Ә. О. Ыбырайым
ф. ғ. к., доцент,
М. Х. Дулати атындағы ТарМУ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАР
In the given thesis views oppositions on the problems of complex sentence classification in lin-
guistics and difficulties of their learning are analyzed.
Құрмалас сөйлем – синтаксистің үлкен бір саласы. Олар белгілі бір амал-тәсілдер арқылы
жасалады. Мұндай амал-тәсілдер алғашқы компоненттің баяндауышында болады. Осыған
орай сол алғашқы компоненттің баяндауышының жасалу жолдарына қарай, етістіктің тия-
нақты формасында немесе етістіктің аяқталмаған тиянақсыз формасы түрінде келіп отырады.
Міне, осындай алғашқы компоненттің баяндауышының берілу жолдарына қарай құрмалас
сөйлемнің түрлері де ажыратылатын болады. Дегенмен, өткен ғасырдың басында көрнекті
ғалымдар А. Байтұрсынов, Қ. Жұбановтар салған құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырату
барысында әлі күнге дейін тұрақты терминология қалыптаса қойған жоқ. Тіпті, салалас,
сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажыратуда да әртүрлі көзқарастарды көреміз. Бұл
өз кезегінде жоғары оқу орындарында құрмалас сөйлемді оқытуда біршама қиындықтар
туғызып келеді.
Мәселен, А. Байтұрсынов сөйлемдерді құрылуынша іргелес сөйлемдер, құрмалас сөйлемдер
деп топтастырып, құрмаласты сыйысулы құрмалас, қиысулы құрмалас деп бөліп, біріншісін
шұбалаң түрі және ықшам түрі деп, екіншісін салалас құрмалас және сабақтас құрмалас деп
жіктейді. Салаластың бес түрін, сабақтастың он түрін анықтап, оларға түрлі атаулар береді.
Ал Қ. Жұбанов құрмалас сөйлемді күрделі сөйлем деп атауды ұсынады және оның екі түрі:
салалас және сабақтас – болатынын көрсетеді. С. Аманжолов құрмалас сөйлемдерді төртке
бөледі: салалас, сабақтас, аралас, тиянақты басыңқысыз сабақтас. Салаласты жалғаулықты
салалас, жалғаулықсыз салалас деп бөліп, жалғаулықсыздың 11 түрін, жалғаулықтының төрт
түрін ұсынып, баяншы салалас, әрқилы салалас, ұқсастық салалас деген атауларды қолданады.
Н. Сауранбаев та құрмаласты төрт түрге бөліп, өзіндік атаулар қолданған: салалас құрмалас,
сабақтас құрмалас, аралас құрмалас, үйірлі мүшелі құрмалас.
Мұндай пікір қайшылықтары салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерінің саны
мен атауларын белгілеуде де жиі кездеседі. Сондай-ақ жоғары оқу орындары мен мектеп
оқулықтарындағы құрмалас сөйлемдерге қатысты атаулар мен тұжырымдар да бір-бірінен
алшақ жатады. Студенттің жоғары оқу орнында алған білімі, мектептегі үйрететін бағдар-
ламасымен сәйкес келмей жатады. Бұл да өз кезегінде білімгерлерге құрмалас сөйлем син-
таксисін меңгертуге едәуір қиындық туғызады. Міне, осы орайда құрмалас сөйлемдерге
қатысты атауларды біріздендіру, тұрақтандыру мәселелері бүгінгі синтаксис ғылымының
негізгі міндеттерінің бірі болуы тиіс.
76 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР
Достарыңызбен бөлісу: |