Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет93/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Б. Р. Қожахметова
гум.ғыл.магистрі, С. Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттік университеті
СӨЗ СӨЙЛЕУ ШЕБЕРЛІГІ – ТАБЫС КЕПІЛІ
The article deals with problems of verbal skills.
Көпшілік қауым алдында сөз сөйлеу, пікірлесу, әңгіме жүргізу шешендік өнер мен сөйлеу 
шеберлігін қажет етеді. Халқымыз «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» 
деп тегін айтпаған. Жоғары мінбелерден дайындықсыз сөйлей саламын деп, жүйесіз сөзімен 
көрші елдердің әжуалауына түрткі болып, күлкісіне қалғанымыз намысқа тиеді.
Білімі мен парасаты терең, есте сақтау қабілеті жоғары, тәжірибесі мол адам ғана көпшілік 
алдында дайындықсыз табысты сөз сөйлеуі мүмкін. Баяндамасынан кейін тыңдаушыларының 
сұрағына дер кезінде сөз тауп жауап беру де, ой ұшқырлығы мен суырыпсалмалық қабілет-
терді қажет етеді.Жоғарыда аталған келеңсіз жағдайларға қалмас үшін қауым алдында сөз 
сөйлеуден бұрын міндетті түрде дайындық жүргізу қажет. Дайындық жұмысы баяндама-
ның тақырыбы мен мақсатын анықтаудан басталады. Тақырып атауы қысқа да нұсқа, ішкі 
мазмұнына сәйкес, тыңдаушы назарын тартатындай болуы тиіс. Сондай-ақ, шектелген уақытқа 
көп ақпарат сиғызуға тырыспай, аз сөзге көп мағына беру тиімді. Сөз сөйлеу алдында бір-екі 
күн бұрын дайындалу жұмысы, туындаған жаңа ойларды реттеп алуға мүмкіндік береді.
Негізгі тезистің мазмұны не үшін және не туралы сөйлеу керек деген сұрақтарға жауап 
беріп, пайымдаулары қысқа, қабылдауға жеңіл, тыңдаушы жадында оңай сақталатындай 
болғаны жөн. Сөйлеу жоспарын құрарда, сөйлеуші баяндау қисыны мен құрылымын ойла-
стырып, мәтініне түзетулер енгізеді. Материал теориялық, практикалық болуы мүмкін, ең 
бастысы, шынайылылығы. Сондықтан күні бұрын ақпараттың, даталар мен сандардың, 
дәйексөздердің шынайылығы тексеріледі. Бірақ, фактілер өте көп болса, тыңдарман тез жа-
лығып, баяндамаға деген қызығушылығы сейіліп қалатынын ұмытпаған жөн. Сонымен қоса, 
сөйлеушінің өз тәжірибесі әрқашан жақсы қабылданатыны ескеріледі. Сөйлейтін сөздің әр 
минутына 20–25 минут дайындық жасалса, сөйлеу барысында өзін сенімді ұстауға мүкіндік 
болады. Дайындық жұмысы сөйлейтін сөзге репетиция (жаттығу) жасаумен аяқталады. Өзіңізді 
бейне жазба немесе аудио жазбаға түсіріп, қайта тыңдау арқылы, сондай-ақ, туыстарыңыз, 
достарыңыздың алдында сөз сөйлеп жаттығуға болады. Яғни, өзіңізді сырттай бақылау қажет.
Сөйлеу жауапкершілігі жоғары мамандар, яғни депутаттар, қорғаушылар, педагогтер, 
психологтер және т. б. сөйлеу шеберлігіктерін курстарда ұштап, көпшілік алдында қысылмай 
шешен сөйлеп, оқысынан қойылған сұрақтарға сөз тауып жауап беріп жатса, намысымыз 
тапталмай, қоғамдық ортадағы қадір-қасиетіміз көтерілер еді.


| 103


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет