мәңгі ел болуды көксегенін айтуға болады.
Сондай-ақ, «Асан қайғыға ол іздеген Мәңгілік елдің» туралы хабарлама жазыңыз деген
сынды тапсырмалар беру арқылы Ұлттық идеямызды білім беру үдерісіне енгізіп отырсақ.
Сондай-ақ, мектеп бағдарламаларында қамтылған Асан Қайғы, Қазтуған, Бұқар жырау, Жи-
ембет жыраулардың толғауларын бүгінгі күнмен салыстыра отырып, сыни көзқараста оқыту
да пән мұғалімінен ізденуді талап етеді.
Қорыта айтқанда, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын білім беру үдерісінде оқып-үйрену –
рухани құндылықтар сабақтастығынан тәлім береді.
| 53
Достарыңызбен бөлісу: |