Ұ. К. Исабекова
ф. ғ. к., докторант
М. В. Ломоносов ат.ММУ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІНДЕГІ «ҚҰТ» КОНЦЕПТІСІ
«Qut» lexeme, which has a deep cognitive meaning, is a linguistic unit linking the modern
Kazakh language with its origins. In addition, it is the language reprezentantive reflecting in the
language the archaic Turkic outlook, manifested as the spiritual and material values of humanity
and the universe. The views of the Kazakh people, invested in the concept of qut are impossible to
fully disclose without cognitive method. Studying the qut concept in the aspect of time, it may be
noted that it has had comprehensive development in the Middle Age.
Тіл – адамдар арасындағы коммуникативтік қарым-қатынасты жүзеге асыра отырып,
ұлттың тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінез-құлқы мен салт-санасын,
дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтайтын және дамытатын, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп
отыратын таңбалық жүйе. Кез келген этностың ежелгі дәуірден бастап, қазіргі өмір сүріп
отырған кезеңге дейінгі бар болмысы, дүниетанымдық жүйесі, халықтық рухы әуелі оның
тілінде көрініс табады. Сондықтан тіл таңбалық жүйе ғана емес, мәдениеттің де көрсеткіші
болғандықтан, лингвистика құрылымдық деңгейде зерттеулер аумағынан асып, тілді диалек-
тика-динамикалық құбылыс ретінде антропологиялық тұрғыдан зерттеу бағытына бет бұрды.
Әлемдік және отандық тіл білімінің қазіргі таңдағы дамуы «тілдегі адам факторы» антропо-
логиялық ұстанымды негізге алып, «тіл және адам» бірлігінің біртұтас теориясын қалыпта-
стырды. Антрополингвистикалық зерттеулерде «тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас
құралы» ғана емес, сонымен қатар халықтың ой-танымы мен сана-сезімін қалыптастырудың,
ақпараттық байланыс пен тұлға аралық келісім мен әлеуметтік қатынастарды құрудың амалы,
этностың сан ғасырлық тәжірибесін жинақтаушы, қоғамдық білімін қордалаушы және оны
келер ұрпаққа жеткізуші танымдық, этномәдени феномен тұрғысынан сарапталады.
Адам, белгілі бір этногенетикалық қауымдастықтың өкілі, қоршаған ортаны танып-білу
процесіндегі танымдық, қоғамдық-мәдени іс-тәжірибесін тілінде бекітіп қана қоймайды, сөз
мағыналары және олардың ассоциациялық жүйесі арқылы санасындағы концептуалдық дүние
бейнесіне ұлттық-мәдени реңк үстемелейді. Қазақ дүниетанымында кеңі орын алғанын осындай
танымдық бірліктердің бірі – құт. Аталған сөзінің мағынасының күрделі құрылымы мағына-
сын талдағанда міндетті түрде назарға алынатын лексикалық синтагматика, парадигматика
және эпидигматика сияқты ішкі және сыртқы семантикалық қатынастардан байқалады. Қазақ
тілінің сөздік қорында құт жеке лексикалық бірлік ретінде қолданылмайды, бірақ доминант
ретінде тұрақты тіркестер жасауға қатысады. Түркі халықтары дүниетанымының архисаналық
кезеңінен бастау алатын құт киелі ұғымы – жалпытүркілік мифологиялық және тілдік сана
арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса отырып, халықты адамгершілікке, тазалыққа, әдептілікке
тәрбиелеу құралына айналған архаикалық құндылықтар жүйесі. Сонымен қатар белгілі бір
дәрежеде ғалам, адамзаттың, рухани және материалдық құндылықтар ретінде қалыптасқан
жалпытүркілік архаикалық таным-түсініктің тілдегі бейнесін сипаттайтын лингвомифология-
лық, лингвофилософиялық, лингвомәдениеттанымдық және лингвоэтнологиялық мазмұнға
негізделген тілдік репрезентант. Қазақ дүниетанымында жан-жақты мәнге ие болған құт
концептісі көнетүркілердің мифологиялық дүниетанымының белгілерін молынан сақтап,
орта ғасырларда оны әрі қарай дамып жетіледі және дамудың кейінгі кезеңінде жалпыланады.
52 |
2-СЕКЦИЯ:ХХІ ҒАСЫР ФИЛОЛОГИЯСЫНДАҒЫӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
Достарыңызбен бөлісу: |