215
Литература
1.
Конституция Республики Казахстан 1995 г.
2.
Закон РК “О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан” от 7 октября 1998г.//Каз.
правда, 1998, 8 октября.
4.
Закон РК “о внесении изменений и дополнений в Конституцию РК” от 21 мая 2007г.//Каз.правда, 2007, 22 мая.
5.
Декларация “О государственном суверенитете КазССР” от 25 октября 1990г.
ӘОЖ 339.35.3
ТАУАР НОМЕНКЛАТУРАЛАРЫ МЕН КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Мырхай А. - ЮМ 20-4к
Бекжігітова С. Б. - аға оқытушы,
құқық магистрі
ҚР кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар сыртқы экономикалық қатынастардың тауарлық
номенклатурасы арқылы тауар кодтарының сәйкесінше өткізіледі. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық
номенклатурасы дегеніміз – сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу мақсатында тауарлардың жүйелік тізімі,
бұған тауарлардың толық атауы, қажеттілігі және өлшем бірлігі берілетін кодтар кіреді.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы – цифрлық белгі немесе цифрлық белгілер тобы (
кодтары) түріндегі тауар топтарын, позицияларын, кіші субпозицтяларын қамтитын тауарлар жіктеушісі. Жіктеудің
кезкелген деңгейіндегі
позицияларға ескертулер, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын
түсіндірудің негізгі ережелері Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының ажырамас бөлігі болып
табылады.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы тарифтік және тарифтік емес реттеу ҚР кедендік
статистикасын жүргізу үшін қолданылады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын ҚР үкіметі
бекітеді. ҚР қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының
тауарларды сипаттаумен кодтаудың үйлестірген жүйесіне және ТМД-ның Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай
тауар номенклатурасына сәйкес келеді. ЕврАзЭҚ елдерінің сыртқы экономикалық тауарлық номенклатурасы ТМД
елдерінің тауарлық номенклатурасының негізінде құрылған. Ал ТМД елдерінің сыртқы
экономикалық қызметтің
тауарлық номенклатурасы Гармониялық жүйенің негізінде құрылған. Гармониялық жүйе туралы халықаралық
конвенцияға 1988 жылы 1қаңтарында қол қою күшіне енген бұл құжатқа қосымша болып гармониялық жүйенің
номенклатурасы болып табылады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы Сыртқы экономикалық
қызметті мемлекетті реттеу үшін статистика ақпаратты жинау үшін қолданылады. Сонымен қатар ҚР кедендік шекарасы
арқылы тасымалданатын тауарлар декларациялау мемлекеттік маңызы бар тауарлардың экспортын және импортын
бейтарифтік реттеу шараларын қолдану.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі өклетті орган сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізуді
жүзеге асырады.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі өклетті орган:
1.
Халықаралық ұйымдарда халықаралық негізді әзірлеу, өзгерту, толықтыру, түсіндіру және қолдану бөлігінде
Қазақстандық тараптан өкілдік етеді. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы халықаралық негізінің
өзгерістерімен толықтыруларын, бұл негізді түсіндіру жөніндегі халықаралық анықтаулар мен шешімдерді қадағалауды
қамтамасыз етеді.
2.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру жөнінде
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді,мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп сыртқы
экономикалық қызметтің
тауар номенклатурасын әзірлеу, өзгерту және толықтыру туралы ұсыныстар дайындауды
қамтамасыз етеді.
3.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының эталон данасын әзірлейді және оны сайма-сай
қалыпта ұстап отырады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын, халықаралық түсініктемелермен
халықаралық негізді түсіндіру жөніндегі шешімдердің жариялануын қамтамасыз етеді.
4.
Жекелеген тауарларды жіктеу бойынша орындау үшін міндетті шешімдерді әзірлейді, бекітеді және
жариялауды қамтамасыз етеді. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізуге
қажетті өзге де
функцияларды жүзеге асырады.
Сыртқы экономикалық қызметтің Тауарлық номенклатурасында тауарларды жіктеу, тауарларды декларациялау
кезінде декларант олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодын дұрыс көрсетпеген
жағдайда кеден органы мұндай тауарды өз бетінше жіктеуге құқылы.
Кеден органдарының тауарларды жіктеу жөніндегі шешімдер міндетті болып табылады. Кеден органдарының
шешімдеріне кедендік кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Тауарларды жіктеу кезінде кеден
органдары тауарлар кодтарын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес қолданылады.
Тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ сараптама ұйымдары беретін қортындылар,
анықтамалар, сараптама актілері көмекші (ақпараттық) сипаттама болады және тұлғаларды жіктеу кезінде назарға
алынады. Тұлғаның сұрату бойынша кеден органы осы бөлімге сәйкес тауарлардың
жіктемесі бойынша алдын ала
шешім қабылдайды.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы номенклатуралары ҚР Үкіметімен халықаралық тәжірибеде
қолданылатын тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады.
Преференцияның жалпы жүйесі – даму және сауда жөніндегі БҰҰ конференциясында қабылданған дамушы
елдерден шығатын тауарлар туралы жеңілдетілген кеден режимі.
Кедендік төлем бойынша жеңілдіктер ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік
төлемдердің босату түріндегі жеңілдіктер, сондай-ақ тарифтік преференциялар кедендік жеңілдіктер деп түсіндіріледі.
Кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер Кеден кодексінің 330 және 331 баптарында көзделген жағдайларды
216
қоспаларда, дербес сипатта бола алмайды. ҚР басқа нормативтік құқықтық актілерінен кедендік төлемдер бойынша
жеңілдіктер беруге тиым салынған.
ҚР кедендік төлемдер салудан босату кедендік кодексте жазылып көрсетілген. Кедендік баждарды салудан:
жүктерді, багажбен жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары, сондай-ақ
жол жүру кезінде, аралық аялдама бекеттерінде оларды пайдалануға қажетті немесе осы көлік құралдары апаттарының
зардаптарын жою (ақауларын түзеу) үшін шетелден сатып алынған материалдық техникалық жабдықтау заттары, керек
жарақтар, отын, азық-түлік және де басқа мүліктер босатылады. Ұлттық және шетел валютасы сондай-ақ олардың ҚР
заңдарына сәйкес бағалы қағаздар кедендік баждарды салудан босатылады. Ізгілік көмек ретінде ҚР кедендік аумағына
әкелінетін немесе ҚР
кедендік аумағынан әкетілетін, акцизделетін тауарлардан басқа тауарлар кедендік баждардан
босатылады.
ҚР инвистициялар туралы заңдарына сәйкес тауарлардан кедендік баж салудан босатылады. Кеден баждарын
салудан босату көзделген кедендік режимдер шеңберінде ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және ҚР
көші-қон туралы заңдарына сәйкес кедендік баж салудан босатылатын тауарлар, ҚР салық заңдарына сәйкес
айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдары
желісі бойынша берілген
гранттар қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар кедендік баждан босатылады. Жалпы преференциялық баж
салығы – шеттен әкелінетін тауарлардың барлық немесе жеке топтарын әкелу кезінде бір немесе бірнеше мемлекетке
ерекше қолайлы жағдай жасау үшін мемлекет белгілейтін артықшылығы бар баж салығы.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және ҚР мен кеден одағын немесе еркін сауда
аймағын құратын мемлекеттерде шығатын тауарлар, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттерге ҚР кедендік аумағынан
әкетілетін және ҚР шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Қазақстанның кедендік аумағына
әкелінетін және ҚР ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын тауарлырға
төмендетілген ставка бойынша кеден баждары салынады. Мұндай мемлекеттермен
тауарлардың тізбесін, сондай-ақ
кедендік баждардың ставкасын төмендету деңгейін ҚР Үкіметі айқындайды. Осы кедендік тарифтік преференциялар
Кеден кодексінің 7-тарауында яғни тауарлардың шығарылған елін анықтаудағы көзделген шарттарды сақтаған жағдайда
беріледі.
Кеден тарифтік дамуындағы жаңа кезең – « Кеден тарифтері және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға
сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізіне тарифтік шаралар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: