Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет81/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Г. К. Өтебаева
п.ғ.магистрі
ҚБТУ
«ІСКЕРЛІК ҚАЗАҚ ТІЛІ» КУРСЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС 
ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ 
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
The article considers the effectiveness of using interactive teaching methods in the formation of 
the communicative competencies in Business Kazakh students.
ЖОО-да білім алушылардың мемлекеттік тілді меңгеру бағыттарының бірі – курстық 
жүйеде оқытылатын «Іскерлік қазақ тілі». Мұнда іскерлік қазақ тілі аясында тілдік қарым-
қатынас құзыреттілігін қалыптастыруға бағдарланған оқытудың функционалдық сауаттылық 
сипаты алға шығады. Осы орайда іскерлік қазақ тілі негізінен, сөйлесім, жазылым дағдыларын 
жетілдіру жолымен меңгеріледі, бұған тыңдалым, оқылым сияқты оқу әрекеттері қызмет 
етеді. Бұл қажеттіліктерді өтеуде осы жұмыстың авторының «Іскерлік қазақ тілі» оқу құралы 
(Іскерлік қазақ тілі. Оқу құралы. – Г. К. Өтебаева, Ә. С. Қалығұлова. – Алматы: ҚБТУ баспасы, 
2016, 191 бет.) студенттердің болашақ мамандықтарына сәйкестендіріліп дайындалды. Аталған 
оқу құралы мемлекеттік тілді функционалдық сауаттылық яғни іскерлік қазақ тілі сипатында 
меңгеруге септік ете отырып, студенттердің мамандық бағытындағы тілдік қарым-қатынас 
құзыреттіліктерін де нәтиже ретінде қалыптастыруға қызмет етеді.
Құзыреттіліктің түрлерін де ғалымдар жан-жақты айқындаған. А. В. Хуторский зерт-
теуіндегі жеті топқа жіктеу педагогикалық ортада көбірек танымал десек, соның ішінде 
тілдік қарым-қатынас құзыреттілігіне ғалым «басқа адамдармен байланысқа түсудегі тілдің 
қажеттілігін білдіреді» (Хуторский А. В. Методика личностно-ориентированного обучения. 
Как обучать всех по разному?: пособие. -М.: Изд-во ВЛАДОС-ПРЕСС, 2005. – с. 383) деп 
анықтама берді.
Диалог бүгінгі таңда оқытудың интербелсенді технологияларын қолданумен байланысты 
қаралады. «Интербелсенді оқыту – бұл, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен 
білім алушылар өзара әрекет етуі жүзеге асырылады» (Боранбаев Ж., Омарова Л. Қазақ мек-
тептерінде «Кембридж» тәсілдеріне негізделген жаңашыл оқытудың бүгінгі баспалдақтары. – 
Алматы, «Білім», 2012. –272 б.).
Тілдік қарым-қатынасты іскерлік қазақ тілі аясында ұйымдастыруды сұхбаттасу диалогы 
арқылы, топтық оқыту арқылы жүзеге асыру тиімділікке жеткізеді. Диалогтық оқытуда диа-
логтық әңгіме, сұрақ қою, сұраққа жауап, сұхбаттасу, пікір алысу, дебат сияқты жұмыстар 
тыңдалым, айтылым, сөйлесім дағдыларына жаттықтырады.
Тілдік қарым-қатынас құзыреттерін мамандыққа сәйкестендірілген іскерлік қағаздар 
курсында қалыптастыруда студенттердің тіл үйрену белсенділігі топтық жұмыстарда айқын 
байқалады.
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы студенттер топ ішінде әрқайсысы бір-бірімен 
тілдік қарым-қатынасқа түседі және қазақ тілін үйрену барысында оны қолдануда өзіне деген 
сенімсіздіктерден бірте-бірте арылады (Әлімов А. интербелсенді әдіситемені ЖОО-да қолдану 
мәселелері. Оқу құралы. – Алматы, 2013. –448 б.).


90 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет