227
Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: «Мұғалім мәңгі
нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын
иесі. Ерік - қайраты күшті, қазіргі заман талабында өмір сүре алатындай мінезге бай жас өспірімдерді қалыптастыру
үшін мұғалімнің өзінің жеке басы сол талаптарға сай болу керек. Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында
алшақтық болмау керек.
Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А. Назарбаеваның «Ұстаздан
ұлағат» атты кітабында: «Тәрбие
дегеніміздің өзі, ең алдымен,баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту сезімді
тәрбиелеу – баланы қоғамдық мәні бар,адамдарға жақсылық әкелетін қылық – қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу
деген сөз. Парасаттылық дегеніміз – адамзатқа қызмет ету»,-деп жазылған.Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтың жас
жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік
ізгі қасиеттердің
жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан
танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық
ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар,тәрбиеші мен
мұғалімнің ролі зор. Яғни,мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік
жүктелген. Тәрбие кезеңдеріндегі оның өзіне тән заңдылықтарын сәтті жаңашыл тұрғыда шығармашылықпен
пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының ең үлкен кепілі болмақ. Қазақстан Республикасының баянды да тәуелсіз
мемлекет болу үшін ұлттық құндылықтар тәрбие арқылы
халық педагогикасынан нәр алып, адами құндылықтардың
барлық саласын бойына сіңірген, таза ұлтжанды азамат керек. Қазақ мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарп ететін,
елін, туып-өскен жерін, тілін, халқының тарихын, дінін, мәдениетін біліп,құрметтейтін
жеке тұлға тәрбиелеу,жалпы
жұртшылық,әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған
Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін
дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, «Менің
Отаным - Қазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысын
жүргізуі міндетті.Ал ұлттық тәрбиеге тікелей ықпал жасайтын білім ордалары, отбасы, қоғам, орта. Сол себепті барша
қауымға, соның ішінде ұстаздар қауымына «елім, туып-өскен жерім, мен Қазақстан Республикасының азаматымын» деп
жүрегі соғатын ұрпақ тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін оқып-үйрену,оны жүзеге асыру міндеті жүктелген.
Ендеше еліміз тәуелсіздікке қолы жеткен қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі негізгі міндет - ұлтымыздың таным
құндылықтарын бойына сіңіріп,салт-дәстүр,әдет-ғұрып мәйегін ұрпақ санасына егу арқылы тәлім-тәрбие беру.Ұстаз
қолында
адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Сол себепті заман талабына сай шығармашылықпен
жаңашылдықпен сан қилы тәрбие жұмыстарын жүргізу - мұғалімнің басты міндеті екенін ұмытпауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: