Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25


Қ. Қадашева п. ғ. д., профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Тұран-Астана университеті Ұ. Асанова



Pdf көрінісі
бет52/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Қ. Қадашева
п. ғ. д., профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.
Тұран-Астана университеті
Ұ. Асанова
п. ғ. к.,
Л. Гумилев ат. ЕҰУ
С. Омарова
ф. ғ. к., доцент,
Тұран-Астана университеті
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ (БАҚ МАТЕРИАЛДАРЫ) 
ТИІМДІЛІГІ
The issues of Information and Communication Technology in teaching Kazakh as a second lan-
guage that contribute to preserve the learning information, to form the skills and habits of commu-
nication, the ability to express own opinion on different themes are submitted in the paper. The ma-
terial used in writing the tutorial is chosen according to general program approved by the Ministry 
of Education and Science of the Republic of Kazakhstan and according to the topics of B
1
-B

levels.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері қоғамның түрлі салаларында белсенді қолданысқа ие 
болып отырған ақпараттық-коммуникациялық технология бүгінде білім беру саласына да 
енгізіліп отыр. Бұл үрдіс қазіргі заманғы жаңаша ойлайтын жастарға үлкен ықпалын тигізуде.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны тіл үйрету үрдісінде ұтымды қолдану тілдік 
тұлғаның санасына үлкен әсер етіп, оның ақпаратты қабылдау мүмкіндігін арттыруға, тіл 
үйренуге деген қызығушылығын оятуға септігін тигізеді.
Тіл үйренушілерге еліміздің орталық басылымдарынан алынған ақпаратты (мультиме-
диалық, анимациялық, аудио және бейне) экран арқылы таныстыру – ақпараттық-коммуни-
кациялық технологияның тиімді тәсілдерінің бірі.
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту үдерісіндегі «Тілді үйретудің диалогтік техноло-
гиясын» педагогикалық процесте пайдалану тіл үйренушілердің оқу ақпаратын есінде ұзақ 
сақтауға және оны меңгеруге, сондай-ақ білім, дағды, білігін қалыптастыруға, ең бастысы 
саяси, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық тақырыптарға қатысты сұрақтарды 
талқылауға және пікір алмасуға мүмкіндік береді.
Бұқаралық ақпарат құралдары материалдары – тіл үйренушінің тілдік және ауызша сөйлеу 
дағдысын белсендіретін басылым. Оқыту пәнінің мақсаты – қазіргі заманғы БАҚ матери-
алдарын (газет-журнал бетінде жарияланған, теледидардың ұлттық арналарында берілетін 
ақпараттық жаңалықтар) қолдану арқылы тіл үйрету.
Газет-журнал, телехабарлар – өмірдің негізгі бұлжымас қоғамдық тармағы. Олай болса, 
БАҚ ақпарт жеткізудің мол қайнар көзі ретінде тіл үйренушінің қатысымдық және елтаным-
дық құзіретін қалыптастыратын тілді оқыту мазмұнының бір бөлігі болмақ.
Мақала авторлары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 
Жалпы білім беру пәндері бойынша пәндердің типтік оқу бағдарламалары негізінде бекітілген 
«Қазақ тілі» типтік оқу бағдарламасына сәйкес ЖОО студенттеріне арналған оқу құралын 
жазды. Оқу құралын жазудағы басты мақсат – іріктелген мәтіндер негізінде саяси-қоғамдық, 


60 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР 
тұрмыстық-мәдени аяда жылдам қарым-қатынасқа түсуге қажетті дағды мен білікті қалыпта-
стыруда инновациялық технологияның тәжірибеден алынған оңтайлы шешімдерін көрсету.
Оқу құралы мазмұнын құрайтын материалдар – Қазақстанның басылымдарында жария-
ланған газет жанрлары, яғни сұхбаттар, мақалалар, тілші шолулары («Қазақ тілі» типтік оқу 
бағдарламасына сәйкес берілген В
1
– В
2
деңгейлер тақырыптары бойынша) мен ұлттық теле-
арналардағы хабарлар, теледидар репортаждары мен сұхбаттар, түрлі айдарлармен берілетін 
қысқа интервьюлер.
Тілді оқыту материалдары – оқу кешенінің құрамына енген «Қазақстанның ұлттық 
телеарналарының ақпараттық хабарлары» (заманауи 30 түпнұсқалық бейнекөрініс) мен 
«Қазақстанның орталық басылымдар материалдары» оқу құралдары.
Бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын, отандық телеарналарда берілетін ақпа-
раттық хабарлар және анимациялық фильмдерді базалық деңгейде (типтік бағдарламаға сай) 
меңгертудегі басты мәселе – олардың тілі мен жанрының әртүрлілігі.
Тіл үйренушінің ауызша сөйлеу дағдысын белсендіретін ресми жарияланған түпнұсқалық 
мақалалар мен ақпараттық хабарларды оқу, сондай-ақ ақпаратты қабылдай отырып, сөздік 
қорын байыту – ауызша сөйлеуге дайындаудың алғы шарты болмақ.
Оқу құралы мазмұнын құрайтын мұндай тапсырмаларды түрлі жанрдағы ақпараттық 
құралдар мәтінін түсіну және қабылдау арқылы тілді үйретудің негізгі әдістемелік өрнектер 
бірлігі деп айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет