212
экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай
қатысы жоқ іс-қимыл. Діни террористік топтар өте көп. Және Қазақстан тыйым салынған террористік ұйымдар
жетерлік. Саясаттанушы Ерлан Кариннің зерттеуі бойынша террористік топтарды саараптау нәтижесінде шартты түрде
3 түрге бөлуге болады: «Диверсиялық» (Сырттан арнайы жоспар мен мақсатпен дайындалған адамдар), «Жамағат»
(Діни экстремистік негізде жиналған радикалдар тобы), «Банды» (Көшбасшының немесе басқа бір фактілердің әсерінен
радикалданған қарапайым қылмыстық топ). Қазақстанда көбіне аталған топтарды діни және қылмыстық негіз бойынша
біріккен адамдар құрайды. Террорлық акт жасау үшін олар ұзақ уақыт бойы дайындалып, нысаналарын зерттеп біледі.
Қару-жарақпен өз ұйымдарын қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдары мен полиция учаскелеріне, ҰҚК департа-
менті мен әскери бөлімдерге шабуыл жасайды [3].
Елдегі орын алып жатқан террорлық актілерге сырттағы діни топтардың қатысы бар.
Себебі олар біздің
еліміздегі топтарға үгіт насихат жүргізіп, қылмыстық әрекетке итермелейді. Алайда 2016 жылы Ақтөбе мен Алматы
қаласындағы болған террорлық әрекеттерге сыртқы топтардың еш қатысы болмады. Кез келген елде және кез келген қо-
ғамда радикалдық идеяны ұстанған адамдар тобы болады. Олар өз ішінде әртүрлі жоспар құруы мүмкін. Аталған топтар
халықаралық террорлық ұйымның мүшесі немесе филиалы болмай-ақ, тіпті шетелдік ешқандай топтармен байланыспай-
ақ өз еліне қауіп төндіре алады. Осындай адамдардан келетін қауіп – жүйеленген үлкен топтардан келетін қауіптен
аспаса, кем емес. Өйткені, олардың іс әрекетін алдын ала болжап білу оңай емес. Сол себепті, біз бұрыннан айтып келе
жатқандай, сырттан келетін шабуылмен қатар ішкі радикалдық топтардан келетін қауіпті ескеруіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: