Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25


-СЕКЦИЯ:   ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ



Pdf көрінісі
бет92/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

4-СЕКЦИЯ
 ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: 
 ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН


| 101
Д. Айтжанова
Магистр, ҚызМемПУ
БАЛАНЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ПСИХОЛИНГИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
The article discusses the problems of formation of the child’s speech sycholinguistic aspect. 
Based on the analysis of the genesis of language and thought, identified specificity of formation of 
the child’s speech
Бала тілі – қызықты, өзекті, көп жүйелі мәселе, сондай-ақ бала тілі түрлі лингвистикалық 
және әдістемелік мәселелерді айқындау кілті болып табылады.
Cөйлеу әрекеті – кешенді құбылыс, бірнеше ғылым салаларының зерттеу объектісі. 
Адам баласы сөйлеу әрекеті онтогенезін тек лингвистикалық тұрғыдан зерттеу жеткіліксіз. 
Сондықтан баланың сөйлеу әрекеті лингвистика, психология және физиология, философия 
сынды бірқатар іргелі ғылымдар тоғысында қарастыруды қажет етеді.
Ф.де Соссюр, Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. А. Леонтьев, Е. Кларк, Д. И. Слобин, 
А. М. Шахнарович және Е. С. Кубрякова, Т. Т. Аяпова сынды ғалымдардың еңбектерінде сөйлеу 
әрекеті психолингвистикалық және лингвистикалық тұрғыдан әр қырынан қарастырған
Cөйлеу әрекетінің негізгі – тіл. Тілдің негізі – ой. Тіл мен ойлау ара қатысын зерттеу көне 
дәуірден бастау алды.
Бала дамуының алғашқы кезеңінде тіл мен ойлау ара қатысы мәселесін Л. С. Выготский 
В. Келер тәжірибесіне сүйене отырып, ойлау мен тілдің генетикалық даму жолдарының 
байланыстарын тұжырымдап қорытты. Л. С. Выготский ойлау мен тілдің онтогенетикалық 
дамуында аталмыш екі процестіњ түп тамыры бірдей еместігін, бала тілінің дамуында 
«доинтеллектуальная стадия», ал баланың ойлауының дамуында «доречевая стадия» бола-
тынын және де екі процесс белгілі бір уақытқа дейін бір-біріне тәуелсіз екі бағытта дамып, 
нақты пунктте екі бағыт бір-бірімен қиылысып, ойлау – тілдік, тіл – интеллектуальды бола 
бастайтынын анықтады [4,105].
Сөйлеу әрекеті арқылы баланың тек тілі ғана дамып қоймай, оның танымы да, ойлауы 
да дамиды. Бастапқы кезде баланың ойлауы сөйлеуінен озық болады да, кейініректе қатар 
жүреді. Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені 
бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын 
онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа 
түскенде ғана оның ойлау қабілеті дамиды. Сондықтан баланың өсіп жетілуі оның сөйлеу 
әрекетімен тығыз байланысты.


102 |
4-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет