20"-қа дейін, арақашықтық өлшеу дәлдігі 2-ден 10 мм-ге дейін, ішкі жады 10000 нүкте
бойынша бақылау нәтижелерін сақтай алатын әр түрлі электронды тахеометрлер
шығарады. Роботталған электронды тахеометрлер де баршылық, мысалы, «Геотроникс»
(Швеция) фирмасының «Геодиметр-640» электронды тахеометрі берілген бағдарлама
бойынша шағылыстырушылардың орнын ӛзі таба алады, оларға дейінгі аралықты,
горизонталь және вертикаль бҧрыштарды ӛлшейді және әр шағылыстырушының
координаталарын есептейді. Карьерлерде бҧндай аспаптардың кӛмегімен карьер
ернеулерінің, кертпештерінің деформациясын анықтайды
Қазіргі таңда электронды тахеометрлердің қолдану саласына, дәлдігіне және
орындалатын функциясына байланысты ҥш топқа бӛлуге болады, оларға:
- жәй электронды тахеометр;
- орташа класты электронды тахеометрлер;
- сервожетекпен жабдықталған (роботталған) тахеометрлер.
Жәй электронды тахеометр – бҧл аспап дәстҥрлі геодезиялық ӛлшеулерді
(арақашықтық, ӛзара биіктік) орындауға арналған аспаптар. Аспап әр тҥрлі компьютерлік
есептеу программалардың басқаруымен жҧмыс істейді. Автоматты кӛздеудің ҧзақтық режимі
12 км. Бҧл аспаптар арнайы шағылдырғыштарға ӛздігімен бағытталып, ӛлшеулер жҥргізе
алады. Сонымен қатар бҧл аспап қашықтықтан басқарылатын (ӛлшенетін нҥктеден тҧрып)
арнайы жҥйемен қамтылған. Оған Target ID шағылдырғышы жатады, қажетті нысананы
ешқандай қиындықсыз тауып, уақытты ҥнемдейді. Бҧл шағылдырғыш тахеометрге ӛзінің
орналасқан жерінен сигнал жіберіп аспаптың тез табуына мҥмкіндік береді. Target ID – бҧл
қадаға орнатылған қҧрал, Tracker функциясы қажетті призманы тез тауып, ID кодын сәуле
арқылы жібереді. Американдық Trimble SPSx10 сериясының тахеометрлері SurеPoint
технологиясымен - яғни призмаға бағыттауда автоматты тҥрде тҥзету жҥйесімен қамтылғын.
Бҧл технология аспап немесе штативтің теңселуінен болған қателерді тҥзетеді. Дәлірек
айтқанда, аспаптың жҧмыс істеу кезіндегі жағдайын бақылайды.
Leica TGR303/305/307 сапасы жағынан ешқандай электронды тахеметрлерден кем
тҥспейтін тахеометрлердің бірі. Бҧл тахеометр геодезиялық жҧмыс барысын жеңілдетіп,
азаматтық қҧрылыс, инженерлік ізденіс, тау-кен және геологиялық барлау жҧмыстарында
кеңінен қолданылып жҥр. Бҧл тахеометр қҧрылысы жағынан жеңіл болғандықтан, оны тез
игеріп кетуге жағдай жасайды.
4633
5-суретте 1 - оптикалық кӛздегіш, 2 - бірге орналсқан бағыттау жҥйесі ELG-маягі
(оптика), 3 - биіктік бағыттаушысы, 4 - аккумуляторлық батарея, 5 - аккумуляторлық батарея
қорабы, 6 - аккумуляторлық батарея бӛлімшесінің қақпағы, 7 - окуляр, 8 - фокустық
реттегіш, 9 - тҧтқа, 10 - порт RS232, 11 - кӛтергіш бҧранда, 12 - электронды қашықтық
ӛлшегіш объективі, 13 - дисплей, 14 - клавиатура, 15 - дӛңгелек деңгей, 16 - қосу тетігі, 17 -
триггер клавиші, 18 - азимут бойынша бағыттау тетігі.
5-сурет Leica TGR303/305/307 электронды тахеометрі
Лазерлі сканер - тҥсіру жҥйесі, сканерден обьектінің бетіне дейінгі аралықты жоғары
жылдамдықпен ӛлшейтін(секундына бірнеше мыңдаған нҥктеден миллиондаған нҥктеге
дейін) және сәйкес бағыттарды бірінен кейін бірін тіркейтін ҥшӛлшемді бейне бҧлт нҥктесі.
Бірнеше жылдар бҧрын қҧрылған Digitals сандық картографияға пакет ретінде әлі де
белсенді қолданылуда. Одан кейін бҧл программа дамып жетілді. Нәтижесінде толық
жетілген жерге орналастырудың ГАЖ-на айналды. Мықты картографиялық ядро бір картада
мыңдаған растрлық бейнелерді және шартты белгілерде жҥз мыңдаған векторлық
объектілерді қолдануға мҥмкіндік берді: технологиялық тізбекті толығымен қолдау, яғни
геодезиялық ӛлшеулерді ӛңдеуден бастап техникалық қҧжаттарды басылымнан шығаруға
дейін; файлдарды ГАЖ-дың танымал форматтарында оқу және жазу. Игеруде
қарапайымдылығы және ресурстарды қажет етпеуі. Міне, осы негізгі факторлар
программаның таралуын қамтамасыз етті. Осы программаны кӛптеген геодезиялық
фирмалар мен компаниялар қолдануда. Алғаш рет бҧл программа 1992 жылы сандық
картаны қағаздық тҥпнҧсқадан дигитайзер арқылы дигитализациялады. Сонымен қатар
программаны картаның аэротҥсірістері бойынша стереоқҧруларда қолданылып келеді.
Жер бетін геодезияда лазерлік сканерлеудің негізгі мақсаты белгілі бір орынның
координаталық нҥктесін табу. Бҧл ӛлшемді жҥзеге асыру ҥшін кӛлеңкесі тҥспейтін
лазерлеудің кӛмегімен нҥктелердің арақашықтығын табуға мҥмкіндік береді. Әрбір
дальномермен сәулесімен ӛлшеген сайын оған дейінгі ӛлшемнен ауытқитыны сонша,
бірқалыпты тордан сканер матрица арқылы ӛтеді. Матрица тығыздығы неғҧрлым жоғары
болса, берілген бір жердің ҥстінен қарағандағы нҥкте тығыздығы да жоғары болады.
Әлемге танымал Leica компаниясынан кӛптеген геодезиялық замануи қондырғылар
шығады. Солардың бірі Leica HDS 4400 лазерлік сканері. Бҧл сканер карьерлерді және тау
жыныстарын зерттеуге арналған. Яғни, аса кӛтеріңкі шаң – тозаң мен тӛмен
температурадағы қоршаған ортаға ыңғайлы.
4634
Бҧл қҧралмен жҧмыс жасау арнаулы бағдарламалар орнатылған портативтік компьютер
арқылы жҥзеге асады. Табылған координаталық нҥктелердің мағынасын ашу ҥшін сканерден
компьютерге интерфейстік кабель арқылы беріліп, арнайы жадыда сақталады. Тағы бір айта
кететін жайт, сканерден алынатын деректер мен мәліметтер кӛлемі ҥздеген мегабайт, ал кей
кезде тіпті гигабайтқа жетеді. Әрбір станцияға сканерлер(сканерпозиция) орнатылып,
нҥктелерді ең аз тығыздықта лазерлік шағылыстырғышпен кескінді сканерлеу жҥргізіледі.
Қорыта келгенде кӛріп отырғанымыздай заманауи геодезиялық аспаптардың
геодезиялық қоғамда алатын орны ерекше. Олардың жҧмыс режимінің барлығы автоматты
тҥрде жҥргізілетіндіктен геодезистке ауырлық тҥспейді. Далалық жағдайларда жҧмыс
жасауға тиімді, жеңіл, пайдалануға ыңғайлы жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар
дәлдігі жоғары геодезиялық аспаптар нәтижелердің еңбек ӛнімділігін арттырады және
қателіктерді азайтады. Бҧл аспаптар жаңартыла бастағалы қоршаған орта жағдайларына
тӛзімді, корозияға шыдамды болуда. ХХІ ғасыр даму ғасыры болғандықтан адамдар тыншыр
емес, сол сияқты геодезиялық аспаптардың да дамуы қарқынды жҥргізілуде. Геодезияда
қолданылатын аспаптардың ең маңыздылары GPS спутниктік жҥйесі, электронды тахеометр,
лазерлі сканер т.б. болып табылады. Қазіргі таңда GPS жҥйесі тек қана геодезистке емес,
басқа да адамдарға едәуір кӛмектесуде. Себебі, GPS қондырғысы телефондарда,
машиналарда, әртҥрлі кемелерде орнатылған. Соның арқасында кез келген адам ӛзінің
тҧрған орнының географиялық координаталарын анықтап барар жерін адаспай тауып бара
алады. Электронды тахеометрдің басты ерекшелігінің бірі, онда кодтық теодолит пен шағын
жарық қашықтық ӛлшеуіш біріктірілген. Ол дала ӛлшеулерінің мәліметтері бойынша
автоматты тҥрде жергілікті жердің тҥсіру планын сызады. Лазерлі сканерлердің маңызды
артықшылығы аса кӛтеріңкі шаң – тозаң мен тӛмен температурадағы қоршаған ортаға
ыңғайлы. Лазерлі сканерлер жер бетінде жҥргізілетін жҧмыс, карьерлер, тау –жыныстарын
зерттеу ҥшін арналғандықтан, оның қҧрамында қҧралмен жҧмыс жасау ҥшін арналған
бағдарламалар орнатылған портативтік компьютер бар. Алынған мәліметтер компьютерге
арнайы кабель арқылы беріліп, жадында сақталады. Лазерлі сканердің ерекшелігі жадының
кӛлемі жҥздеген мегабайт, тіпті гигабайтты кӛтере алады. Қорытындылай келе заманауи
геодезиялық аспаптардың ӛз саласында рӛлі басым. Бҧл аспаптар геодезистке ауадай қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Нурпейісова М.Б. Геодезия. Астана. 2010.
2. Джуламанов Т.Д. Геодезия. Оқу қҧралы. Алматы. 2012.
3. Нурпейісова М.Б. Маркшейдрлік - геодезиялық аспаптар. Алматы. 1995.
4. Федоров В.И. Инженерная геодезия. М.: Недра. 1982.
5. Қалабаев К.Б., Нурпеисова М.Б., Жарқымбаев Б.М. Тахеометрлік тҥсіріс. Алматы.
1990.
6. Оқу әдістемелік материалдар. Семей. 2013.
7. Интернет. kk.wikipedia.org. Геодезиялық және картографиялық аспаптар .
Достарыңызбен бөлісу: |