Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет66/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Салтанат Иманқұлова
ф. ғ. к., доцент
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР, ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
The main key points of this article are the Kazakh learning procedure, significant problems and 
their decisions, the virtual school of the Kazkakh language.
Қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық, ақпараттық үдерістің қарқынды дамуы білім беру 
мазмұнын қайта қарап, оқытушының кәсіби біліктілігі мен оқу үрдісінің тұлғалық бағдарға 
негізделуін талап етеді. Ол үшін қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде 
ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игерте алатын және практикада бекіте алатын 
инновациялық технологияларды қолдана білу маңызды рөл атқарады.
Алайда осы бағыттағы ізденістерді кеңейту, сол технологияларды қолданып жүрген ма-
мандардың жұмысын жарнамалау, озық технологияларды тарату мәселесі, яғни маркетингтік 
жүйе қолға алынбаған.
1-ұсыныс: Қазақ тілінің виртуалды мектебін ашу (Виртуальная школа казахского языка), 
озық технологияларды жарнамалау, тарату, қолжетімділігін қамтамасыз ету, оны сайтқа 
орналастыру.
Қазақ тілін оқытудағы сабақтастық болмаса, тілді меңгертудегі соңғы нәтиже оң шешімін 
таппайды. Яғни әр оқу орнын (балабақша, орта мектеп, жоғары оқу орны, жоғары оқу ор-
нынан кейінгі мекеме) аяқтаған тіл үйренуші белгілі бір тілдік құзыреттілікке жауап беруі 
керек, сол талаптарға сай болуы керек. Сол үйренген тілдік білімді (лексикалық минимум, 
грамматикалық құрылым) практикада қолдана алатындай дағды қалыптастыра білуі керек.
2-ұсыныс. Қазақ тілін оқытудағы сабақтастық (балабақша-мектеп-орта арнаулы оқу орны-
жоғарғы оқу орны-жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру) қатаң сақталып, тілдік құзырет 
талаптарын орындау бақылауда ұсталынуы керек. Оған балабақшадан бастап – жоғарғы оқу 
орнынан кейінгі білім беру орталығына дейінгі оқыту жүйесін енгізу, әр мекеменің мақсат, 
міндеттерін айқындап алу, мысалы балабақшада қандай лексикалық минимум болу керек? 
Грамматикалық құрылымды қалай беру керек? Балабақша тәрбиеленушісі қандай тілдік 
құзіреттілікке жауап беру керек? Мектеп – ЖОО – ЖОО-дан кейінгі білім беру де солай са-
бақтаса жалғасып тіл меңгерілуі керек);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет