25
- диктофондар немесе ноутбуктер сияқты балама жазу құралдарын
қолданыңыз;
- жазбаша мәтінді қолдау үшін көрнекі құралдарды қолданыңыз [16].
Білім алушыларға арналған БЖБ және ТЖБ
сараланған тапсырмаларын
әзірлеу кезінде жаңартылған мазмұндағы бағдарламалардың ерекшеліктеріне
сүйене отырып, олардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін ескере отырып,
мұғалім оқу мақсаттарын, критерийлерін, дескрипторларын, тапсырмаларын
саралай алады.
Бұл ретте мұғаліммен ұсынылатын конструктивті кері байланыстың
атқаратын маңызды рөлін атап өту қажет. Әрине, зерттелетін материал түсінікті
болған кезде ғана танымдағы жіберілген олқылықтарды терең түсінуге болады.
Осыған байланысты әрбір жағдайда кері байланыстың сапасы мен
сипаттамалары шешуші мәнге ие. Көптеген ғалымдар педагогикалық ғылымда
кері байланыс педагог пен білім алушылар арасындағы тұлғааралық қарым-
қатынасты реттеушіні білдіреді деп тұжырымдауы кездейсоқ емес.
Кері байланыс:
- нақты, түсінікті, уақытылы және сабақ барысында оқылатын оқу
материалының тақырыбына сәйкес болуы тиіс;
- өзара құрмет, өзара түсіністік жағдайында ұйымдастырылған болуы тиіс;
- білім алушылардың өз танымы
процесіне белсенді қатысуын
көздейтіндей болуы тиіс.
Сабақта шебер ұйымдастырылған кері байланыс:
- мұғалімдерге білім сапасын жақсартуға, тиімді әдістер мен тәсілдерді,
бағалау құралдарын қолдануға; бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқыту
тәсілдерін түзетуге;
- білім алушыларға бағалау критерийлерін және оқу қызметіндегі үздік
нәтижелерге қол жеткізу тәсілдерін білуге және түсінуге;
рефлексия жасауға
қатысуға, өзін-өзі бағалауға, өзара бағалау қабілетін дамытуға; нақты
міндеттерді шешу үшін білімді пайдалануға, әртүрлі көзқарастарды білдіруге,
сыни ойлауға;
- білім алушылардың ата-аналарына
мұғалімдермен және мектеп
әкімшілігімен кері байланыс орнатуға; білім алушылардың оқу жетістіктерінің
нәтижелерін көруге және оларды білім беру процесінің барлық
қатысушыларына белгілі, нақты анықталған, ұжымдық жасалған және белгілі
ортақ бағалау критерийлерімен салыстыруға мүмкіндік береді.
Кері байланыстың мәнін зерттеу және мұғалімдерге рубрикаларды
құрастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында арналған Ы. Алтынсарин
атындағы ҰБА-мен «Кері байланыс беру үшін 5-9 сыныптар оқу пәндерінің оқу
мақсаттарына сәйкес рубрикаларды құрастыру
бойынша әдістемелік
ұсынымдар» әдістемелік құралы әзірленді.
Ұсынымдарда педагогикалық қарым-қатынастың ажырамас құрамдас
бөлігі ретінде білім алушылардың оқу жетістіктері мен қателіктерін ұғынуына,
білім алушының педагогпен өзара қарым-қатынас жасауына, оқуға деген
мотивациясын арттыруға және білім, дағды, біліктің деңгейі жөнінде
идеяландырылған түсініктердің білім алушы әрекетінің
нақты нәтижелерімен
26
саналы түрде салыстыру негізінде білім мазмұнын жақсы меңгеруге ықпал
ететін рубрикалардың рөлі келтірілген. Рубриканы тек БЖБ және ТЖБ
нәтижелері бойынша ғана емес, сондай-ақ тапсырмаларды орындауда қолдану
бағалауды мұғалім мен білім алушы арасындағы конструктивті диалогқа
ауыстырады [13].
Рубрикаторларды құрастыру бойынша зерделенген тәжірибе негізінде
ұсынымдарда жалпы білім беретін мектептердің 5-9 сыныптарының оқу
жоспарлары бойынша
рубрика әзірлеу алгоритмі ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: