30
Сөйлесуде, идеяларды ұсынуда, лексика мен грамматикалық құрылымды 1-2
сөйлем атайды;
Орта деңгей – әріптестерімен келісесіз бе, жоқ па деген пікірлерді
талқылайды. Жауабында 3- 4 түсініктеме береді. Сөйлеу кезінде 4-5
сұрақтарға жауап береді. Сіз кем дегенде айтылымды 3 минут ішінде
орындайды. Өз көзқарастарын 2-3 дәлелмен суреттейді.
Тиісті лексика-
грамматикалық құрылымдардың жеткіліксіз қолданылғандығын көрсетеді;
Жоғары деңгей – оқушылар отбасы, басқа адамдармен қарым-қатынас,
әуесқойлық пен қызығушылық, үй сияқты тақырыптар бойынша жұптасып
сөйлеседі. Біріншіден, бір оқушы түсінік береді,
содан кейін рөлдерді
ауыстырады.Тақырып
бойынша
идеяларды
ұсынуда,
лексика
мен
грамматикалық құрылымды сөйлеуде қолдану кезіндегі ойын дұрыс
дамытады. Көптеген сұрақтарға дұрыс жауап береді [13].
Осылайша, анық кері байланыс білім алушының назарын нақты тақырып
немесе модуль шеңберінде оқытудың мақсатты мазмұнына шоғырландыруға
мүмкіндік береді, сондай-ақ барлық қателер мен дәлсіздіктерді түзету
оқудың өзін-өзі бағалауы мен мотивациясына теріс әсер етуі мүмкін
бастапқы оқыту кезеңдерінде өзіне деген сенімділікті дамытуға ықпал етеді.
Білім алушыларды бағалау критерийлерімен және тапсырманы
орындаудың жоғары (жақсы) үлгілерімен алдын ала таныстыру қажет.
Бұл оларға өз жұмысын осы өлшемдер мен үлгілермен жақсы салыстыруға
және алынған кері байланысты жақсы жүйелендіруге мүмкіндік береді.
Оқытудағы кері байланыс жасаудың маңызды ережелерінің бірі – одан
әрі іс-қимылға нұсқаулардың болуы. Яғни, болашақта осы қателерді жою
үшін қандай дағдылар мен материалдарды пысықтау керек,
нақты қадамдар
ұсынылуы тиіс.
Сонымен қатар педагог БЖБ және ТЖБ сараланған тапсырмаларын
әзірлеуде психикалық: есте сақтау, ойлау, елестету, сөйлеу процестерінің
дамуын ескеруі тиіс және рубриканың білім алушыларда үздік нәтижелерге
қол
жеткізу мотивациясына әсерін, оқуға тұрақты қызығушылығын
қалыптастыруы тиіс.
Әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу барысында еліміздің мектептерінде
инклюзивті білім беруді іске асыратын қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
пән мұғалімдерінің БЖБ және ТЖБ тапсырмалары талданды. Рефлексия үшін
мұғалімдерге келесі сұрақтар ұсынылды:
1. Аты-жөніңіз, еңбек өтіліңіз, санат, өңір, мектеп атауы.
2. Білім алушының аты-жөні (кез келген лақап ат), сыныбы.
3. Білім алушының ерекше қажеттіліктерінің қысқаша сипаттамасы,
«күшті» және «әлсіз» тұстары.
4. Осы баланың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақта
қандай тәсілдерді қолданасыз?
5. Өз пәніңіз бойынша БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын
әзірлеу кезінде
мұны қалай ескересіз?
6. Бұл жұмысыңызда қандай әдістер мен тәсілдер тиімді болды? Қай
тұста әлі де шыңдалу қажет деп ойлайсыз?
31
7. Төменде өзіңіз әзірлеген және сабақтарыңызда пайдаланған БЖБ және
ТЖБ сараланған тапсырмаларына мысалдар (тапсырмалар саны өз еркіңіз
бойынша 1-5 аралығында) келтіріңіз, мұндайда сынып, пән, бөлім, тоқсанды
белгілеңіз.
Осы әдістемелік ұсынымдардың қосымшасында жалпы білім беретін
мектептердің педагогтері үшін қазақстандық мұғалімдердің тәжірибесінен
қоғамдық-гуманитарлық білім беру пәндері бойынша білім алушылардың
ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып,
БЖБ және ТЖБ
сараланған тапсырмаларын құрастырудың әртүрлі тәсілдерінің мысалдары
ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: