Н. Е. Байсаков Оқытушы Астана қаласы № 27 мектеп-лицейі ТІЛ ҮЙРЕНУДЕГІ СУРЕТТЕРДІҢ ОРНЫ Content of the report «the role of picture in learning a language» Кез келген тілде сөйлеп кету үшін шамамен 2000 сөзді қолданып үйренсе де жеткілікті
деген пікір бар. Мүмкін бұл пікір ағылшын тілі негізінде қалыптасқан болуы мүмкін. Алайда
соңғы жаңалықтарға сүйенетін болсақ, «Қазақстан» телеарнасынан қазақ тілінің сөз байлығы
бойынша қазіргі кезде әлемде жапон тілінен кейінгі екінші орынды алып тұрғанын айтты.
Қазақ тілі сөзге бай екендігіне қазақтың ауыз әдебиетінің жүз томдығының шығуы да дәлел
бола алады. Жүз томдық ауыз әдебиеті әлемдегі бірде-бір халықта жоқ.
Десек те мектепте оқыған 10 жыл неліктен қазақ тілінде сөйлеп кетуге аздық етіп жүр?
Тіл үйретуде суреттерді көп қолдану керек. Көптеген сөзді біз белгілі бір образ ретінде
есімізде сақтаймыз. Миға әсер етудің төте жолы сурет. Ғалымдардың анықтауынша, көзбен
көргенді адам баласы басқа қабылдау қабілеттерімен салыстырғанда, 70% жақсы сақтайды
екен. Ал бұған дейін қазақ тілін оқытуда суреттер өте аз қолданылды.
Адамның көргенін есіне жақсы сақтайтынына мына бір экспериментті мысалға келтіруге
болады. Шетелдің ғалымдары кинотеатрда көрсетілетін фильмдердің ішіне секундтың өте
аз бөлшегінде сол кинотеатрдың дәлізінде сатылып жатқан бір тағамның суретін көрсетіпті.
Тағамның суретінің көрсетілетін уақытының қысқалығы сонша, оны көріп, ойға алып үлгер-
мейді екенсің. Алайда бір айдың ішінде дәліздегі сол тағамның сатылымы елу пайызға өскен.
Адам түйсік арқылы сол тағамды қабылдап отыр, ендеше адамның осы бір қабілетін неліктен
тіл оқытуда да қолданбасқа?!
Қазақ тілін оқытуда 300 сөзге сурет және 400 қысқа сөйлемдерге суретті қолданып
жүрмін. Нәтижесі – өте жақсы.
Қысқа сөйлемдерді игеріп болған соң, мәтінмен жұмыстар жүргізілді. Әр мәтінге кем
дегенде 5, әйтпесе 7 сурет қолданылды. Мәтіндермен жұмыс көлемді шығармаларды оқуға
тіл үйренушіні дайындайды.
Тіл үйреткенде әдебиетті айналып өте алмайсыз, өйткені тілдің қайнар бұлағы әдебиетте.
Көлемді мәтіндерді оқу барысында суретті қалай қолдана аламыз? Мұны іске асыру да өте
маңызды, өйткені біз оқушымызды болашақта өз бетімен еш қорқынышсыз көлемді шығар-
маларды оқуға жетелеуіміз керек. Себебі «кез келген тілде тіл сындырып, еркін сөйлеп кету
үшін кем дегенде 3000 бет сол тілде оқу керек» (Н. Замяткин).