Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет79/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

К. С. Алдашева
PhD докторант
Абай атындағы ҚазҰПУ
ЖАҢА СӨЗДЕРДІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БЕЛГІСІ РЕТІНДЕ МЕҢГЕРУДІҢ 
ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІДЕРІ
In modern Kazakhstan society the concept of «national values» is of particular relevance as 
a factor in determining the important directions in the development of a multi-ethnic society and 
becomes an integral part of public policy. Language – a particularly important element of national 
values. This article discusses some of the methodological and methodical way to improve knowl-
edge learners through the language of the ethnic cognitive signs of national and spiritual values.
Елімізде қазақ тілін қазақ тілді аудиторияларда да, өзге тілді дәрісханаларда да оқыту-
дың стандарттары, бірүлгі бағдарламалары түзілген және қазақ тілін меңгерту бағытындағы 
үздіксіз білім берудің моделі жасалған. Бірақ үштұғырлы тіл саясаты жағдайында қазақ тілінің 
бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүддесінде қазақ тілін оқытуды технологиясы, әдістемесі 
жағынан ұдайы жетілдіріп отыру қажет. Бұл арада бірнеше маңызды факторлар айқындалады. 
Біріншіден, қоғам мүшелерінің қазақ тілі бойынша толық, жеткілікті білім алып, қазақ тілін 
белгілі бір коммуникативтік жағдаятта қолдана алатындай коммуникативтік құзыреттілігі 
қалыптасуы қажет. Коммуникативтік құзыреттілігі жеткілікті адам ресми-іскери, әлеуметтік-
тұрмыстық жағдаяттарға белсенді қатыса алатын тілдік тұлға дәрежесіне көтеріле бастайды.
Психолингвистикалық тұрғыдан қарағанда белгілі бір коммуникативтік актіде қазақ тілі 
арқылы қарым-қатынасқа түскен және осы қарым-қатынас арқылы қанағаттану сезімі пайда 
болған адамның лингвомәдени құзыреттілікке көтерілуге деген құлшынысы мен ынтасы 
пайда болады. Бұл ретте қазақ тілінің қазақ ұлтының ұлттық философиясымен, этностық 
ерекшеліктерімен байланысын зерделеу маңызды. Тілді үйретуде және меңгертуде тілдің 
әрбір бірлігін (әсіресе лексикалық бірлігін) формалды құрылым ретінде қарастыру мүлде 
жеткіліксіз, тілдің әрбір сөзі, әрбір бөлшегі – ұлт пен мәдениет тұтастығынан туындаған 
күрделі құбылыс.
Тілді меңгертуде әрбір тілдік құрылымның (оның ішінде сөздің) халықты қоршаған 
табиғи болмыспен, табиғаттық-ғарыштық кеңістікпен байланысын ұдайы назарда ұстау 
қажет. Бұл әсіресе қазіргі кезеңде сөздік құрамның елеулі бөлігіне айналып отырған жаңа 
сөздерді меңгертуде барынша маңызды. Өйткені әлеуметтік лингвистикалық көрсеткіштерге 
қарағанда, Қазақстан қоғамындағы субъектілердің жас ерекшеліктеріне байланысты жаңа 
сөздерді қабылдауы, мойындауы әртүрлі деңгейде. Орта және аға буын өкілдеріне көптеген 
жаңа сөздер таныс емес болса, керісінше жас буын өкілдеріне (орта және жоғары оқу орында-
рында білім алушылар) қазақ тіліндегі жаңа сөздер біршама танымал. Өйткені білім берудің 
дидактикалық базасында және өзбетінше білім жетілдіруге, ой-өрісін кеңейтуге ықпал ететін 
салаларда – масс-медиа құралдарында, ғаламтор мен теледидарда қазақыландырылған жаңа 
сөздер жиі кездеседі. Осы арналарға көбірек мойын бұратын қазақ тілді жас ұрпақ өкілдері 
жаңа сөздерді шартты таңба ретінде ғана емес, сонымен қатар ұлттық болмыстың бір белгісі 
ретінде қабылдауы керек. Өйткені әрбір жеке тұлғада құндылық бағдарлары болуы керек, ал 
олардың қалыптасуының негізгі кезеңі жасөспірім шақ. Сондықтан жаңа сөздерді меңгертуде 
ұлттық философияның ерекшеліктерін, тіл мен ұлттық болмыс арасындағы байланысты 
назарға ұстай отырып, білім беру қажеттігі туындайды. Бұл тілдің адамзат дамуындағы 
ең бағалы рухани құндылық екенін мойындата түседі. Егер жеке адам өзінің ана тілін және 
сұранысы үшін қажетті екінші тілді рухани құндылық деп мойындаса, оның коммуникативтік 
құзыреттілігі мен лингвомәдени құзыреттілігі теңбе-тең дәрежедегі сипатқа ие болады.


88 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет