Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет69/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

М. Х. Шаяхметова
ф. ғ. к., доцент,
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
The role and influence of information Technology in teaching Kazakh language of Higher Insti-
tution Establishments are discussed.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерудің 
тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.
Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады, оның сәтті жүзеге 
асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды 
қамтамасыз ету әдістемесіне тәуелді. Бұл ғалымдар мен педагогтардың, психологтар мен 
әдіскерлердің, бағдарламашылар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы 
мамандарының күш-жігерін жан-жақты жұмылдыру уақытының келгенін көрсетеді. Білімді 
ақпараттандыру – қазақ тілін үйретудің басты талабы.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, 
дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық 
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.
Қазіргі жаппай ақпараттандыру заманында қазақ тілін үйрету мен ақпараттық техно-
логияларды игеру жарыспалы түрде қолданылады. Ақпараттық қоғам кезінде оқытушы тіл 
үйренушілердің алдында жалғыз ақпарат көзі болмайды. Ол ақпарат алуды жеңілдететін 
аралық тұлғаға айналады. Адамзат өркениетінің іргелі сипаты қажетті ақпаратты іріктеп алу, 
жинақтау, өмірге бейімдеп өңдеу және тұтыну болып табылады. Ақпараттық қоғамда алғашқы 
компьютерлік сауаттылық пен оны пайдалана білуді меңгермейінше, белгіленген міндеттерді 
шешу үшін компьютерлік құралдарды пайдалана білмейінше қазіргі ғылым мен мәдениетте, 
өндірісте, іскерлік пен қоғамның басқа да саласында адамның шығармашылық әлеуетін толық 
пайдалану мүмкін емес. Сондықтан қазақ тілін оқытуда қатысымдық құзіреттіліктің жоғары 
белсенді түрін дамыту ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолданғанда 
жүзеге асады.
Ақпараттық технологияларды қолдану интерактивтік және бейімделу сияқты құнды қаси-
еттері бар білім алу ортасын тудырады. Тілдік білім алуды ақпараттандыру тіл үйренушілерге 
дүниежүзілік мәдениет байлықтарымен, ақпараттық ресурстармен қатынас жасауға мүмкіндік 
береді және шынайы мәдени коммуникация үшін жағдай жасайды. Жаңа ақпараттық және 
білім алу ортасында тіл үйренушілердің табысты қызмет етуі олардың ақпараттық-техно-
логиялық құзіретінің қалыптасу деңгейімен сипатталады. Оның құрамында мәдени ақпарат 
жетекші орын алады. Орыс тілді дәрісханаларда қазақ тілін, мемлекеттік тілді оқыту жүйесі 
қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгейі бойынша базалық және 
пәндік құзіреттерді жүзеге асыра отырып қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; әдеби 
тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-
бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оларға 
қазақша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін 
оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған тиімді.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын қазақ тілі сабақтарында пайдалану, оқушының 
шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу 
дағдыларының қалыптасуына әкеледі.


| 77


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет